Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменттің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі туралы ЕРЕЖЕ

 

«БЕКІТЕМІН»

Халықты әлеуметтіқ қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің

Павлодар обласы бойынша

департамент басшысы-МӘҚБИ

__________________ А.Мұхамедова

16.09.2024 жылғы  № 1547-нқ бұйрығы

 

 

Халықты әлеуметтік қорғау саласындығы реттеу және бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша  департаментінің  №1 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі туралы

ЕРЕЖЕ

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындығы реттеу және бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындығы реттеу және бақылау комитетімен келіскеннен кейін департамент басшысымен бекітіледі.
  4. Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі тікелей департамент басшысының әлеуметтік мәселелері бойынша орынбасарына тікелей бағынады.

 

  1. Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің

негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары

 

  1. Міндеті:

Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.

Функциялары:

1) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, жасына байланысты зейнетақы төлемдерің, арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны, мемлекеттік арнайы жәрдемақыны, бала тууына байланысты тағайындалатын және төленетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақыны, бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен мараптталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға,  мүгедектігі бар баланы (мүгедектегі бар балаларды) тәрбиелейп отырған анасыс немесе әкесіне, асырап алушыға, қамқоршысына (қорғаншысына), төрт және одна да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе)  жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін жоғары оқу орындарында күндізгі оқуда оқитын балалары бар, олар білім беру ұйымдарында оқуын бітіргенге   (бірақ жиырма үш жастан аспағанға) дейін жәрдемақы, капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан торатылған заңды тұлғалалардың қызметкерлердің өмірі мен денсаулығынды келтірілген зиянды өтеу жөніндегі жәрдемақы түрендегі Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынға төлем, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға, саяси қуғын-сүргін құрбандарына берілетін біржолғы ақшалай өтемақы, жерлеуге берілетін біржолғы төлем, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомасы мен әлеуметтік аударымдардың сомасы арасындағы, міндетті кәсептік зейнетақы жарналарының инфляция деңгейін ескере отырып, сомасы зейнетақы жинақтарын алу құқығына ие болған сәттегі зейнетақы төлемдеріне құқықты иеленуі кезіндегі зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырманы, бала бір жарым жасқа толғанна кейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда әлеуметтік төлемді алушыларға міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидиясын тағайындау (өзгерту, қалпына келтіру, тағайындаудан бас тарту) туралы     шешім қабылдау;

2) Мемлекеттік корпорацияның бұрын белгіленген зейнетақы және әлеуметтік төлемдер мөлшерін өзгерту туралы ұсынысы бойынша істерді қайта қарау;

3) зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді  тағайындау үшін қажетті құжаттардың дұрыстылығын тексеру;

4) зейнетақылар, жәрдемақылар тағайындау жөнінде есептер мен хабарламаларды, Министрлікке белгіленген мерзімде дайындау және ұсыныс жасау;

5) әлеуметтік қамсыздандыру саласында заңнаманың бұзушылықтарын, жалған мәліметтерді берілуімен байланысты бұзушылықтарын анықтау жөнінде құқық қорғау органдарына жәрдемдесу;

6) анықталған қателер мен бұзушылықтарды есепке алу және бұзушылықтардың себебін талдау, қорытындылау;

7) Министрліктің тапсырмасы бойынша өз құзыретінің шегінде нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру жөнінде ұсыныстарды дайындау;

8) Министрліктің Стратегиялық және Операциялық жоспарларын және Комитеттің жұмыс жоспарын іске асыруға қатысу.

 

  1. Міндеті:

Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру саласында азаматтардың құқықтарын жүзеге асыру шеңберіңде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу. 

Функциялары:

1) бюджет қаражаты есебінен зейнетақы және әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу мәселелері жөнінде түсіндірме;

2) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпті жеке және  заңды  тұлғалардың өтініштерін қарау;

3) Мемлекеттік корпорацияның бөлімшелеріне әлеуметтік төлемдер тағайындау үшін істерді дайындау жөнінде ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсету.

 

 

  1. Міндеті:

Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де міндеттер мен функциялар.

 

  1. Бөлімнің құқықтары мен міндеттері:

1) басқа мемлекеттік органдармен және меншік нысанына қарамастан өзге ұйымдармен іс-қимылды жүзеге асыру, олардан қажетті мәліметтер мен материалдарды, соның ішінде өзінің бақылау функцияларын жүзеге асыру үшін сұрату және алу;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен талдау жұмысын қамтамасыз етуге және бөлемге жүктелген мәндеттер мен функцияларды орындауға қажетті құжаттар мен ақпараттық сипаттағы анықтамаларды жергілікті атқарушы органдардан, жеке және заңды тұлғалардан сұрату және алу;

3) бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелерді талқылау жөніндегі комиссиялар мен жұмыс топтарының жұмысына қатысу;

4) бөлімнің қызметінде қолданылатын нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;

5) бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдер қабылдау;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделерін сақтау;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру;

8) бөлім жұмысын жетілдіру жөнінде ұсыныстарды енгізу;

9) зейнетақымен қамтамасыз ету және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы заңдылығын бұзуын анықтаған кезде, материалдарды құқық қорғау органдарына тиісті шара қолдану үшін жіберу;

10) бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша семинарлар жүргізу;

11) 3ейнетақы және әлеуметтік төлемдер тағайындау мәселелері бойынша сотта сөз сөйлеу;

12) Азаматтармен зейнетақылар, жәрдемақыларды  тағайындау үшін әкелінген  құжаттардың  дұрыстығын  тексеруді ұйымдастыру (ынталану).  

 

  1. №1 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің қызметін ұйымдастыру

 

  1. №1зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.
  2. №1 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бөлім басшысы басқарады.
  3. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы болмаған кезіңде  зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас мамандарының бірі алмастырады.  
  4. зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы бөлімнің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.
  5. Бөлім басшысы департамент басшысына бөлімнің құрылымы мен штаттық кестесі бойынша ұсыныстар береді.
  6. Бөлім басшысы осы мақсатта:

1) бөлімнің қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

2) Қазақстан Республикасының заңдарына және Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

  1. № 2 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімнің басшысының міндеттері уақытша жүктелген әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы:

1) өз өкілеттіктері шеңберінде бөлімнің қызметін үйлестіреді;

2) бөлімнің басшысы болмаған кезде бөлімге жалпы басшылықты жүзеге асырады және бөлімге жүктелген міндеттерді орындауға және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;

3) мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің басшылығы жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

  1. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бөлімнің атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға бөлімнің басшысы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.

 

положение
Дата публикации
22 июня 2020