Меню

Страницы

Статья

Мүгедектігі бар тұлғаларды оңалтудың жеке бағдарламасы туралы

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы №44 бұйрығымен бекітілген «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларының» 35 тармағына сәйкес, жүргізілген оңалту-сараптама диагностикасының нәтижелеріне және мүгедектің оңалту іс-шараларын жүргізуге қажеттілігіне қарай, медициналық мекеменің жолддамасының №031/е нысанда көрсетілген оңалту іс-шараларының жоспарын ескере отырып, медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесі "Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы №26 бұйрығымен (бұдан әрі-Бұйрық) бекітілген медициналық-әлеуметтік көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер негізінде ОЖБ-ның әлеуметтік бөлігін, мүгедектігі бар тұлғаның еңбек және кəсіби қызметін ескере отырып, ОЖБ-ның кәсіптік бөлігін әзірлейді.

              ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.02.2022 № 77 бұйрығымен аталған Бұйрыққа толықтырулар енгізіліп, осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес, мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес, жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар тұлғалар үшін жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерін көрсету қағидалары, осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес, мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектер мен мүгедек балаларға санаторий-курорттық емдеуді ұсыну қағидалары, осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес, мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен, оларды ауыстыру мерзімдерін қоса алғанда, қамтамасыз ету қағидалары, осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес, мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес есту кемістігі бар мүгедектер үшін ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін ұсыну қағидалары бекітілді.

Қағидаларда мүгедектігі бар тұлғаларға мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес, аталған іс-шараларға құжаттарды рәсімдеу бойынша мемлекеттік корпорация бөлімшелері, қалалық басқармалар, жұмыспен қамту бөлімдері арқылы өтініш беру негізінде және проактивті қызмет көрсету арқылы мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі көрсетілген.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 27 желтоқсандағы №502 бұйрығымен мүгедектігі бар тұлғаларға ұсынылатын техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышы бекітілген.

Мүгедектігі бар тұлғалар медициналық ұйымның берген №031/е жолдамасы негізінде медициналық-әлеуметтік көрсетілімдер бойынша осы сыныптауышқа сәйкес техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдармен, сурдотехникалық және тифлотехникалық құралдармен, санаторий-курорттық еммен, міндетті гигиеналық құралдармен, жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер үшін жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектігі бар тұлғалар үшін ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерімен қамтамасыз етілуде.

Қазіргі уақытта аталған сыныптауышта протездік-ортопедиялық құралдардың 45, сурдотехникалық құралдардың 12, тифлотехникалық құралдардың 16, арнаулы жүріп-тұру құралдарының, яғни кресло-арбалардың 8, міндетті гигиеналық құралдардың 13 түрі қамтылған.

        Әзірленген оңалтудың жеке бағдарламасының әлеуметтік және кәсіптік бөліктері жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен жүзеге асырылады.

        ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Е-Собес» автоматтандырылған ақпараттар жүйесі мәліметтеріне сәйкес, 01.06.22ж. жағдай бойынша әзірленген ОЖБ-ға сәйкес, облыс аумағындағы мүгедектігі бар тұлғаларды оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз етудің орындалуы 70,3% құрады (Республика бойынша 58,6%), оның ішінде протездік-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету 30,5%, сурдотехникалық көмек 63,8%, тифлотехникалық құралдармен қамтамасыз ету 76,1%, кресло-арбамен қамтамасыз ету 70,0% болса, санаторлық- курорттық емделу 24,2%, міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету 91,5%, жеке қызметшінің әлеуметтік қызметі 99,1%, ымдау тілі маманының қызметтерінің орындалуы 92,5% құраған.

Аталған іс-шаралар мүгедектігі бар тұлғаларға әлеуметтiк көмек көрсету, оңалту, сондай-ақ олардың қоғамға етене араласуын қамтамасыз ету үшін тең мүмкiндiктер жасау мақсатында жасалуда.

Дата публикации
16 июня 2022
Дата обновления
16 июня 2022
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

29 сентября 2026
Әлеуметтік өзгерістер
29 сентября 2026
Инклюзия
29 сентября 2026
Жұмыспен қамту

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы