
Келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Маңғыстау облысы бойынша – «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» департаментінен төленетін мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерінің, зейнетақы төлемдерінің, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың, арнаулы мемлекеттік жәрдемақының, мемлекеттік арнайы жәрдемақының, бала тууға және оның күтіміне берілетін жәрдемақыны, мүгедек баланы тәрбиелеуші адамға берілетін жәрдемақыны, саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына, Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы ақшалай өтемақы, жерлеуге берілетін біржолғы төлемдер, регресшілерге берілетін ай сайынғы төлемдердің уақтылы және толық төленуіне бақылауды жүзеге асыру;
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін еңбек ету қабілетінен айырлу жағдайында, асыраушысынан айрылу жағдайында, жұмысынан айырлу жағдайында, жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айрылған жағдайда, бала 1 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда әлеуметтік төлемдерді, өтемақыларды уақытылы және толық тағайындалуына және аударуына тексеру жүргізу;
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен Қордың қызметіне ішкі бақылауды жүзеге асыру;
Бюджет қаражаты есебiнен және Қордан төленетін зейнетақы мен әлеуметтік төлемдерді алушылардың саны және сомалары туралы деректер жинауды ұйымдастыру;
Медициналық-әлеуметтік мекемелер мен басқада әлеуметтік қызмет көрсететін мекемелерде мүгедектердің сапалы, толыққанды және өз мерзімінде қызмет алуына тексеру жүргізу;
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» заңнамасында көзделген мүгедектердің әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне кіріп-шығуына бейімдеу жұмыстарына тексеру жүргізу.
Белгіленген тәртіппен басқа мемлекеттік органдармен және ұйымдармен байланысты жүзеге асыру, олардан қызметі үшін қажетті мәліметтер мен материалдарды сұрату және алу;
Азаматтардың жеке қабылдауын жүргізу, заңнамамен белгіленген мерзімде және бөлімінің құзыретіне жататын мәселелері бойынша шағымдарды, арыздарды және сұрауларды сапалы және уақытында қарау.