Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша департамент басшысының
2026 жылғы 28 мамырдағы №12-ө бұйрығымен
Б Е К І Т І Л Г Е Н
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің
Павлодар облысы бойынша департаментінің халықты
әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімі туралы
ЕРЕЖЕ
бөлім басшысы- мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторы – 1 бірлік
бас маман- мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторы – 3 бірліктен құралады.
негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары
Өз құзыреті шегінде мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.
Функциялары:
1) өз құзыреті шегінде Министрліктің Стратегиялық және Операциялық жоспарларын, Комитеттің, Департаменттің жұмыс жоспарларын іске асыруға қатысу;
2) мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы қамсыздандыру бөлігінде талаптарды орындау;
3) ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетіне, ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментіне тексерістердің қорытындылары бойынша есептерді беру;
Өз құзыреті шегінде ҚР Әлеуметтік Кодексінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру.
Функциялары:
1) стационар, жартылай стационар, үйде қызмет көрсету және уақытша болу жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсынатын субъектілердің (ұйымдардың) қызметіне қатысты арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
2) әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне мүгедектердің қолжетімділігін қамтамасыз ететін меншік нысанына қарамастан субъектілерге (ұйымдарға) қатысты мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
3) мүгедектердің жеке оңалту бағдарламасына сәйкес оңалту шараларын орындауды жүзеге асыратын субъектілерге (ұйымдарға) қатысты мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
4) халықты әлеуметтік қорғау саласында әкімшілік құқық бузушылық туралы істерді қарау және әкімшілік жазаларды салу;
5) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де міндеттер мен функциялар.
1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен өз құзыреті шегінде халықты әлеуметтік қорғау саласындағы, арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнама талаптарының сақталуы бойынша тексеруді және алдын ала бақылауды жүзеге асыру;
2) басқа мемлекеттік органдармен және меншік нысанына қарамастан өзге ұйымдармен іс-қимылды жүзеге асыру, олардан қажетті мәліметтер мен материалдарды, соның ішінде өзінің бақылау функцуияларын жүзеге асыру үшін сұрату және алу;
3) бөлім құзыретіне кіретін мәселер жөнінде сәйкестік шешімдерді қабылдау;
4) Қазақтан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілігіне, Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетіне және басқа органдарға есептерді, ақпараттарды және басқа материалдарды (бөлім құзыретіне кіретін) құрастыру және уақтылы беру;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
бөлімінің қызметін ұйымдастыру
1) бөлімнің қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
2) Қазақстан Республикасының заңдарына және Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
1) өз өкілеттіктері шеңберінде бөлімнің қызметін үйлестіреді;
2) бөлімнің басшысы- МӘҚИ болмаған кезде бөлімге жалпы басшылықты жүзеге асырады және бөлімге жүктелген міндеттерді орындауға және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;
3) департамент басшылығы жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Танысқандар:
Бөлім басшысы- МӘҚИ Сакиева Г.Ж. _______________
Бөлімнің бас маманы- МӘҚИ Базенова А.М. _______________
Бөлімнің бас маманы- МӘҚИ Айдаркенова Ж.Қ. _______________
Бөлімнің бас маманы- МӘҚИ Каримов С.Н. _______________