Меню

Страницы

Статья

Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бойынша 2022 ж. І жартыжылдығында жүргізілген жұмыстар туралы

Департаменттің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімімен 2022 жылғы 6 айда профилактикалық бақылау жүргізудің тізіміне сәйкес 18 субъектіге (18 объект) профилактикалық бақылау жүргізілді.

Профилактикалық бақылау жүргізілген 14 субъектіде (14 объект) мүгедектердің қолжетімділігі, 2 субъектіде (2 объект) арнаулы әлеуметтік қызметтердің көрсетілуі, 2 субъектіде (2 объект)  арнаулы әлеуметтік қызметтердің көрсетілуі және мүгедектердің жеке оңалту бағдарламаларының заңдылығы тексеріліп, нәтижесінде 92 заңбұзушылық анықталып (о.і. мүгедектердің қолжетімділігі бойынша -47, арнаулы әлеуметтік қызметтер бойынша – 34, мүгедектердің жеке оңалту бағдарламаларын орындау бойынша - 1), оларды жою туралы 18 ұйғарым берілді (мүгедектердің қолжетімділігі бойынша-14, арнаулы әлеуметтік қызметтер бойынша-2, арнаулы әлеуметтік қызметтер бойынша және мүгедектердің жеке оңалту бағдарламаларын орындау бойынша-2).

Анықталған барлығы 92 заңбұзушылықтың 37-і (40,2 %) жойылған (мүгедектердің қолжетімділігі бойынша-3, арнаулы әлеуметтік қызметтер бойынша-34).

Қалған 55 заңбұзушылықты (59,8%) жоюға алдағы уақытқа мерзімдер белгіленген.

2022 жылғы І жартыжылдығына профилактикалық бақылау жүргізілген субъектілер саны өткен жылғы осы кезеңімен салыстырғанда 15-ден 18-ге  көбейген.

Есепті мерзімде анықталған заңбұзушылықтар саны 105-ден 92-ге азайған, оларды жою жөнінде берілген ұйғарымдар саны  20-дан 18-ге дейін азайған.

2022 жылғы І жартыжылдықта жоспардан тыс тексеру жүргізілмеген (2021 жылы І жартыжылдықта осындай 14 тексеру жүргізіліп,  4 лауазымды тұлғаға 466 720 теңге көлемінде 7 айыппұл салынып, салынған айыппұл толығымен бюджетке төленген).

Есепті мерзімде прокуратураның ұсынымымен 3 лауазымды тұлғаға жалпы сомасы 199 095 тенге 5 айыппұл салынып, айыппұлдар толығымен бюджетке төленді.

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімімен «Арнаулы әлеуметтік қызметтер  туралы» ҚР Заңының негізгі талаптарын түсіндіру бойынша Қызылорда қаласы «№2 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» мен Сырдария ауданы, «Тереңөзек кенті әкімі аппараты» КММ-нің Қармақшы аудандық ЖҚӘБжАХАТ бөлімі әлеуметтік  мамандармен қатысуымен 3 дөңгелек стол және Қызылорда қаласы «№1 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы», «№2 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің қызметкерлерінің қатысуымен кездесулер өткізілді.

Сонымен қатар, арнаулы әлеуметтік қызметтер мен мүгедектерді әлеуметтік қорғау заңнамалары бойынша баспасөз беттерінде 5 мақала, Департаменттің ресми сайтында 16 хабарлама жарияланды.

Дата публикации
25 июля 2022
Дата обновления
25 июля 2022
Тип
Баяндама

Сейчас читают

29 сентября 2026
Әлеуметтік өзгерістер
29 сентября 2026
Инклюзия
29 сентября 2026
Жұмыспен қамту

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы