Медициналық-әлеуметтік сараптаманың әдіснама және бақылау бөлімінің негізгі міндеттері мен функциялары
Мүгедектік топтарының және еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесінің және олардың себептерін белгілеуінің, мүгедектерді оңалтудың, оңалту жеке бағдарламаларының, өзінің еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде жарақат немесе басқа да денсаулық зақымын алған қызметкердің көмектің қосымша түрлеріне және күтімге қажеттілігін анықтау, дұрыстығы мен негізділігіне бақылауды жүзеге асырады.
Бастапқы медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерінің қорытындыларын шағымданған тұлғалардың медициналық-әлеуметтік сараптамасын өткізу, сонымен қатар бақылау тәртібінде бастапқы медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерінің қорытындыларын тексеру; бұл қорытындылар негізсіз болған жағдайда, олардың күшін жоюын жүзеге асыру және өз қорытындыларын шығару.
Күрделі (даулы) жағдайларда бастапқы медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерінің жолдамалары бойынша науқастар мен мүгедектердге консультацияларды жүзеге асыру.
Медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімідерінің негізгі міндеттері мен функциялары
Себептерін, мерзімін, туындаған уақытын анықтауымен мүгедектікті және еңбек қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу.
Мүгедектердің оңалту жеке бағдарламаларын әзірлеу және олардың орындалуына мониторинг жүргізу.
Еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарумен байланысты жарақат немесе денсаулығының өзге де зақымдануды алған қызметкердің қосымша көмек түрлеріне және күтіміне қажеттілігін белгілеу.