31.05.2022ж. Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің №1 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы Г.Абдыкалыкова «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның облыстық филиалы Қызылорда қалалық бөлімінің «Фронт-офис және БЭК-офистерінің мамандарына оқыту сабағын өткізді.
Оқу барысында жәрдемақы төлемдерін тағайындауда туындайтын-18 жастан кейін бала кезінен мүгедек деп белгіленген адамдарға және шет елдің білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша тіл үйрену курстарда білім алатын балаларға асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлемін тағайындауға болатындығы немесе болмайтындығы туралы мәселелер талқыланды.
Бұл мәселелер бойынша Г.Абдыкалыковамен аталған бөлімдердің мамандарына ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігімен (бұдан әрі-Министрлік) берілген 05.04.2022ж. № 01-1-4-21/1496-И түсіндірме хатқа сәйкес, медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің қорытындысымен 18 жасқа толғаннан кейін мүгедектігі бала кезінен деп белгіленген мүгедектерге асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындалатындығы және сонымен қатар, Министрліктің 20.04.2022ж. № 21-1-21/08-1-1-0/2357-вн түсіндірме хаты бойынша «Білім туралы» ҚР Заңына сәйкес, жоғарғы және (немесе) жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдерінде оқыту қосымша білім беруге жататындығы көрсетілген, осыған орай, 18 жасқа толған шетелдің білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында тіл үйрену курстарында білім алушыларға да асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындалатындығы түсіндірілді.