Департаментпен 2022 ж. 6 ай қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың 479 өтініші қаралып, оның 306 әкімшілік рәсім тәртібімен (227 қолайлы әкімшілік акт, 79 ауыртпалық түсіретін әкімшілік акт қабылданған, 5 әкімшілік рәсім тоқтатылды), 168 оңайлатылған әкімшілік рәсім тәртібімен қаралған (2021ж. 6 айында 613 өтініш қаралып, оның 761 қанағаттандырылып, 261 түсіндірме беріліп, 1 қысқартылған, 176 азамат басшылықта жеке қабылдауда болған).
Яғни, қаралған өтініштер 134-ге немесе 21,9% -ға азайған.
Есепті мерзімде қаралған өтініштердің 460 (96,0%) жеке тұлғалардың, 19 (4,0%) заңды тұлғалардың өтініштері болып табылады.
Қаралған өтініштердің 249 (52,0%) - зейнетақы және әлеуметтік қамсызданыру саласы бойынша, 230 (48,0%) - медициналық – әлеуметтік сараптама жүргізу саласы бойынша .
Басшылықта жеке қабылдауда 137 жеке тұлға болып, оларға заңнама талаптары түсіндірілген.