Меню

Страницы

Статья

АНЫҚТАМА ( Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен 2022ж. 7 ай қорытындысымен атқарылған жұмыстар туралы)

Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен  2022 ж.  7 айда халықты зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыруда, медициналық – әлеуметтік сараптама жүргізуде, мүгедектерді әлеуметтік қорғау және арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнаманың сақталуын бақылауда бірқатар жұмыстар атқарылды.

 

Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру саласы бойынша:

 

Облыс бойынша  2022 ж. 7 айда республикалық бюджеттен 259439 адамға жалпы сомасы 85,3 млрд. теңге зейнетақы және әлеуметтік жәрдемақы төленген (2021 ж. 7 айда 250656 адамға 77,5 млрд.теңге төленген).

Инфляция деңгейін ескере отырып, «2022-2024жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңына сәйкес, жасына байланысты зейнетақы, мемлекеттік базалық зейнетақы және жәрдемақылардың барлық түрлерінің мөлшері артуына байланысты, облыс аумағында 2022ж. 1 қантардан бастап 238,4 мыңнан  және сәуір айынан бастап 243,7  мыңнан аса зейнетақы және жәрдемақы  алушылардың төлем мөлшері  жыл көлемінде 2 рет қайта есептелінді.

Есепті мерзімде Республикалық бюджеттен төленетін зейнетақы және әлеуметтік жәрдемақы тағайындауға қатысты 14 мемлекеттік қызмет түрі бойынша, 64940  қызмет  алушыға мемлекеттік қызмет көрсетілді, сәйкесінше  64940 іс-макеттері бекітілді (өткен жылғы 7  айда  58897 болып, 6043-ке  немесе 9,3 % көбейген).

Тағайындалған зейнетақы мен жәрдемақылардың 32117 жаңадан рәсімделді (өткен жылғы осы кезеңде 746-ға  немесе 2,3 % көбейген (31371) .

Аталған кезеңде 32823 іс-макеті қайта қаралды,  2021 ж. 7 айында бұл көрсеткіш 27526 болған, яғни қайта қаралған макеттер саны 5297-ге немесе 16,1 % көбейген .

1504 іс-макеттері бойынша зейнетақы және жәрдемақы тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылданған (2021 ж. 7 айда 1687  іс бойынша  тағайындаудан бас тартылған). Яғни, биыл тағайындаудан бас тартылған істер саны 183-ке немесе 10,8 % азайған .

Тағайындаудан бас тартуға 1484 іс (98,7%) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы инфляция деңгейі ескерілген міндетті зейнетақы жарналарының сомасынан артық болуы себеп болған.

Қалғандарына 20 (1,3%)іс құжаттарының толық болмауынан бас тартылған.

1307 іс-макет толықтыруға кері қайтарылған, оның 1204-жаңадан тағайындалған  103 қайта қаралған  зейнетақы және жәрдемақы істері бойынша кері жолданған, бұл осы кезеңде бекітілген барлық іс-құжаттардың 2,0 % құрайды (64940).

Кері қайтарылған макеттердің басым бөлігі зейнетақы төлемдері (1184) мен көпбалалы  отбасыларға  берілетін жәрдемақылар (95), қалғаны (28) басқа төлемдер.

2021 ж. 7 айында кері қайтарылған макеттер саны 826 болған, бұл барлық іс-макеттің 1,4% (58897) құраған.

 Бұл макеттердің басым бөлігі зейнетақы төлемдері (748) мен көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақылар (65), қалғаны (13) басқа төлемдер болған .

Бұл құжаттарды кері қайтаруға еңбек кітапшаларында түзетулердің орын алуы, жазбаларда мекеме мөрінің бедері оқылмауы, көрінбеуі,1992 ж. кейін жұмыстан босатылғандығы туралы мәліметті Қазақ ССР мөрімен куәландырылуы, қосымша растайтын құжаттар қажет етілуі, т.б. себептер негіз болған.

2022ж. арналған жұмыс жоспарына сәйкес, зейнетақы, жәрдемақы және әлеуметтік төлемдердің уақытылы төленуін және халыққа уақытылы қызмет көрсетілуін анықтау мақсатында «Е-Макет» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіндегі(бұдан әрі- ААЖ)және Орталықтандырылған дерекқордағы (бұдан әрі-ОДҚ), мүгдектігі бар адамдардың орталықтандырылған дерекқордағы(бұдан әрі-МОДҚ) мониторингтер жүргізілді.

Мониторинг қорытындысы бойынша анықталған кемшіліктерді  жою  және алдағы уақытта болдырмау жөнінде тиісті шаралар қолдану үшін  «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалына (бұдан әрі-Филиал) 5 ақпараттық (14.02.22ж.  №05/102-И; 29.03.22ж. №-05/197-И); 20.04.22ж. №-05/267-И); 09.06.22ж. №05/381-И; 05.07.22ж. №05/462-И)  хат жолданды.        

 

Медициналық- әлеуметтік сараптама жүргізу саласы бойынша:

 

2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша облыс аумағында 31614 мүгедектігі бар адамдар тіркелген (оның ішінде, I топтағы -3459, II топтағы-10474, III топтағы-11941 адам, 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар-5740).

Облыс бойынша 31614 мүгедектігі бар адамдардың жас аралық құрылымы: еңбекке жарамды жастағылар-18884, 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар-5740, зейнеткерлік жастағылар-6990. Жалпы халық саны бойынша мүгедектігі бар адамдардың үлестік салмағы-3,8%.

             Департаменттің медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі-МӘС) бөлімдерімен 2022ж. 7 айда 6836 қызмет алушыларға мүгедектік тағайындауға қатысты мемлекеттік қызмет көрсетілді (2021ж.7 айда  – 6331 немесе 8,0%-ға өскен).

             Аталған кезеңде 1472 қызмет алушыға алғаш рет мүгедектік тобы тағайындалған (2021ж. 7 айда -1314 немесе 158 адамға көбейген).

             Есепті мерзімде 10 мың адамға шаққандағы алғашқы мүгедектіктің қарқынды көрсеткіші 17,7% құраған (2021ж.7 айда-15,9%).

             Алғаш рет мүгедектік тағайындалған 960 ересек адамдардың-763 (79,5%) - жұмысқа жарамды жастағылар, 197 (20,5%) - зейнеткерлер құрайды.

             18 жасқа дейінгі балалар арасында мүгедектікке 512 бала шыққан, былтырғы 7 айда бұл көрсеткіш 453 болған, яғни есепті кезеңде 59 балаға көбейген.

             Ересектер арасында алғашқы мүгедектікке шығудың нозологиялық құрылымы бойынша өткен жылдармен салыстырғанда 2022 жылғы 7 айда:

               бірінші орында – 240, қан айналымы жүйесі ауруларының салдарлары, өткен жылмен салыстырғанда төмендеген 25,0 % (2021ж.7 ай-27,6%);

              екінші орында–186, қатерлі ісіктер аурулары өткен жылмен салыстырғанда 20,2%-ден 19,4%-ға төмендеген;

үшінші орында –127 көз аурулары 13,1%-дан 13,2%-ға өскен;

төртінші орында – 121 жарақаттар (12,6%) өткен жылмен (9,5%) салыстырғанда өскені байқалады.  

18 жасқа дейінгі балалар арасында алғашқы мүгедектікке шығудың нозологиялық құрылымы бойынша өткен жылғы есептік кезеңмен салыстырғанда:

 бірінші орында – 171, жүйке жүйесі ауруларының салдарынан алғашқы мүгедектікке шыққандардың үлестік салмағы 31,1%-дан 33,4%-ға  өскен;

    екінші орында – 156, «туа біткен даму ақаулары, деформация және хромосомдық ауытқулар» салдарларынан танылған мүгедектігі бар балалардың үлестік салмағы 34,0%-дан 30,5%-ға төмендеген;

 үшінші орында – 37, тыныс алу органдарының аурулары – 6,0%-дан 7,2%-ға өскен;

төртінші орында– 24, эндокриндік аурулар, тамақтану және зат алмасудың бұзылуы аурулары 4,4%- дан 4,7% -ға өскені байқалады.

             2022ж. 7 айда 4370 мүгедек, оның ішінде 2811 ересек адам, 1559 мүгедек-бала қайта куәландырудан өткен.

             Қайта куәландырудан өткен 4370 мүгедектігі бар адамдардың арасынан 303 адам толық оңалған, бұл көрсеткіш 6,9% құрайды.

             2021ж. 7 айда қайта куәландырудан өткен 4219 мүгедектігі бар адамдар арасынан 339 адам (8,0%) толық оңалған.

             Яғни, бұл көрсеткіш 1,1% -ға төмендеген.

             Есепті мерзімде қайта куәландырудан өткен мүгедектігі бар адамдардың 189 (13,4%) жартылай оңалтылған.

             2021ж.  7 айда – 213 (15,9%) мүгедектігі бар адам жартылай оңалтылған, сәйкесінше бұл көрсеткіш 2,5%-ға төмендеген.

             Мүгедектік топты жоғарылату көрсеткіші 6,5% құрады.

             2021ж. 7 айда бұл көрсеткіш 5,6% құраған, яғни биылғы 7 айда 0,9%-ке өскен.

             ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Е-Собес» автоматтандырылған ақпараттар жүйесі мәліметтеріне сәйкес, 01.08.22ж. жағдай бойынша әзірленген ОЖБ-ға сәйкес, облыс аумағындағы мүгедектерді оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз етудің орындалуы 76,3% құрады (Республика бойынша 67,1%), оның ішінде протездік-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету 42,0%, сурдотехникалық көмек 75,1%, тифлотехникалық құралдармен қамтамасыз ету 81,0%, кресло-арбамен қамтамасыз ету 79,5% болса, санаторлық- курорттық емделу 48,1%, міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету 94,2%, жеке қызметшінің әлеуметтік қызметі 98,7%, ымдау тілі маманының қызметтерінің орындалуы 95,4% құраған.

             12.10.2021ж. бекітіліп, 24.10.21ж. қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» туралы Заңына сәйкес, 2022ж. 7 айда МӘС бөлімдерімен 837 балаға «жеті жасқа дейінгі мүгедек балалар» мүгедектік себебімен «мүгедек бала» санаты және 1140 балаға, оның ішінде 97 балаға «бірінші топтағы «мүгедек бала» санаты, 163 балаға екінші топтағы «мүгедек бала» санаты, 880 балаға үшінші топтағы «мүгедек бала» санаты «жетіден он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балалар» мүгедектік себебімен белгіленді.

              

             Есепті кезеңде 6836 тұлғаға көрсетілген «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе әлеуметтік қорғау шараларына қажеттілігін айқындау» мемлекеттік қызмет бойынша  Әдіснама және бақылау бөлімінде шағымдану және бақылау мақсатында жүргізілген қайта куәландыру қорытындыларымен 24 (0,4%) жағдайда бастауыш бөлімдердің сараптамалық қорытындылары өзгертілді.

             ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін проактивті сырттай көрсетудің пилоттық жобасын іске асыру туралы» 14.06.21ж. бекітілген бұйрығына сәйкес, 15.11.21ж. бастап Департаменттің МӘС бөлімдері аталған мемлекеттік қызметті проактивті сырттай көрсетуде.

             01.01.22ж–31.07.2022ж. аралығында 1416 тұлғаға медициналық-әлеуметтік сараптама проактивті сырттай жүргізілген, бұл осы мерзімде жүргізілген жалпы 6842 куәландыру санының 20,7%, ал, пилоттық жобаға сәйкес нозологиялар бойынша сырттай куәландыруға жататын 1982 куәландыру санының 71,4% құрайды. Республикалық көрсеткіш 22,0% құрайды.

                 01.08.22ж. жағдай бойынша Қызылорда облысы «Өңірлер бойынша сырттай куәландыруға берілген өтінімдер көрсеткіші» бойынша 20% деңгейде тұрған өңірлер қатарында.

             Облыс бойынша 2022ж. 7 айда сырттай куәландыруға нозологиялар бойынша барлығы 1982 өтініш келіп түскен, оның 1416 бойынша куәландыру өткізілген, әртүрлі себептермен негізсіз жолданған 149 өтініш кері қайтарылған, 15 өтініш бойынша оңалтудың техникалық  орнын толтырушы (көмекші) құралдарының (бұдан әрі-ОТҚ) жоқтығы туралы хабарлама жіберілген.

             Эксаумақтық МӘС бөлімдерінің шешіміне қанағаттанбаған проактивті сырттай куәландырудан өткен 14 тұлға әдіснама және бақылау бөліміне шағымданып, эксаумақтық МӘС бөлімдерімен 4 жағдайда сараптамалық қорытынды өзгертіліп, 10 жағдайда шешім өз күшінде қалдырылған.

             Есепті мерзімде медициналық мекемелермен сараптамаға 133 (оның ішінде, 53 негізгі базада, 80 проактивті сырттай куәландыру бойынша,( оның ішінде, 5 сапасыз толтырылған жолдамалар), 11 ОЖБ-ға түзету енгізу бойынша негізсіз жолданған материалдар (031/у нысанды) бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментіне және медициналық мекемелерге тиісті шара қолдану үшін 53 ақпараттық хаттар жолданды.

 

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы заңнаманың сақталуын бақылау саласы бойынша:

 

Департаменттің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімімен 2022 жылғы  7 айда профилактикалық бақылау жүргізудің тізіміне сәйкес 18 субъектісіне (18 объект) профилактикалық бақылау жүргізілді.

Профилактикалық бақылау жүргізілген 14 субъектіде (14 объект) мүгедектердің қолжетімділігі, 2 субъектіде (2 объект) арнаулы әлеуметтік қызметтердің көрсетілуі, 2 субъектіде (2 объект) арнаулы әлеуметтік қызметтердің көрсетілуі және мүгедектердің жеке оңалту бағдарламаларының заңдылығы тексеріліп, нәтижесінде 92 заңбұзушылық анықталып (о.і. мүгедектердің қолжетімділігі бойынша - 47, арнаулы әлеуметтік қызметтер бойынша – 34, мүгедектердің жеке оңалту бағдарламаларын орындау бойынша - 11), оларды жою туралы 18 ұйғарым берілді (мүгедектердің қолжетімділігі бойынша-14, арнаулы әлеуметтік қызметтер бойынша-2, арнаулы әлеуметтік қызметтер бойынша және мүгедектердің жеке оңалту бағдарламаларын орындау бойынша-2).

Анықталған барлығы 92 заңбұзушылықтың 37-і (40,2%) жойылған (мүгедектердің қолжетімділігі бойынша – 3, арнаулы әлеуметтік қызметтер бойынша - 34).

Қалған 55 заңбұзушылықты (59,8%) жоюға алдағы уақыттқа мерзімдер белгіленген.

2022 жылғы  7 айда  профилактикалық бақылау жүргізілген субъектілер саны өткен жылғы кезеңімен салыстырғанда 15-тен 18-ге көбейген. 

Заңбұзушылықтар саны 105-тен 92-ке азайған, оларды жою жөнінде ұйғарымдар саны 20-дан 18-ге дейін азайған.

         2022 жылғы  7 айда негіз болмағандықтан жоспардан тыс тексеру жүргізілмеген (2021 ж. 7 айда 14 жоспардан тыс тексеру жүргізілген).

Есепті мерзімде прокуратураның ұсынымымен 6 лауазымды тұлғаға, 3 жауапкершілігі шектеулі серіктестікке және 2 жеке кәсіпкерге  жалпы сомасы 1 531 500 тенге 14 айыппұл салынып, айыппұлдар толығымен бюджетке төленді (2021 жылғы осы кезеңде 4 лауазымды тұлғаға 466 720 теңге көлемінде 7 айыппұл салынып,  олар толығымен бюджетке төленген).

 

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралу жайы туралы:

 

 Департаментпен 2022 ж. 7 ай қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың   546 өтініші қаралып, оның   370 әкімшілік рәсім тәртібімен   (266  қолайлы әкімшілік акт, 95 ауыртпалық түсіретін әкімшілік акт қабылданған, 9  әкімшілік рәсім тоқтатылды),  176 оңайлатылған әкімшілік рәсім тәртібімен   қаралған (2021ж.  7 айында    704 өтініш қаралып, оның  187 қанағаттандырылып,   319 түсіндірме беріліп, 1 қысқартылған,  197 азамат басшылықта жеке қабылдауда болған).

Яғни, қаралған өтініштер  158-ге немесе 22,4% -ға    азайған.

Есепті мерзімде қаралған өтініштердің   526 (96,2%) жеке тұлғалардың,  20 3,70%) заңды тұлғалардың өтініштері болып табылады.

Қаралған өтініштердің  289 (52,9%) - зейнетақы және әлеуметтік қамсызданыру саласы бойынша,  257 (47,1%) - медициналық – әлеуметтік сараптама жүргізу саласы бойынша . 

Басшылықта жеке қабылдауда 168 жеке тұлға болып, оларға заңнама талаптары түсіндірілген.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тапсырмасына сәйкес Департаментте ағымдағы жылғы мамыр айында Қоғамдық қабылдау бөлмесі ашылып, жеке және заңды тұлғалар өкілдерін қоғамдық қабылдау кестесі бекітіліп, мамыр-маусым айлары аралығында 69 адам қоғамдық қабылдауда болып, оларға қолданыстағы заңнама талаптары түсіндірілді.

 

 Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары туралы:

 

Департамент қызметкерлерімен  есепті кезеңде халықты зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыруда, медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуде, мүгедектерді әлеуметтік қорғау және арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнаманың сақталуын бақылауда атқарылған жұмыстар жөнінде, осы саладағы заңнама талаптарын түсіндіру мақсатында баспасөз беттерінде 34 мақала жарияланып, телеарналардан 9 сұхбат берілген, әлеуметтік желілер арқылы 96 хабарламалар жарияланып,  Облыстық  коммуникациялар  қызметінде 4 рет брифинг,  21 рет  мекеме, кәсіпорын қызметкерлерінің қатысуымен семинар кеңестер, 9 рет құқықтық оқу, 5 рет дөңгелек үстел өткізілді. 

Дата публикации
16 августа 2022
Дата обновления
16 августа 2022
Тип
Баяндама

Сейчас читают

29 сентября 2026
Әлеуметтік өзгерістер
29 сентября 2026
Инклюзия
29 сентября 2026
Жұмыспен қамту

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы