1.Мүгедектігі бар адам МӘС комисиияның шешіміне қалай шағымдана алады
Шығарылған сараптамалық шешіммен келіспеген жағдайда мүгедектігі бар адамның оған шағымдануға құқығы бар.
Шешімге сараптамалық қорытынды шығарылған күннен бастап үш ай ішінде шағымдануға болады. Ол үшін Мүгедек адам не оның заңды өкілі халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің аумақтық департаментіне не Е-отиниш платформасы арқылы өтініш беруі қажет.
Мүгедектігі бар адамнан өтініш келіп түскеннен кейін комиссиядан өту нысанына қарай ( көзбен-көз немесе сырттай-проактив форматта) шағымдану бойынша куәландыру жүргізіледі.
Көзбен-көз форматта-шағымдануды аумақтық әдіснама және медициналық-әлеуметтік сараптаманы бақылау бөлімі жүргізеді.
Сырттай-проактивті шағым беру кезінде көрсетілетін қызметті алушының тұратын аймағынан тыс жерде экстериториалдық әдіснама және бақылау бөлімі жүргізеді.
3.Шағымдану нәтижелері
Шағымдану нәтижелері бойынша қолайлы не ауыртпалық түсіретін акт қабылданады. Егер мүгедектігі бар адам шағымдану жөніндегі шешіммен келіспесе, ол жоғары тұрған органға немесе сотқа жүгінуге құқылы.