Меню

Страницы

Статья

Асыраушысынан айрылу бойынша жәрдемақы алу құқығы: мүгедектігі бар адамдарға бала кезінен нені білу маңызды

Бала жасынан мүгедектігі бар адамға асыраушысынан айрылғаннан кейін мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшері қандай жағдайларда ұлғайтылуы мүмкін? Қандай шарттарды орындау қажет және мұндай төлемге құқықты қандай құжат растайды? Заңнаманың негізгі ережелерін түсіндіреміз.

 

Асыраушысынан айрылу бойынша жәрдемақыға кімнің құқығы бар?

Асыраушысынан айрылу бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы қайтыс болған асыраушының оның асырауында болған еңбекке жарамсыз отбасы мүшелеріне тағайындалады.

Мұндай алушыларға, атап айтқанда, қайтыс болған асыраушының 18 жасқа толмаған балалары, бауырлары, қарындастары (сіңлілері, інілері) және немерелері, сондай-ақ егер мүгедектік 18 жасқа толғанға дейін белгіленген болса, балалары, бауырлары, қарындастары (сіңлілері, інілері) және немерелері қатарындағы 18 жастан асқан адамдар жатады.

Бұл ретте 18 жасқа толмаған балаларға асыраушысынан айрылу бойынша жәрдемақы қайтыс болған асыраушының асырауында болу фактісіне қарамастан тағайындалады.

 

Бала жасынан мүгедектігі бар адамдар үшін арнайы ереже

Бала жасынан мүгедектігі бар адамдар үшін заңнамада арнайы әлеуметтік қолдау шарасы қарастырылған.

Егер бала жасынан мүгедектігі бар адам мүгедектік кезеңінде асыраушысынан айрылса, мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының мөлшері асыраушысынан айрылу бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының мөлшеріне ұлғайтылады.

Басқаша айтқанда, бұл жағдайда бір жәрдемақыны екіншісімен ауыстыру туралы емес, мүгедектігі бойынша жәрдемақы мөлшерін асыраушысынан айрылу бойынша жәрдемақының тиісті сомасына ұлғайту туралы сөз болып отыр.

Бұл норма Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 177-бабының 6-тармағында қарастырылған.

 

Басты шарт — асырауында болғанын растау

Бала жасынан мүгедектігі бар адамдар үшін қайтыс болған асыраушының осы адамды асырағанын немесе оған тұрақты әрі негізгі күн көріс көзі болып табылған көмек көрсеткенін растау міндетті шарт болып табылады.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № 257 бұйрығымен бекітілген қолданыстағы Ережелерге сәйкес, мүгедектік кезеңінде асыраушысынан айрылған бала жасынан мүгедектігі бар адамға жәрдемақы тағайындау кезінде кайтыс болған асыраушының асырауында болу фактісін растайтын сот шешімін ұсыну қажет.

 

Жәрдемақы мөлшері қалай айқындалады?

Асыраушысынан айрылу бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшері қайтыс болған асыраушының осы төлемге құқығы бар еңбекке жарамсыз отбасы мүшелерінің санына байланысты болады.

Сондықтан жәрдемақы мөлшерін айқындау кезінде мұндай отбасы мүшелерінің саны ескеріледі.

Бала жасынан мүгедектігі бар адамдар үшін асыраушысынан айрылу бойынша жәрдемақының тиісті сомасы Әлеуметтік кодексте белгіленген тәртіппен мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшерін ұлғайту кезінде ескеріледі.

 

Білу маңызды

Егер бір мезгілде мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны және асыраушысынан айрылу бойынша жәрдемақыны алуға негіздер болса, заңнамада нақты жағдайға байланысты төлемдерді тағайындау ерекшеліктері қарастырылған.

Сондықтан мұндай әлеуметтік қолдауға құқық туындаған кезде төлемді тағайындау үшін уақтылы жүгіну және қажетті құжаттарды ұсыну маңызды.

Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды есептеу, тағайындау, төлеу, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және тағайындау туралы немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешімді қайта қарау тәртібі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № 257 бұйрығымен бекітілген Ережелермен реттеледі.

Дата публикации
02 сентября 2026
Дата обновления
02 сентября 2026
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар
22 октября 2026
Медициналық-әлеуметтік сараптама бойынша мәселелер: жалпы еңбек қабілетінен айырылу
Талдамалық мақала
20 октября 2026
Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеуге арналған жәрдемақы
Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар
15 октября 2026
Медициналық-әлеуметтік сараптама бойынша мәселелер: сырттай-проактивті форматында куәландыру

Социальные медиа

Фейсбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы