Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен бекітілген «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларының» (бұдан әрі-Қағида) 35-тармағына сәйкес, жүргізілген оңалту-сараптама диагностикасының нәтижелеріне және мүгедектігі бар тұлғаларды оңалту іс-шараларын жүргізуге қажеттілігіне қарай, № 031/е нысанда көрсетілген оңалту іс-шараларының жоспарын ескере отырып медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі – МӘС) бөлім «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығымен бекітілген медициналық-әлеуметтік көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер негізінде мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың жеке бағдарламасының (бұдан әрі - ОЖБ) әлеуметтік бөлігін және олардың еңбек және кəсіби қызметін ескере отырып, ОЖБ-ның кәсіптік бөлігін әзірлейді.
Қағиданың 50-тармағына сәйкес, әлеуметтік және кәсіптік оңалтуды халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің ұйымдары, сондай-ақ еңбек жарақаты және/немесе кәсіптік ауру жағдайларында жұмыс берушілер жүргізеді.
Оңалтудың бір бөлігі протездік-ортопедиялық көмек, мүгедектігі бар адамдардың протездік-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету және оларды пайдалануды үйрету жөніндегі медициналық-техникалық көмектің мамандандырылған түрі болып табылады.
Протездік-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз ету, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен және әлеуметтік қызметтер порталы (бұдан әрі-Портал) арқылы мүгедектігі бар адамдардың өтініші мен медициналық - әлеуметтік көрсеткіштер мен қарсы көрсетілімдерге сәйкес, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі әзірлеген жеке оңалту бағдарламасының әлеуметтік бөлігі негізінде жүзеге асырылады.
Протездік-ортопедиялық көмек және техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар берілген өтінішке сәйкес ОЖБ-ны іске асыру мерзіміне ұсынылады.
Өтініш беруші немесе олардың заңды өкілдері, не олардан протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін құжаттарды ресімдеу құқығына сенімхат алған адамдар, тұрғылықты жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бөлімшелері, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы оңалтудың жеке бағдарламасының әлеуметтік бөлігіне сәйкес оңалту құралдарына өтініш береді.
Өтініш тіркелгеннен кейін ОЖБ деректері «Е-Собес» ААЖ-дан Порталға автоматты түрде беріледі.
Мобильді азаматтар базасында телефонның абоненттік нөмірі туралы мәліметтер болған кезде оның абоненттік телефон нөміріне «Е-Собес» ААЖ-дан Порталда протездік-ортопедиялық көмек берушіні авторизациялау және таңдау қажеттігі туралы СМС-хабарлама жіберіледі.
Өнім берушіні таңдау жүргізілмеген кезде ОЖБ деректері Порталға берілген күннен бастап бір ай ішінде «Е-Собес» ААЖ-мен ұялы байланыстың абоненттік құрылғысына келесі ай ішінде Порталда өнім берушіні таңдау қажеттігі туралы СМС-хабарлама жіберіледі.
Екі ай өткеннен кейін порталда өнім берушіні таңдау мүмкіндігі бұғатталады және ұялы байланыстың абоненттік құрылғысына себебін көрсете отырып, өнім берушіні таңдау мүмкіндігін бұғаттау туралы СМС-хабарлама жіберіледі. Жеткізушіні таңдауды жаңарту үшін порталдағы жеке кабинетте «жеткізушіні таңдауды белсендіру» батырмасы басылады. Өнім берушіні таңдауды іске қосу туралы мәліметтер порталдан «Е Собес» ААЖ-ға автоматты түрде беріледі, одан кейін өтініш беруші алдыңғы кезектіліктің сақталуын ескере отырып, өнім берушіні Порталда қайта таңдайды.
Протездік-ортопедиялық көмекке мұқтаждардан тапсырыстар қабылдауды өтініш беруші Порталда таңдаған өнім беруші жүзеге асырады.
Тапсырыстың сипаты мен түріне қарай, өнім беруші мүгедекті стационарлық протездеу үшін шақыру немесе оның қатысуынсыз тапсырысты орындау туралы шешім қабылдайды. Стационарлық протездеуге шақыру алдын ала жіберіледі. Бастапқы стационарлық протездеу 10 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады. Қайталама стационарлық протездеу 3 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.
Жеткізуші өзі порталда көрсеткен протездік-ортопедиялық көмек көрсету өңірлерінде протездік-ортопедиялық бұйымдарды дайындау үшін өлшеу жүргізе отырып, тапсырыстарды қабылдауды қамтамасыз етеді.
Аяқ-қол протездеріне жеткізуші порталда протездеу картасын және тапсырыс бланкісін, сондай-ақ протездік-ортопедиялық құралдарға және протездік-ортопедиялық көмек көрсетудің ведомостісін, протездік-ортопедиялық құралдардың барлық түрлеріне орындалған қызметтерді қабылдау-тапсыру актісін толтырады және қоса береді. Стационарлық протездеу кезінде өнім беруші протездеу тарихынан үзінді көшірмені қоса береді, олар автоматты түрде «Е-Собес» ААЖ-ға жіберіледі.
Күрделі протездік-ортопедиялық құралдар кезек тәртібімен тапсырыстар өндіріске тапсырылған күннен бастап 45 жұмыс күнінен аспайтын мерзім ішінде дайындалады.
Ұсақ протездік-ортопедиялық құралдар тапсырыстар өндіріске тапсырылған күннен бастап 7 жұмыс күнінен аспайтын мерзім ішінде сол тәртіппен дайындалады.
Протездік-ортопедиялық құралды дайындау мерзіміне бұйымның өлшеп көруге келуін күтіп тұрған мерзімі қосылмайды.
Протездеуге арналған жол жүруге, өнім берушінің медициналық стационарына емдеуге жатқызуға, протездеуге байланысты шығындарды өнім беруші мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен төлейді.
Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес тауарларды және көрсетілетін қызметтерді Портал арқылы сатып алған кезде мүгедектігі бар адамның жергілікті атқарушы органдарға олардың құнын өтетуге, бірақ кепілдік берілген сома мөлшерінен асырмай өтетуге құқығы бар. Мүгедектігі бар адам кепілдік берілген соманың және сатып алынған тауарлардың және көрсетілетін қызметтердің нақты құны арасындағы айырманы меншікті қаражаты есебінен өз бетінше төлейді.