Меню

Страницы

Статья

Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу тәртібі

Медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі – МӘС) тұлғаның тұрақты тұрғылықты (тіркелген) жері бойынша медициналық ұйымның дәрігерлік-кеңестік комиссиясының (бұдан әрі – ДКК) жолдамасына сәйкес тиісті өңірдің МӘС бөлімдерінде және (немесе) МӘС әдіснама және бақылау бөлімдерінде; стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында; амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында; қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде және тергеу изоляторында; үйінде жүргізіледі.

Куәландыру (қайта куәландыру) ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 30.01.2015 жылғы № 44 бұйрығымен бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларының (бұдан әрі – Қағида)
1-қосымшасындағы нысан бойынша медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуге арналған өтінішке сәйкес куәландырылатын адамның, өтініш берген кезде заңды тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатты (сәйкестендіру үшін) ұсына отырып және «электрондық үкімет» шлюзы арқылы мемлекеттік ақпараттық жүйелерден электрондық-цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алынатын мәліметтер негізінде жүргізіледі. Құжаттар мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде ұсынылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, көрсету нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидалардың 2-1 қосымшасына сәйкес «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызмет көрсету стандартында келтірілген.

Құжаттарды қабылдау барысында МӘС маманы, олардың (ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтердің) толықтығын, қолданылу мерзімін тексереді.

Қолданылу мерзімі өткен құжаттарды және/немесе құжаттардың толық емес топтамасын ұсыну (мәліметтерді алу) кезінде, МӘС маманы өтінішті қабылдаудан бас тартып, осы Қағидаларға 2-2 қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

МӘС ұсынылған құжаттарды (клиникалық-функционалдық, әлеуметтік, кәсіптік және басқа да деректерді) қарау, куәландырылатын адамды тексеру, организм функцияларының бұзылу мен тіршілік-тынысының, оның ішінде еңбек ету қабілетінің шектелу дәрежесін бағалау жолымен МӘС бөлімі басшысының немесе МӘС әдіснама және бақылау бөлімі басшысының және кемінде екі бас маманның қатысуымен алқалы түрде жүргізіледі.

МӘС бөлімінің немесе МӘС әдіснама және бақылау бөлімінің сараптамалық қорытындысы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес организмнің негізгі функциялары бұзылуының және тіршілік-тынысы шектелуінің жіктемесі (бұдан әрі – жіктеме), сондай-ақ осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес он алты жасқа дейінгі мүгедек бала мүгедек деп танылатын медициналық   

көрсетілімдердің негізінде организмнің жай-күйі мен тіршілік-тынысының шектелу дәрежесін кешенді бағалауға байланысты шығарылады.

МӘС жүргізу қорытындысы бойынша тыныс-тіршілігі санаттарының бірінің (өзін-өзі күту, жүріп-тұру, еңбек қызметі (еңбек қабілеті), оқу, бағдарлана білу, қарым-қатынас, өз мінез-құлқын қадағалау, ойын және танымдық қызмет, белсенді қозғалыс қабілеті) шектелуіне әкеп соқтыратын организм функцияларының тұрақты бұзылуы болмаған жағдайларда мүгедектік және (немесе) еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі белгіленбейді.

МӘС бөлімінің сараптамалық қорытындысы:

1) жүгінген күні;

2) МӘС бөлімі алдын ала шығарылған сараптамалық қорытындысымен бірге куәландырылатын адамды және (немесе) куәландырылатын адамның құжаттарын МӘС әдіснама және бақылау бөліміне консультацияға жіберген жағдайларда жүгінген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде шығарылады. МӘС әдіснама және бақылау бөлімі консультациялық қорытынды шығарады, ол МӘС бөлімі сараптамалық қорытынды шығару кезінде есепке алынады.

Егер куәландырылатын адам МӘС бөліміне және (немесе) МӘС әдіснама және бақылау бөліміне келмесе, МӘС бөлімі оныншы жұмыс күні алдын ала шығарылған сараптамалық қорытындыға сәйкес және МӘС әдіснама және бақылау бөлімінің консультациялық қорытындысын ескере отырып сараптамалық қорытынды шығарады.

Дата публикации
10 августа 2021
Дата обновления
10 августа 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

29 сентября 2026
Әлеуметтік өзгерістер
29 сентября 2026
Инклюзия
29 сентября 2026
Жұмыспен қамту

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы