Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен 2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап пилоттық режимде Отбасының цифрлық картасын енгізу басталды.
Іс жүзінде «Отбасының цифрлық карта»- бұл əлеуметтік мəртебесіне байланысты, кепілдендірілген мемлекеттік қолдаудың қандай да бір түрін алу құқықтары туралы ақпарат беретін азаматтардың күн сайынғы «электрондық хабарлаушысы және ол көрсетілетін мемлекеттік қызметтің проактивті форматының тағы бір жаңа құралы.
Яғни, мемлекет азаматқа ақпараттық жүйе арқылы тиісті органдарға жүгінбей-ақ мемлекеттік қолдаудың қандай да бір түрін алуды өзі ұсынатын болады.
«Отбасының цифрлық картасы»- қалай жұмыс істейді?
Бастапқы кезеңде мемлекеттік органдардағы ақпараттық жүйелердің деректері негізінде отбасылардың əл-ауқат деңгейі мен оларға тиісті мемлекеттік қолдау шараларын айқындау бойынша жұмыс жүргізілді.
Қазірдің өзінде цифрлық картада отбасы жəне оның мүшелері туралы деректер қамтылып «отбасы портреті» қалыптастырылды.
Карта деректері отбасы жəне оның мүшелері мəртебесінің өзгеруіне қарай жаңартылып отырады.
Мемлекеттік қолдау шараларын алу құқығы белгіленген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуге келісім алу үшін əлеуетті алушыға СМС-хабарлама жіберіледі.
Келісім алғаннан кейін – əлеуметтік жəрдемақы, төлемдер немесе мемлекеттік қолдаудың басқа түрлері тағайындалып, кейін алушының банк шотына аударылады.
Жоба кезең- кезеңімен жүзеге асырылатын болады.
2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап жəрдемақы мен əлеуметтік төлемдердің 9 түрі бойынша жаңа форматта қызмет алу мүмкіндігі ұсынылды;
2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап тізбе əлеуметтік қорғау саласындағы қызметтермен кеңейтілетін болады.
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап денсаулық сақтау жəне білім беру салаларындағы мемлекеттік кепілдіктер енгізілетін болады.
2025 жылдан бастап мемлекеттік кепілдіктердің барлық түрлері қамтылатын болады.