Меню

Страницы

Статья

АНЫҚТАМА ( Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен 2022ж. 4 ай қорытындысымен атқарылған жұмыстар туралы)

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен  2022 ж.  4 айда халықты зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыруда, медициналық – әлеуметтік сараптама жүргізуде, мүгедектерді әлеуметтік қорғау және арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнаманың сақталуын бақылауда бірқатар жұмыстар атқарылды.

 

Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру саласы бойынша:

 

         Облыс бойынша  2022 ж. 4 айда республикалық бюджеттен 256939 адамға жалпы сомасы 47,3 млрд. теңге зейнетақы және әлеуметтік жәрдемақы төленген (2021ж. 4 ай 250479 адамға 43,6 млрд.теңге төленген).

«2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес,   01.01.2022 ж. бастап айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК) (3063 теңге), ең төменгі зейнетақы (46302 теңге), базалық зейнетақы төлемі (19450 теңге), күнкөріс деңгейі  (36018 теңге) мөлшері артуына байланысты, жасына байланысты тағайындалған зейнетақы төлемдері мен еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 01.01.2022ж. бастап 7%  көбейтіліп, облыс бойынша 238,4 мыңнан аса зейнетақы және жәрдемақы  алушылардың төлемдерінің  мөлшері қайта есептелді.

Есепті мерзімде республикалық бюджеттен төленетін  зейнетақы және әлеуметтік жәрдемақы төлемдерін тағайындауға қатысты 14 мемлекеттік қызмет түрі бойынша,  қызмет алушыларға мемлекеттік қызмет көрсетілді, сәйкесінше 34468 іс-макеттері бекітілді, бұл  өткен жылғы  4 аймен салыстырғанда  897 немесе 2,7 % көбейген(33571).

Тағайындалған зейнетақы мен жәрдемақылардың 17431 жаңадан рәсімделді (өткен жылғы осы кезеңде 451-ге немесе 2,7% көбейген (16980).

Аталған кезеңде 17037 іс-макеті қайта қаралды,  2021 ж. 4 айда бұл көрсеткіш 16591 болған, яғни қайта қаралған макеттер саны 446-ға немесе 2,7% көбейген.

1176 іс-макеті бойынша зейнетақы және жәрдемақы тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылданған(2021 ж. 4 айда 1075 тағайындаудан бас тартылған). Яғни, биыл тағайындаудан бастартылған істер саны 101-ге немесе 8,6% көбейген.

Тағайындаудан бас тартуға 1161 іс (98,7%) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы инфляция деңгейі ескерілген міндетті зейнетақы жарналарының сомасынан артық болуы себеп болған.

 Қалғандарына 15(1,3%)іс құжаттарының толық болмауынан бас тартылған.

706 іс-макет толықтыруға кері қайтарылған, оның 640 жаңадан тағайындалған, 66 қайта қаралған  зейнетақы және жәрдемақы істері бойынша кері жолданған, бұлосы кезеңде бекітілген барлық іс-құжаттардың 2,0 % құрайды (34468).

Кері қайтарылған макеттердің басым бөлігі зейнетақы төлемдері 636 мен көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақылар 52 қалғаны 18 басқа төлемдер.

2021 ж. 4 айда кері қайтарылған макеттер саны 443 болған, бұл барлық іс-макеттің 1,3% (33571) құраған.

 Бұл макеттердің басым бөлігі зейнетақы төлемдері 400 мен көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақылар 36, қалғаны 7 басқа төлемдер болған.

Бұл құжаттарды кері қайтаруға еңбек кітапшаларында түзетулердің орын алуы, жазбалардамекеме мөрінің бедері оқылмауы, көрінбеуі,1992 ж. кейін жұмыстан босатылғандығы туралы мәліметті Қазақ ССР мөрімен куәландырылуы, қосымша растайтын құжаттар қажет етілуі, т.б. себептер негіз болған.

2022ж. арналған жұмыс жоспарына сәйкес, зейнетақы, жәрдемақы және әлеуметтік төлемдердің уақытылы төленуін және халыққа уақытылы қызмет көрсетілуін анықтау мақсатында «Е-Макет» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіндегі(бұдан әрі- ААЖ)және Орталықтандырылған дерекқордағы (бұдан әрі-ОДҚ), мүгдектігі бар адамдардың орталықтандырылған дерекқордағы(бұдан әрі-МОДҚ) және №84 деректерге мониторингтер жүргізілді.

Нәтижесінде мүгедектігі бойынша жәрдемақы алушыларды Е-макет ААЖ,«ОДҚ» мен «МОДҚ» салыстырып тексергенде 12 төлем алушылар бойынша сәйкессіздік, 10 төлем алушылар бойынша асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау кезінде қайтыс болған асыраушысының сегіз жасқа толмаған балаларын күтумен айналысатын адамның орталық атқарушы органның автоматтандырылған ақпараттық жүйесінен міндетті зейнетақы  жарналарын  аудару фактісінің болуы туралы мәліметтер анықталды.

Мониторинг қорытындысы бойынша анықталған кемшіліктерді  жою  және алдағы уақытта болдырмау жөнінде тиісті шаралар қолдану үшін  «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалына (бұдан әрі-Филиал) 3 ақпараттық (14.02.22ж.  №05/102-И; 29.03.22ж. №-05/197-И); 20.04.22ж. №-05/267-И)  хат жолданды.        

Медициналық- әлеуметтік сараптама жүргізу саласы бойынша:

          2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша облыс аумағында        31416 мүгедектігі бар адамдар тіркелген (оның ішінде I топтағы – 3386, II топтағы – 10464,  III топтағы – 11900 адам, 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар – 5666).

          Облыс бойынша 31416 мүгедектердің жас аралық құрылымы: еңбекке жарамды жастағылар – 18819, 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар – 5666, зейнеткерлік жастағылар – 6931. Жалпы халық саны бойынша мүгедектердің үлестік салмағы-3,8%.  

Департаменттің медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі-МӘС) бөлімдерімен 2022ж. 4 айда 3819 қызмет алушыларға мүгедектік тағайындауға қатысты мемлекеттік қызмет көрсетілді (2021ж. 4 айда  – 4073 немесе 6,2%-ға азайған).

          Аталған кезеңде 862 қызмет алушыға алғаш рет мүгедектік тобы тағайындалған (2021ж. 4 айда -857 немесе 5 адамға көбейген).

Есепті мерзімде 10 мың адамға шаққандағы алғашқы мүгедектіктің қарқынды көрсеткіші 10,4% құраған (2021ж.4 айда-10,5%).

          Алғаш рет мүгедектік тағайындалған 559 ересек адамдардың –445 (79,6%) - жұмысқа жарамды жастағылар, 114 (20,4%) - зейнеткерлер құрайды.

18 жасқа дейінгі балалар арасында мүгедектікке 303 бала шыққан, былтырғы 4 айда бұл көрсеткіш 291 болған, яғни есепті кезеңде 12 балаға көбейген.

             2022ж. 4 айда 2406 мүгедек, оның ішінде 1594 ересек адам, 812 мүгедек-бала қайта куәландырудан өткен.

Қайта куәландырудан өткен 2406 мүгедектер арасынан 166 адам толық оңалған, бұл көрсеткіш 6,9% құрайды.

2021ж. 4 айда қайта куәландырудан өткен 2709 мүгедектер арасынан 239 адам

(8,8 %) толық оңалған.

Яғни, бұл көрсеткіш 1,9% -ға төмендеген.

         Есепті мерзімде қайта куәландырудан өткен мүгедектердің 114 (14,9) жартылай оңалтылған.

             2021ж. 4 айда – 138 (16,1%) мүгедек жартылай оңалтылған, сәйкесінше бұл көрсеткіш 1,2%-ға төмендеген.

             Мүгедектік топты жоғарылату көрсеткіші 5,9% құрады

             2021ж. 4 айда бұл көрсеткіш 5,5% құраған, яғни биылғы 4 айда 0,4%-ке өскен.

             ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Е-Собес» автоматтандырылған ақпараттар жүйесі мәліметтеріне сәйкес, 01.05.22ж. жағдай бойынша әзірленген ОЖБ-ға сәйкес, облыс аумағындағы мүгедектерді оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз етудің орындалуы 67,8% құрады (Республика бойынша 54,8%), оның ішінде протездік-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету 27,5%, сурдотехникалық көмек 62,7%, тифлотехникалық құралдармен қамтамасыз ету 77,7%, кресло-арбамен қамтамасыз ету 68,2% болса, санаторлық- курорттық емделу 12,9%, міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету 89,6%, жеке қызметшінің әлеуметтік қызметі 98,9%, ымдау тілі маманының қызметтерінің орындалуы 90,2% құраған.

12.10.2021ж. бекітіліп, 24.10.21ж. қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» туралы Заңына сәйкес, 2022ж. 4 айда МӘС бөлімдерімен 442 балаға «жеті жасқа дейінгі мүгедек балалар» мүгедектік себебімен «мүгедек-бала» санаты және 658 балаға, оның ішінде 52 балаға «бірінші топтағы «мүгедек бала» санаты, 103 балаға екінші топтағы «мүгедек бала» санаты, 503 балаға үшінші топтағы «мүгедек бала» санаты «жетіден он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балалар» мүгедектік себебімен белгіленді.

         ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін проактивті сырттай көрсетудің пилоттық жобасын іске асыру туралы» 14.06.21ж. бірлескен бұйрығына сәйкес, 15.11.21ж. бастап Департаменттің МӘС бөлімдері аталған мемлекеттік қызметті проактивті сырттай көрсетуде.

             01.01.22ж–30.04.2022ж. аралығында 759 тұлғаға медициналық-әлеуметтік сараптама проактивті сырттай жүргізілген, бұл осы мерзімде жүргізілген жалпы 3819 куәландыру санының 19,9%, ал, пилоттық жобаға сәйкес нозологиялар бойынша сырттай куәландыруға жататын 1087 куәландыру санының 69,8% құрайды.

         2022ж. 4 айда проактивті сырттай МӘС алғашқы рет 233, қайта куәландыру 526 адамға жүргізілген.

             Есепті мерзімде медициналық мекемелермен сараптамаға 76 (оның ішінде, 22 негізгі базада, 54 проактивті сырттай куәландыру бойынша,( оның ішінде 5 ОЖБ-ға түзету енгізу бойынша) негізсіз жолданған материалдар (031/у нысанды) бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментіне және медициналық мекемелерге тиісті шара қолдану үшін  ақпараттық хаттар жолданды.

 Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы заңнаманың сақталуын бақылау саласы бойынша:

Департаменттің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімімен 2022 жылғы қаңтар-сәуір аралығында профилактикалық бақылау жүргізудің тізіміне сәйкес 17 субъектіге (17 объект) профилактикалық бақылау жүргізілді.

Профилактикалық бақылау жүргізілген 14 субъектіде (14 объект) мүгедектердің қолжетімділігі, 1 субъектіде (1 объект) арнаулы әлеуметтік қызметтердің көрсетілуі, 2 субъектіде (2 объект)  арнаулы әлеуметтік қызметтердің көрсетілуі және мүгедектердің жеке оңалту бағдарламаларының заңдылығы тексеріліп, нәтижесінде 84 заңбұзушылық анықталып (о.і. мүгедектердің қолжетімділігі бойынша-47, арнаулы әлеуметтік қызметтер бойынша – 26, мүгедектердің жеке оңалту бағдарламаларын орындау бойынша - 11), оларды жою туралы 17 ұйғарым берілді (мүгедектердің қолжетімділігі бойынша-14, арнаулы әлеуметтік қызметтер бойынша-1, арнаулы әлеуметтік қызметтер бойынша және мүгедектердің жеке оңалту бағдарламаларын орындау бойынша-2).

Анықталған барлығы 84 заңбұзушылықтың 11-і (13,1 %) жойылған (арнаулы әлеуметтік қызметтер бойынша-11).

Қалған 73 заңбұзушылықты (86,9%) жоюға алдағы уақытқа мерзімдер белгіленген.

 Ағымдағы жылғы төрт айда профилактикалық бақылау жүргізілген субъектілер саны өткен жылғы осы кезеңімен салыстырғанда 14-ден 17 көбейген, жоспардан тыс тексеру жүргізілген субъектілері саны1-ден 0-ге азайған.

Есепті мерзімде анықталған заңбұзушылықтар саны 96-дан 84-ке (14,7%) азайған, оларды жою жөнінде берілген ұйғарымдар саны 14-тен 17-ге көбейген.

2022 жылғы төрт айда жоспардан тыс тексеру жүргізілмеген (2021 жылы төрт айында осындай 1 тексеру жүргізіліп,  2 лауазымды тұлғаға 102095 теңге көлемінде айыппұл салынып, салынған айыппұл толығымен бюджетке төленген).

 

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралу жайы туралы:

 

 Департаментпен 2022 ж.  4 ай қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың   334 өтініші қаралып, оның  209 әкімшілік рәсім тәртібімен   (152 қолайлы әкімшілік акт,  55 ауыртпалық түсіретін әкімшілік акт қабылданған, 2  әкімшілік рәсім тоқтатылды), 125 оңайлатылған әкімшілік рәсім тәртібімен   қаралған (2021ж.  4 айында 461    өтініш қаралып, оның 136 қанағаттандырылып,   181 түсіндірме беріліп, 1 қысқартылған,  144 азамат басшылықта жеке қабылдауда болған).

Яғни, қаралған өтініштер  127-ге немесе 27,5% -ке    азайған.

Есепті мерзімде қаралған өтініштердің  322 (96,4%) жеке тұлғалардың,  12 (3,6%) заңды тұлғалардың өтініштері болып табылады.

Қаралған өтініштердің  167 (50,0%) - зейнетақы және әлеуметтік қамсызданыру саласы бойынша,  167 (50,0%) - медициналық – әлеуметтік сараптама жүргізу саласы бойынша . 

Басшылықта жеке қабылдауда 100 жеке тұлға болып, оларға заңнама талаптары түсіндірілген.

 Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары туралы:

 

Департамент қызметкерлерімен  есепті кезеңде халықты зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыруда, медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуде, мүгедектерді әлеуметтік қорғау және арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнаманың сақталуын бақылауда атқарылған жұмыстар жөнінде, осы саладағы заңнама талаптарын түсіндіру мақсатында баспасөз беттерінде 21 мақала жарияланып, телеарналардан 5 сұхбат берілген, әлеуметтік желілер арқылы 49 хабарламалар жарияланған,  Облыстық  коммуникациялар  қызметінде 3 рет брифинг,  16 рет  мекеме, кәсіпорын қызметкерлерінің қатысуымен семинар кеңестер, 6 рет құқықтық оқу, 5 рет дөңгелек үстел өткізілді. 

Дата публикации
20 мая 2022
Дата обновления
20 мая 2022
Тип
Баяндама

Сейчас читают

29 сентября 2026
Әлеуметтік өзгерістер
29 сентября 2026
Инклюзия
29 сентября 2026
Жұмыспен қамту

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы