Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен (бұдан әрі-Департамент) 2022ж. 6 ай қорытындысымен облыс аумағында мүгедектік белгілеуді проактивті сырттай көрсету жайына талдау жасалды.
Талдауда төмендегі анықталды:
Облыс бойынша 01.01.22ж–30.06.2022ж. аралығында 1213 тұлғаға медициналық-әлеуметтік сараптама проактивті сырттай жүргізілген, бұл осы мерзімде жүргізілген жалпы 5910 куәландыру санының 20,5% құрайды.
01.07.22ж. жағдай бойынша Республикалық көрсеткіш 21,2%, яғни, Қызылорда облысы «Өңірлер бойынша сырттай куәландыруға берілген өтінімдер статистикасы» (бұдан әрі - Өтінімдер статистикасы) бойынша республикалық деңгейден төмен тұрған өңірлер қатарында.
Жүргізілген зерделеу нәтижелері облыстық көрсеткіштердің келесі себептерге байланысты төмен болып отырғандығын көрсетеді:
Медициналық-әлеуметтік сараптаманың (бұдан әрі-МӘС) бөлімдерінің эксаумақтық сарапшылары №31/е нысанын диагноздың Нозологиялық нысандар тізбесіне сәйкес келмегенде, 031/е нысанында клиникалық-еңбек анамнезінің, диагностика, емдеу іс-шараларының, обьективті тексеріп-қарау деректерінің немесе сарапшылардың қорытындылары болмағанда, тексеріп-қарау тізбесіне сәйкес, №031/е нысанда деректер болмағанда, МӘС-ке жіберу мақсатында сәйкессіздік болғанда, организм функцияларының бұзылу дәрежесін растайтын зертханалық және функционалдық зерттеулер деректері болмағанда немесе сәйкес келмегенде, ұсынылған құжаттардың/ мәліметтердің және/немесе оларда қамтылған деректер дәйексіз болғанда, оңалту іс-шаралары жоспарында ОЖБ-ның әлеуметтік бөлігін әзірлеу үшін қажетті ұсынымдар болмағанда «негізсіз» жолданған немесе «сапасыз» толтырылған деген белгімен қайтарады.
Талдау нәтижесімен төмендегі медициналық мекемелер бойынша 68 өтінім проактивті сырттай куәландыруға негізсіз жолданғандығы анықталды («№1 қалалық емхана»ШЖҚ КМК-3; «Alexsey Sultan Akhmet» ЖШС-2, «№3 қалалық емхана» ШЖҚ КМК- 2, «№4 қалалық емхана» ШЖҚ КМК- 4, «№5 қалалық емхана» ШЖҚ КМК- 6, «№6 қалалық емхана» ШЖҚ КМК- 2, «Сенім» ЖШС-3, «Қызылорда теміржол ауруханасы» ЖШС- 2, «Байқоңыр қаласының көпбейінді ауруханасы»-6, «Арал ауданаралық ауруханасы» ШЖҚ КМК-10, Қазалы ауданаралық ауруханасы»ШЖҚ КМК -7, «Қармақшы ауданаралық ауруханасы» ШЖҚ КМК-3, «Жалағаш ауданаралық ауруханасы» ШЖҚ КМК-1, «Сырдария ауданаралық ауруханасы» ШЖҚ КМК-1, «Шиелі ауданаралық ауруханасы» ШЖҚ КМК-10, «Жаңақорған ауданаралық ауруханасы» ШЖҚ КМК-3, «Қазалы теміржол ауруханасы»-3).
Зерделеуде МӘС-ға негізсіз жіберілген өтінімдердің басым көпшілігі нозологиялық нысандар тізбесіне сәйкес келмейтін пациенттердің құжаттарын жолдауға қатысты екендігі белгілі болды.
Сонымен қатар, жолданған медициналық құжаттардағы деректердің (мамандардың қорытындылары мен стационардың шығу көшірмелерінің) сәйкессіздіктері, себеп-салдарлық байланысы туралы құжаттары бар пациенттерді жолдау салдарынан бұл құжаттар кері қайтарылған.
Осыған байланысты, сырттай куәландыруға жіберілетін құжаттардың нозологиялық нысандар тізбесіне сай, МӘС-ға жіберу мақсатына сәйкес жолдануына бақылауды күшейту қажет.
Сондықтан, МӘС-ке проактивті сырттай куәландыруға құжаттарды толық, сапалы, негізді жолдауға қатысты медициналық мекемелердің бас дәрігерлерінің, ДКК және емдеуші дәрігерлердің жауапкершілігі күшейтілуі тиіс.
Сондықтан, проактивті сырттай куәландыруға жолданған құжаттарда №31/е нысандағы оңалту іс-шараларының жоспарында қажетті ОТҚ-на толық көлемде ұсынымдар беріліп, 033/е нысанда тиісті сауалнамалар толтырылулары қажет.
Департаментпен пациенттерді куәландыруға проактивті сырттай жолдау тәртібі бойынша бірнеше рет Басқарма мамандарымен, ДКК төрағаларымен семинарлар өткізіліп, талдаудар жасалып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Талдау нәтижелерін Облыстық денсаулық сақтау басқармасына мүгедектік белгілеуді қарау үшін жіберілетін медициналық құжаттардың, оның ішінде, проактивті сырттай куәландыруға жолданатын құжаттардың толық, сапалы, негізді және уақытылы жіберілуін қамтамасыз ету мақсатында облыстағы медициналық мекемелердің ДКК жұмысын жетілдіру жөнінде тиісті шаралар қолдану үшін жолдау қажет.