Меню

Страницы

Статья

Ақпарат (ҚР Президентінің 01.09.2022ж. Қазақстан халқына Жолдауында қаралған зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру және балалы отбасыларды қолдауды күшейту шаралары туралы)

ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың 01.09.2022ж. Қазақстан халқына Жолдауында зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру бойынша жаңа шаралар топтамасы ұсынылды.

         

Әйелдер зейнеткерлікке 61 жаста шығады. 

 

 2023 жылдан бастап әйелдердің зейнеткерлік жасын жоспар бойынша арттыруды 61 жас деңгейінде 5 жылға дейін тоқтата тұру.

Бұл шара коронавирус пандемиясының азаматтардың денсаулығы мен өмір сүру ұзақтығына теріс әсер еткенін ескере отырып қабылданды.

Сондықтан алдағы 5 жыл ішінде денсаулық сақтау жүйесін жақсарту жөнінде шаралар қабылданатын болады.

Бұл ретте, ауыл медицинасына, азаматтардың денсаулығын қалпына келтіруге және қолдауға бағытталған оңалту орталықтары желісін құруға, сондай-ақ кеңейтуге ерекше назар аударылатын болады.

 

Қазақстанда зейнетақы төлемдері өседі.

 

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2027 жылға дейін ең төменгі базалық зейнетақы мөлшерін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-ынан 70%-ына дейін, ең жоғарғысын – тиісінше 100 %-дан 120 %-ға дейін кезең-кезеңімен жеткізу. 

Осы кезеңде базалық зейнетақы мөлшері орта есеппен 51%-ға дейін артатын болады.

Бұл ретте, базалық зейнетақының орташа мөлшерінің жыл сайынғы өсуі шамамен 13%-ды құрап, барлық 2 млн. зейнеткерді қамтиды.

 

Ұсынылып отырған шаралар 2025 жылға қарай жиынтық зейнетақыны орта есеппен 27%-ға өсіруге (3 жыл ішінде – 109 мыңнан 138 мың теңгеге дейін) және жиынтық зейнетақыдағы мемлекеттік төлемдердің үлес салмағын арттыруға мүмкіндік береді.

Осылайша, мемлекет қарт адамдар арасында кедейліктің өсуіне жол бермеу үшін шаралар қабылдайды.

 

 

 

 

Балалы отбасыларды қолдау шараларын күшейту бойынша:

 

Қазіргі уақытта балалы отбасыларды қолдаудың қолданыстағы моделі мемлекеттік жәрдемақылар мен төлемдердің 6 түрін қамтиды.

Жаңа Әлеуметтік кодекстің жобасында да осы әлеуметтік қолдау шараларының барлығы толық сақталған.

Оған қоса, балалы отбасының жекелеген санаттарын қолдаудың қолданыстағы шараларын күшейтуге бағытталған бірқатар жаңалықтар енгізілуде.

Ең негізгілерінің бірі – бала күтімі бойынша жәрдемақы төлеу мерзімін бір жылдан бір жарым жасқа дейін ұлғайту.

Аталған норма жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін ата-аналарға да қолданылады.

Бұл құқықты жарты миллионға дейін ата-ана пайдаланатын болады.

Бала күтімі бойынша жәрдемақы алуға үміткер әрбір ата-ана оның әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі неғұрлым көп болса, төлем мөлшері соғұрлым жоғары болатынын білуге тиіс.

Бұл төлем бүгінде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударымдар жүргізілген табыстың 40%-ын құрайды.

Ал, жұмыс істемейтін немесе бала туылғанға дейінгі соңғы екі жылда 6 айдан кем жұмыс өтілі бар ата-аналар жәрдемақы мен төлемдерге тек мемлекеттік бюджеттен ғана үміткер бола алады. 

Екінші. Бүгінде, бала күтімін атқаратын ата-ана еңбек қызметін қайта бастаған жағдайда, бала күтіміне төленетін жәрдемақы тоқтатылуы қажет.

Жаңа Әлеуметтік кодекс жобасы бойынша осы санаттағы отбасыларды қолдау үшін төлемдер тоқтатылмайды және республикалық бюджеттен төленетін жәрдемақы мөлшеріне сәйкес төленеді.

Дата публикации
02 сентября 2022
Дата обновления
02 сентября 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

29 сентября 2026
Әлеуметтік өзгерістер
29 сентября 2026
Инклюзия
29 сентября 2026
Жұмыспен қамту

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы