Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы жетілдіру мақсатында "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңға, "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларына, сондай-ақ сынақ мерзімінен өтудің қағидалары мен шарттарына және тәлімгерлерді бекіту тәртібіне және Мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша басқа да заңнамалық актілерге бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Негізгі өзгерістердің ішінде-азаматтардың жалпы конкурсқа қатысу үшін ұсынатын құжаттарының санын сегізден үшке дейін қысқарту, кандидаттарды мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметіне әңгімелесуге жіберу үшін жауапкершілікті жүктеу, байқаушы ретінде конкурстарға қатысуға құқығы бар адамдар тобын кеңейту – бүгінде еліміздің 18 жасқа толған кез келген азаматы байқаушы бола алады, конкурстық комиссияның рұқсат етілген ең төменгі құрамының үш адамға дейін қысқаруы, конкурстық комиссияның негізгі құралдардан басқа кандидаттарды іріктеудің өзге де құралдарын қолдану мүмкіндігі, мысалы, жобаны қорғау, таныстыру, әңгімелесу барысын бейнежазба арқылы тіркеу, кандидаттармен қашықтықтан байланыс құралдарын қолдана отырып әңгімелесуден өту мүмкіндігі; кандидат келіскен жағдайда интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілерде әңгімелесуді онлайн-трансляциялауды жүргізу, облыс, қала және астана әкімінің аппараттары аудандар әкімдерінің орынбасарлары, жергілікті атқарушы органдар басшыларының орынбасарлары лауазымдарына конкурстар өткізу.
Барлық өзгерістер мемлекеттік лауазымдарға конкурстық іріктеу рәсімін жаңғыртуға және оның барынша ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған.