Әлемдік экономикадағы жаңа ахуал елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайына да әсер етуде. Бұл мән-жайларда мемлекет өз азаматтарының алдындағы әлеуметтік міндеттемелерді орындауды басты басымдық ретінде белгілейді.
Осы мақсаттар үшін Қазақстан Республикасының 12.05.22 ж. Заңымен бекітілген бюджетте ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап азаматтарды әлеуметтік қолдауды күшейтуге қосымша 185 млрд. теңге бөлінген.Нәтижесінде азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыруға және жұмыспен қамтуды қолдауға жұмсалған шығыстардың жалпы көлемі 4,4 трлн. теңге немесе республикалық бюджет шығыстарының төрттен бір бөлігін (25%) құрайды.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметтері бойынша бұл төлемдерді алушылар еліміздің 4,2 млн. азаматы болып табылады, оның ішінде:
- 2,3 млн.- зейнеткерлер,
- шамамен 1,2 млн.- балалы отбасы,
- 700 мыңға жуық мүгедектігі бар адамдар және басқа санаттағы азаматтарды құрайды.
Ақпарат үшін:
4,4 трлн. теңгені 4,2 млн. төлем алушыларға бөлсек, онда бір адамға жылына мемлекет шығыны 1 млн. теңгеден, ал айына 92 мың теңгеден асады.
1.Зейнетақы Ағымдағы жылы зейнетақы төлеміне 3064 млрд. теңге қарастырылған (нақтылау есебімен) , оның ішінде: 1) Республикалық бюджеттен 2960 млрд. теңге, бұл ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің барлық шығыстарының 67% құрайды. Олар ынтымақтық зейнетақы (еңбек) және базалық зейнетақы төлемдерін төлеуге бағытталған. 2) БЖЗҚ -нан 104 млрд. теңге жасына байланысты жинақталған зейнетақы төлеміне .
- Жинақталған зейнетақыны қоспағанда, орташа жиынтық зейнетақы мөлшері (ынтымақты + базалық)
1 сәуірге дейін 1 сәуірден бастап
105337 теңге болса, 109346 теңге болады.
- Жинақталған зейнетақыны қоса алғанда, орташа жиынтық зейнетақы мөлшері (ынтымақты + базалық+ жинақталған)
1 сәуірге дейін 1 сәуірден бастап
133337 теңге болса, 138616 теңге болады.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысушылардың орташа зейнетақысының мөлшері 30 мың теңгеге жоғары болады.
2.1 Ағымдағы жылы мүгедектігі бар адамдарға төлем жасауға 370 млрд. теңге қарастырылған, оның ішінде:
1) республикалық бюджеттен мүгедектігі бойынша жәрдемақыға 342 млрд.теңге;
2) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттілігін жоғалтуына байланысты әлеуметтік төлемге 28 млрд. теңге
-Бюджеттен төлем алушылар үшін жәрдемақының орташа мөлшері:
1 сәуірге дейін 1 сәуірден бастап
52609 теңге 54608 теңге
-МӘСҚ-нан төленетін төлемді қоса есептегенде мүгедектігі бойынша төленетін жинақталған мөлшері:
1 сәуірге дейін 1 сәуірден бастап
81210 теңге 84353 теңге
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушыларына төленетін төлемнің орташа мөлшері 30 мың теңгеден жоғары болады.
2.2. Ағымдағы жылы асыраушысынан айырылған отбасыларға төлем жасауға 111 млрд. теңге қарастырылған, оның ішінде:
1) бюджеттен 92 млрд. теңге
2) МӘСҚ-нан 19 млрд. теңге.
Бюджеттен төлем алушылар үшін жәрдемақының орташа мөлшері:
1 сәуірге дейін 1 сәуірден бастап
43957 теңге 45627 теңге
-МӘСҚ-нан төленетін төлемді қоса есептегенде асыраушысынан айырылуға байланысты төленетін төлемнің жинақталған мөлшері:
1 сәуірге дейін 1 сәуірден бастап
73588 теңге 76443 теңге.
Бұл төлем бойынша да Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі қатысушыларына төленетін төлемнің орташа мөлшері 30 мың теңгеден жоғары болады.
Ағымдағы жылы балалы отбасыларға төленетін төлемдерге бюджеттен және МӘСҚ-нан 795 млрд. теңге (нақтылауды ескере отырып) қарастырыл-ған, оның ішінде:
жәрдемақы мөлшері:
1 сәуірге дейін 1 сәуірден бастап
1, 2, 3 балаға 116394 теңге 120840 теңге
4 және одан да көп балаға 192969 теңге 200340 теңге
2) Бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша төлемдерге 228 млрд. теңге, оның ішінде :
- 30 мың жұмыс істемейтін әйелдер үшін бюджеттен -22 млрд. теңге
- МӘСҚ-нан 385 мың жұмыс істейтін әйелдер үшін -206 млрд. теңге.
Бюджеттен төленетін үшін ай сайынғы жәрдемақылардың орташа мөлшері :
1 сәуірге дейін 1 сәуірден бастап
1 балаға 17643 теңге 18317 теңге
4 және одан да көп балаға 27261 теңге 28302 теңге.
МӘСҚ-нан ай сайын төленетін төлем 43901 теңгені құрайды. Жұмыс істейтін әйелдерге төленетін төлемдер айына 18 мың теңгеден асады.
1 сәуірге дейін 1 сәуірден бастап
4 балаға 49100 теңге 50976 теңге
15 балаға 183780 теңге 190800 теңге
Ұлғайтылған сомалардағы бұл төлемдер сәуір және мамыр айларындағы қосымша төлемдерді ескере отырып, маусым айында төленетін болады.
Біржолғы төленетін бұл төлемнің мөлшері 762071 теңгені құрайды.
Қазақстанда жыл сайын барлық әлеуметтік төлемдер (зейнетақылар мен жәрдемақылар) инфляция деңгейін ескере отырып индекстеледі.
Ұлттық Банктің деректері бойынша инфляция деңгейі осы жылдың соңына дейін 8-10% – ға жетуі мүмкін (бұрын инфляция бойынша болжам 4-6% - ды құраған).
Ағымдағы жылғы қаңтардан бастап жасына байланысты зейнетақы төлемдері мен еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 7%-ға, ал ең төменгі күнкөріс деңгейі мен айлық есептік көрсеткіштің мөлшері 5%-ға арттырылуына байланысты жәрдемақылардың мөлшері өскен болатын.
Жоғарыда көрсетілгендей, 2022 жылғы 1 сәуірден бастап инфляцияның болжамды деңгейін ескере отырып, 12.05.2022ж ҚР Заңымен «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР-ның Заңына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Сәйкесінше, осыған дейін тағайындалған жасына байланысты зейнетақы төлемдері мен еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 4 %-ға индекстелді, ал базалық зейнетақылар мен жәрдемақылардың мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің (бұдан әрі-ЕТКД), айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің (бұдан әрі-АЕК) өзгеруіне байланысты арттырылды (1.04.22ж. бастап жәрдемақылар және басқа әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін АЕК мөлшері–3180 теңге; ЕТКД–37389 теңге; мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері –20191 теңге; ең төменгі зейнетақы мөлшері 48032 теңге болып белгіленді).
Атап айтқанда, мүгедектігіне, асыраушысынан айырылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға, қамқоршыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы, I топтағы мүгедекке күтімді жүзеге асыратын адамдарға берілетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушылардың төлемдері күнкөріс деңгейі мөлшерінің ұлғаюына байланысты арттырылды.
Бұған қоса, №1, №2 Тізім бойынша (Ерекше ауыр және зиянды жағдайда жұмыс істеген адамдар үшін) мемлекеттік арнайы жәрдемақылар, арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар, сондай-ақ, балалар жәрдемақыларының мөлшері АЕК мөлшерінің ұлғаюына байланысты көбейтілді.
Нәтижесінде, облыс бойынша 243,7 мыңнан аса зейнетақы және жәрдемақы алушылардың (оның ішінде зейнетақы алушылардың саны- 77,4 мың адам ) төлемдерінің мөлшері 01.04.2022ж. бастап қайта есептелініп, ағымдағы жылғы маусым айынан бастап төленеді, бұл ретте 2 айға (сәуір, мамыр) қосымша төлеммен көбейтілген мөлшерде төленіп, ал шілдеден бастап 1 айға көбейтілген мөлшерде төленетін болады.