Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу мен бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті қызметінің бағыттарының бірі өз өкілеттіктері шегінде мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру болып табылады.
«AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «ХАЛЫҚПЕН БІРГЕ!» - «Ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін инфрақұрылымды жақсарту» 2026 жылдың соңына қарай Стандарттарға сәйкес бейімделген объектілердің үлесі Қолжетімділік картасына енгізілген объектілер санының 80% -ын құрауы тиіс.
Бүгінгі таңда облыс бойынша 1731 нысан паспортталып, Қолжетімділіктің интерактивті картасына енгізілді, оның ішінде 1370 нысан немесе 79% қолжетімді.
Объектілердің бейімделуін қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар қабылдау үшін Департамент аудан және қала әкімдіктеріне тиісті хаттар жіберді.