Меню

Страницы

Статья

Уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы

Уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін мемлекеттік және мемлекеттік емес меншік нысанындағы ұйымдарда белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдардың және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған немесе пробация қызметінде есепте тұрған адамдардың тәулік бойы уақытша тұруына (бір жылға дейін) немесе уақытша болуына (тәуліктің түнгі уақытында) арналған.

Уақытша болу ұйымдарында бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету қызмет алушылардың өтініші бойынша немесе қызмет алушының нақты орналасқан жері бойынша ауданның, облыстық және Республикалық маңызы бар қаланың (астананың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің, денсаулық сақтау, ішкі істер саласындағы уәкілетті органдардың жазбаша жолдамасы бойынша жүзеге асырылады.

Жоғалтылған әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіргісі келетін қызметтерді алушылардың уақытша болу ұйымында тәулік бойы тұру ұзақтығы бір жылдан аспайды.

Уақытша болу ұйымына жүгінген, бірақ қаңғыбастық өмір салтын өзгерткісі келмейтін адамдарға тәуліктің түнгі уақытында (жылдың жазғы уақытында сағат 21.00-ден 9.00-ге дейін, қысқы уақытта сағат 18.00-ден 10.00-ге дейін) ыстық тамақпен қамтамасыз етілмей койка орын беріледі.

Қызметтерді алушылардың жеке қажеттілігін бағалау негізінде уақытша болу ұйымының мамандары жоғалтылған әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіргісі келетін әрбір қызметтерді алушыға ресоциализация туралы шарт әзірлейді. Шарт қызметтерді алушыны уақытша болу ұйымының мамандары ол түскен күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде бақылағаннан кейін әзірленеді және кейінгі екі жұмыс күні ішінде қызметтерді алушымен жасалады.

Шартта арнаулы әлеуметтік қызметтердің көрсетілетін көлемі мен түрлері, уақытша болу ұйымы мен қызметтерді алушының құқықтары мен міндеттемелері көрсетіледі.

Қызметтерді алушыларды білім беру ұйымында оқыту үшін бір жылға дейінгі мерзімге жіберу туралы шешімді уақытша болу ұйымы тәртіпаралық комиссиясының қорытындысын есепке ала отырып және қабылдаушы тараптың қызметтерді алушыларға оқу кезеңінде тұрғын үй алаңын (жатақхана) беру туралы жазбаша міндеттемесі болған кезде уақытша болу ұйымының әкімшілігі қабылдайды.

Білім беру ұйымында оқуды табысты аяқтаған қызметтерді алушылар одан әрі әлеуметтік оңалту үшін уақытша болу ұйымына қайтарылады.

Егде тартқан жасына, бірінші, екінші топтағы мүгедектігіне байланысты өзіне-өзі қызмет көрсетуі, қозғалуы қиын қызметтерді алушылар медициналық ұйымның және мүгедектігі бар адамның абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес қарттарға, мүгедектігі бар адамдарға және он сегіз жастан асқан адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынатын стационарлық үлгідегі ұйымға қабылданады.

Уақытша болу ұйымында тұруға медициналық қарсы көрсетілімдері болған кезде қызметтерді алушылар денсаулық сақтаудың тиісті ұйымдарына жіберілуге тиіс.

Қызметтерді алушыларды уақытша болу ұйымынан шығару  қызметтерді алушының жазбаша өтініші, қызметтерді алушылардың тұрғын үй аумағы және өмір сүруге қаражаты болған жағдайда, шарт бұзылған немесе қолдалану мерзімі аяқталған жағдайда, шарт талаптары мерзімінен бұрын орындалған жағдайда, қызметтерді алушы қайтыс болған жағдайда жүзеге асырылады.

Қызметтерді алушылар ішкі тәртіп қағидаларын тұрақты (үш реттен артық) түрде бұзған, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды әкелген және қабылдаған, тауарлық-материалдық құндылықтарды және өзге мүлікті бүлдірген, құқыққа қарсы әрекеттер жасаған, сондай-ақ қызметтер алушыда құмар ойындарға немесе бәс тігуге қатысуға шектеу болған жағдайда, уақытша болу ұйымында болуға медициналық қарсы көрсетілімдер анықталған кезде,  қызметтерді алушы уақытша болу ұйымы әкімшілігін хабардар етпей, уақытша болу ұйымы аумағынан өз бетімен шығып кетіп, үш тәуліктен астам уақыт бойы болмаған жағдайларда, өзі туралы әдейі жалған ақпарат ұсынған жағдайда, қызметтерді алушы шарт талаптарын орындамаған жағдайда шығарылуға жатады.

  Уақытша болу ұйымы аумағынан шығып кеткен адам жалпы негізде қайта келтіріледі, ал дәлелді себептер (ішкі істер органдарының ұстауы, денсаулық сақтау ұйымында болу) бойынша ол жөнінде хабардар етуге мүмкіндігі болмаған адам дереу қайта қабылданады.

Шығару немесе басқа уақытша болу ұйымына ауыстыру кезінде қызмет алушыларға жеке және маусым бойынша бекітілген киім мен аяқ киім, уақытша болу ұйымында сақталатын олардың құндылықтары (құжаттары) беріледі.

Қызмет алушыларды шығару, шығару немесе басқа уақытша болу ұйымына ауыстыру уақытша болу ұйымы басшысының бұйрығы негізінде жүзеге асырылады және “Е-собес” ААЖ-ға белгі қойылады.

Дата публикации
26 сентября 2022
Дата обновления
26 сентября 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

29 сентября 2026
Әлеуметтік өзгерістер
29 сентября 2026
Инклюзия
29 сентября 2026
Жұмыспен қамту

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы