Меню

Страницы

Статья

Аудандарда мемлекеттік қызмет көрсету

№1 медициналық –әлеуметтік сараптама бөлімі белгіленген кесте бойынша 2022 жылдың шілде айында Арал, Қазалы аудандарында көшпелі отырысын өткізді. 

       Арал ауданында мемлекеттік қызмет көрсетілгендер саны - 47, оның ішінде 11 науқас алғаш рет мүгедек болып танылды, ал 25 мүгедек қайта куәландырудан өтті (оның ішінде 1-толық оңалтылған, 1 мүгедекке- мүгедектік тобы күшейтілген). Барлық мүгедектерге мұқтаждығына сәйкес әлеуметтік және кәсіптік бағытта оңалтудың жеке бағдарламасы әзірленді.

        Қазалы ауданында мемлекеттік қызмет көрсетілгендер саны – 49, оның ішінде 10 науқас алғаш рет мүгедек болып танылды, ал 35 мүгедек қайта куәландырудан өтті (3-толық оңалтылған, 1 мүгедекке- мүгедектік тобы күшейтілген). Барлық мүгедектерге мұқтаждығына сәйкес әлеуметтік және кәсіптік бағытта оңалтудың жеке бағдарламасы әзірленді.

        Сонымен қатар, екі ауданда ДКК төрағаларының қатысуымен ұйымдастырылған жиналыста медициналық ұйымның дәрігерлеріне  МӘС жолдау тәртібін түсіндіре келе,  №031/е нысанды медициналық құжаттаманы дұрыс толтырылуы, сондай-ақ №031/е нысанда көрсетілген негізгі диагноздан қалыптасқан салдарларды анықтау үшін жүргізілетін зерттеу тәсілдерінің толыққанды орындалуы талап етілді.

Дата публикации
25 июля 2022
Дата обновления
25 июля 2022
Тип
Баяндама

Сейчас читают

29 сентября 2026
Әлеуметтік өзгерістер
29 сентября 2026
Инклюзия
29 сентября 2026
Жұмыспен қамту

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы