Меню

Страницы

Статья

АНЫҚТАМА ( Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен 2022ж. 5 ай қорытындысымен атқарылған жұмыстар туралы)

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен  2022 ж.  5 айда халықты зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыруда, медициналық – әлеуметтік сараптама жүргізуде, мүгедектерді әлеуметтік қорғау және арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнаманың сақталуын бақылауда бірқатар жұмыстар атқарылды.

Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру саласы бойынша:

Облыс бойынша  2022 ж. 5 айда республикалық бюджеттен 258288 адамға жалпы сомасы 59.5 млрд. теңге зейнетақы және әлеуметтік жәрдемақы төленген (2021 ж. 5  айда 251165 адамға 55,6 млрд.теңге төленген).

Оның ішінде зейнетақы төлемдері 77594 адамға сомасы 37,1 млрд.теңге, жәрдемақы төлемдері 113331 адамға сомасы 22,4 млрд.теңге төленген (2021ж. 5 айында зейнетақы төлемдері 76291 адамға сомасы 34,9 млрд.теңге,жәрдемақы 107119 адамға  20,7 млрд.теңге төленген).

Инфляция деңгейін ескере отырып, «2022-2024жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңына сәйкес, жасына байланысты зейнетақы, мемлекеттік базалық зейнетақы және жәрдемақылардың барлық түрлерінің мөлшері артуына байланысты, облыс аумағында 2022 ж. 1 қантардан бастап 238,4 мыңнан  және сәуір айынан бастап 243,7  мыңнан аса зейнетақы және жәрдемақы  алушылардың төлем мөлшері  жыл көлемінде 2 рет қайта есептелінді.

Есепті мерзімде Республикалық бюджеттен төленетін зейнетақы және әлеуметтік жәрдемақы тағайындауға қатысты 14 мемлекеттік қызмет түрі бойынша, 48093  қызмет  алушыға мемлекеттік қызмет көрсетілді, сәйкесінше  48093 іс-макеттері бекітілді (өткен жылғы 5  айда  41162 болып, 6931-ге  немесе 14,4 % көбейген).

Тағайындалған зейнетақы мен жәрдемақылардың 22262 жаңадан рәсімделді (өткен жылғы осы кезеңде 1123-ге  немесе 5,0% көбейген (21139).

Аталған кезеңде 25831  іс-макеті қайта қаралды,  2021 ж. 5 айында бұл көрсеткіш 20023 болған, яғни қайта қаралған макеттер саны 5808-ге немесе 22,5 % көбейген.

1322 іс-макеттері бойынша зейнетақы және жәрдемақы тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылданған (2021 ж. 5 айда 1272  іс бойынша  тағайындаудан бас тартылған). Яғни, биыл тағайындаудан бас тартылған істер саны 50-ге немесе 3,8 % көбейген.

Тағайындаудан бас тартуға 1306 іс (98,8%) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы инфляция деңгейі ескерілген міндетті зейнетақы жарналарының сомасынан артық болуы себеп болған.

Қалғандарына 16 (1,2%)іс құжаттарының толық болмауынан бас тартылған.

894 іс-макет толықтыруға кері қайтарылған, оның 818-жаңадан тағайындалған  76 қайта қаралған  зейнетақы және жәрдемақы істері бойынша кері жолданған, бұл осы кезеңде бекітілген барлық іс-құжаттардың 1,9 % құрайды (48093).

Кері қайтарылған макеттердің басым бөлігі зейнетақы төлемдері (815) мен көпбалалы  отбасыларға  берілетін жәрдемақылар (58), қалғаны (21) басқа төлемдер.

2021 ж. 5 айында кері қайтарылған макеттер саны 558 болған, бұл барлық іс-макеттің 1,4% (41162) құраған.

 Бұл макеттердің басым бөлігі зейнетақы төлемдері (505) мен көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақылар (45), қалғаны (8) басқа төлемдер болған.

Бұл құжаттарды кері қайтаруға еңбек кітапшаларында түзетулердің орын алуы, жазбаларда мекеме мөрінің бедері оқылмауы, көрінбеуі,1992 ж. кейін жұмыстан босатылғандығы туралы мәліметті Қазақ ССР мөрімен куәландырылуы, қосымша растайтын құжаттар қажет етілуі, т.б. себептер негіз болған.

2022ж. арналған жұмыс жоспарына сәйкес, зейнетақы, жәрдемақы және әлеуметтік төлемдердің уақытылы төленуін және халыққа уақытылы қызмет көрсетілуін анықтау мақсатында «Е-Макет» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіндегі(бұдан әрі- ААЖ)және Орталықтандырылған дерекқордағы (бұдан әрі-ОДҚ), мүгдектігі бар адамдардың орталықтандырылған дерекқордағы(бұдан әрі-МОДҚ) және №84 деректерге мониторингтер жүргізілді.

Нәтижесінде мүгедектігі бойынша жәрдемақы алушыларды Е-макет ААЖ,«ОДҚ» мен «МОДҚ» салыстырып тексергенде 12 төлем алушылар бойынша сәйкессіздік, 10 төлем алушылар бойынша 8 жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын тұлғаларға, міндетті зейнетақы жарналарын (бұдан әрі-МЗЖ) аудару фактісінің болуы туралы мәліметтер анықталды.

Мониторинг қорытындысы бойынша анықталған кемшіліктерді  жою  және алдағы уақытта болдырмау жөнінде тиісті шаралар қолдану үшін  «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалына (бұдан әрі-Филиал) 3 ақпараттық (14.02.22ж.  №05/102-И; 29.03.22ж. №-05/197-И); 20.04.22ж. №-05/267-И)  хат жолданды.        

 

Медициналық- әлеуметтік сараптама жүргізу саласы бойынша:

 

2022 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша облыс аумағында 31461 мүгедектігі бар адамдар тіркелген (оның ішінде, I топтағы -3414, II топтағы-10466,  III топтағы-11901 адам, 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар-5680).

Облыс бойынша 31461мүгедектердің жас аралық құрылымы: еңбекке жарамды жастағылар-18833, 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар-5680, зейнеткерлік жастағылар-6948. Жалпы халық саны бойынша мүгедектердің үлестік  салмағы-3,8%.

             Департаменттің медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі-МӘС) бөлімдерімен 2022ж. 5 айда 4803 қызмет алушыларға мүгедектік тағайындауға қатысты мемлекеттік қызмет көрсетілді (2021ж. 5 айда  – 4757 немесе 1,0%-ға өскен).

             01.01.22ж–30.05.2022ж. аралығында 968 тұлғаға медициналық-әлеуметтік сараптама проактивті сырттай жүргізілген, бұл осы мерзімде жүргізілген жалпы 4808 куәландыру санының 20,1%, ал, пилоттық жобаға сәйкес нозологиялар бойынша сырттай куәландыруға жататын 1374 куәландыру санының 70,5% құрайды.

             Аталған кезеңде 1066 қызмет алушыға алғаш рет мүгедектік тобы тағайындалған (2021ж. 5 айда -1008 немесе 58 адамға көбейген).

             Есепті мерзімде 10 мың адамға шаққандағы алғашқы мүгедектіктің қарқынды көрсеткіші 12,8% құраған (2021ж.5 айда-12,2%).

             Алғаш рет мүгедектік тағайындалған 690 ересек адамдардың-546 (79,1%) - жұмысқа жарамды жастағылар, 144 (20,9%) - зейнеткерлер құрайды.

             18 жасқа дейінгі балалар арасында мүгедектікке 376 бала шыққан, былтырғы 5 айда бұл көрсеткіш 341 болған, яғни есепті кезеңде 35 балаға көбейген.

             Ересектер арасында алғашқы мүгедектікке шығудың нозологиялық құрылымы бойынша өткен жылдармен салыстырғанда 2022 жылғы 5 айда:

          бірінші орында – 175, қан айналымы жүйесі ауруларының салдарлары, өткен жылмен салыстырғанда төмендеген 25,4 % (2021ж.5 ай-27,9%);

         екінші орында–139, қатерлі ісіктер аурулары өткен жылмен салыстырғанда 19,6%-дан 20,1%-ға өскен;

үшінші орында – 90 жарақаттар 9,0%-дан 13,0%-ға өскен;

төртінші орында – 86 (12,5%) көз аурулары өткен жылмен (12,7%) салыстырғанда төмендегені байқалады.  

Балалар арасында алғашқы мүгедектікке шығудың нозологиялық құрылымы бойынша өткен жылғы есептік кезеңмен салыстырғанда:

 бірінші орында – 118, «туа біткен даму ақаулары, деформация және хромосомдық ауытқулар» салдарларынан танылған мүгедектер үлестік салмағы 31,7%-дан 31,4%-ға төмендеген;

екінші орында – 117 жүйке жүйесі ауруларының салдарынан алғашқы мүгедектікке шыққандардың үлестік салмағы 31,4%-дан 31,1%-ға  төмендеген;

 үшінші орында – 24 тыныс алу органдарының аурулары – 4,7%-дан 6,4%-ға өскен;

төртінші орында– 18 эндокриндік аурулар, тамақтану және зат алмасудың бұзылуы аурулары 4,4%- дан 4,8% -ға  өскені байқалады.

             2022ж. 5 айда 3049 мүгедек, оның ішінде 2001 ересек адам, 1048 мүгедек-бала қайта куәландырудан өткен.

             Қайта куәландырудан өткен 3049 мүгедектер арасынан 218 адам толық оңалған, бұл көрсеткіш 7,1% құрайды.

             2021ж. 5 айда қайта куәландырудан өткен 3166 мүгедектер арасынан 266 адам (8,4 %) толық оңалған.

             Яғни, бұл көрсеткіш 1,3% -ға төмендеген.

             Есепті мерзімде қайта куәландырудан өткен мүгедектердің 140 (14,2%) жартылай оңалтылған.

             2021ж. 5 айда – 154 (15,3%) мүгедек жартылай оңалтылған, сәйкесінше бұл көрсеткіш 1,1%-ға төмендеген.

             Мүгедектік топты жоғарылату көрсеткіші 6,1% құрады

             2021ж. 5 айда бұл көрсеткіш 5,2% құраған, яғни биылғы 5 айда 0,9%-ке өскен.

             ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Е-Собес» автоматтандырылған ақпараттар жүйесі мәліметтеріне сәйкес, 01.06.22ж. жағдай бойынша әзірленген ОЖБ-ға сәйкес, облыс аумағындағы мүгедектерді оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз етудің орындалуы 70,3% құрады (Республика бойынша 58,6%), оның ішінде протездік-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету 30,5%, сурдотехникалық көмек 63,8%, тифлотехникалық құралдармен қамтамасыз ету 76,1%, кресло-арбамен қамтамасыз ету 70,0% болса, санаторлық- курорттық емделу 24,2%, міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету 91,5%, жеке қызметшінің әлеуметтік қызметі 99,1%, ымдау тілі маманының қызметтерінің орындалуы 92,5% құраған.

             12.10.2021ж. бекітіліп, 24.10.21ж. қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» туралы Заңына сәйкес, 2022ж. 5 айда МӘС бөлімдерімен 580 балаға «жеті жасқа дейінгі мүгедек балалар» мүгедектік себебімен «мүгедек-бала» санаты және 866 балаға, оның ішінде 72 балаға «бірінші топтағы «мүгедек бала» санаты, 172 балаға екінші топтағы «мүгедек бала» санаты, 622 балаға үшінші топтағы «мүгедек бала» санаты «жетіден он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балалар» мүгедектік себебімен белгіленді.

             Медициналық-әлеуметтік сараптаманың әдіснама және бақылау бөлімі медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің негізділігін бақылау, «Мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған деректер қоры» автоматтандырылған ақпараттық жүйеде деректердің сапалы түрде қалыптастыруын қадағалау, мүгедектік себептеріне, құрылымына және жай-күйіне мониторинг жүргізу, халықтың мүгедектiк деңгейi мен себептерiн зерделеу жұмыстарын жүргізеді.

             Есепті кезеңде 4803 тұлғаға көрсетілген «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе әлеуметтік қорғау шараларына қажеттілігін айқындау» мемлекеттік қызмет бойынша  Әдіснама және бақылау бөлімінде шағымдану және бақылау мақсатында жүргізілген қайта куәландыру қорытындыларымен 17 (0,4%) жағдайда бастауыш бөлімдердің сараптамалық қорытындылары өзгертілді.

             Есепті мерзімде медициналық мекемелермен сараптамаға 89 (оның ішінде, 23 негізгі базада, 66 проактивті сырттай куәландыру бойынша,( оның ішінде 5 ОЖБ-ға түзету енгізу бойынша) негізсіз жолданған материалдар (031/у нысанды) бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментіне және медициналық мекемелерге тиісті шара қолдану үшін  ақпараттық хаттар жолданды.

            

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы заңнаманың сақталуын бақылау саласы бойынша:

Департаменттің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімімен 2022 жылғы қаңтар-мамыр аралығында профилактикалық бақылау жүргізудің тізіміне сәйкес 18 субъектіге (18 объект) профилактикалық бақылау жүргізілді.

Профилактикалық бақылау жүргізілген 14 субъектіде (14 объект) мүгедектердің қолжетімділігі, 2 субъектіде (2 объект) арнаулы әлеуметтік қызметтердің көрсетілуі, 2 субъектіде (2 объект)  арнаулы әлеуметтік қызметтердің көрсетілуі және мүгедектердің жеке оңалту бағдарламаларының заңдылығы тексеріліп, нәтижесінде 92 заңбұзушылық анықталып (о.і. мүгедектердің қолжетімділігі бойынша - 47, арнаулы әлеуметтік қызметтер бойынша – 34, мүгедектердің жеке оңалту бағдарламаларын орындау бойынша - 11), оларды жою туралы 18 ұйғарым берілді (мүгедектердің қолжетімділігі бойынша-14, арнаулы әлеуметтік қызметтер бойынша - 2, арнаулы әлеуметтік қызметтер бойынша және мүгедектердің жеке оңалту бағдарламаларын орындау бойынша-2).

Анықталған барлығы 92 заңбұзушылықтың 11-і (11,9 %) жойылған (арнаулы әлеуметтік қызметтер бойынша - 11).

Қалған 81 заңбұзушылықты (88,1%) жоюға алдағы уақытқа мерзімдер белгіленген.

2022 жылғы  5 айында профилактикалық бақылау жүргізілген субъектілер саны өткен жылғы осы кезеңімен салыстырғанда 15-тен 18-ге көбейген, жоспардан тыс тексеру жүргізілген субъектілері саны 3-ден 0-ге азайған.

Есепті мерзімде анықталған заңбұзушылықтар саны 102-ден 92-ге (13%) азайған, оларды жою жөнінде берілген ұйғарымдар саны 14-тен 18-ге көбейген.

2022 жылғы бес айында жоспардан тыс тексеру жүргізілмеген (2021 жылы бес айында осындай 4 тексеру жүргізіліп, 3 лауазымды тұлғаға 320870 теңге көлемінде айыппұл салынып, салынған айыппұл толығымен бюджетке төленген).

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралу жайы туралы:

 Департаментпен 2022 ж. 5 ай қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың   402 өтініші қаралып, оның  255 әкімшілік рәсім тәртібімен   (185 қолайлы әкімшілік акт,  68 ауыртпалық түсіретін әкімшілік акт қабылданған, 2  әкімшілік рәсім тоқтатылды), 147 оңайлатылған әкімшілік рәсім тәртібімен   қаралған (2021ж.  5 айында  524 өтініш қаралып, оның 151 қанағаттандырылып,   215 түсіндірме беріліп, 1 қысқартылған,  157 азамат басшылықта жеке қабылдауда болған).

Яғни, қаралған өтініштер  122-ге немесе 23,3% -ке    азайған.

Есепті мерзімде қаралған өтініштердің  387 (96,3%) жеке тұлғалардың,  15 (3,7%) заңды тұлғалардың өтініштері болып табылады.

Қаралған өтініштердің  196 (48,8%) - зейнетақы және әлеуметтік қамсызданыру саласы бойынша,  206 (51,2%) - медициналық – әлеуметтік сараптама жүргізу саласы бойынша . 

Басшылықта жеке қабылдауда 108 жеке тұлға болып, оларға заңнама талаптары түсіндірілген.

 Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары туралы:

Департамент қызметкерлерімен  есепті кезеңде халықты зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыруда, медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуде, мүгедектерді әлеуметтік қорғау және арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнаманың сақталуын бақылауда атқарылған жұмыстар жөнінде, осы саладағы заңнама талаптарын түсіндіру мақсатында баспасөз беттерінде 26 мақала жарияланып, телеарналардан 5 сұхбат берілген, әлеуметтік желілер арқылы 70 хабарламалар жарияланған,  Облыстық  коммуникациялар  қызметінде 4 рет брифинг,  19 рет  мекеме, кәсіпорын қызметкерлерінің қатысуымен семинар кеңестер, 6 рет құқықтық оқу, 5 рет дөңгелек үстел өткізілді.

Дата публикации
17 июня 2022
Дата обновления
17 июня 2022
Тип
Баяндама

Сейчас читают

29 сентября 2026
Әлеуметтік өзгерістер
29 сентября 2026
Инклюзия
29 сентября 2026
Жұмыспен қамту

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы