Меню

Страницы

Статья

Зейнетақы төлемдерін тағайындауға қатысты

  • Жасына байланысты зейнетақы мен базалық зейнетақы төлемдерін (бұдан әрі – зейнетақылар), алуға құқығы бар адамдар тұрғылықты жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне жүгінеді.

 

  • Мемлекеттік корпорация арқылы – зейнетақы тағайындау үшін (қажетті құжаттар):

 

  • Көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) :

 

  • мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді,

 

  • ал, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан берілетін зейнетақы төлемдерін, базалық зейнетақыны және жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындауға жүгінген кезде 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бір өтініш;

жеке басты куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің ықтиярхаты, Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейінгі оралман куәлігі) (жеке басты сәйкестендіру үшін қажет);

 

  • жеке тұлғаға төленген және міндетті зейнетақы жарналары табысынан жүзеге асырылған табыс сомалары туралы анықтама, ал дара кәсiпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, сондай-ақ нысанасы жұмысты (қызмет көрсетуді) орындау болып табылатын, Заңның 24-бабы 2-тармағының 5) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалар үшін – мемлекеттік кірістер органы берген табысы туралы құжат.

Ескертпе

  • Ұйым (мекеме) таратылған жағдайда табысы туралы мәліметтер көрсетілген архивтік анықтама немесе мемлекеттік архивтің немесе ведомстволық архивтің уәкілетті қызметкерінің ЭЦҚ-мен куәландырылған архивтік құжаттың электрондық көшірмесі ұсынылады.
  • Орташа айлық табысы туралы архив құжатын беру мүмкін болмаған жағдайда, орташа айлық табысының мөлшері жинақтаушы зейнетақы қорына немесе бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жүргізілген табыстан белгіленеді.
  • "Байқоңыр" кешенінің ресейлік ұйымдарында жұмыс істеген адамдар Ресей Федерациясының валютасында төленген табыстары туралы жұмыс берушінің анықтамасын (бар болса) ұсынады;
  • Жасына байланысты зейнетақы тағайындау үшін өтініш берген күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шет ел валютасына ресми бағамы туралы мәліметті Мемлекеттік корпорация Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсынан алады;

Өтініш берушінің еңбек өтілін растайтын құжат:

  • еңбек кітапшасы;
  • болмаған немесе жарамсыз болған, еңбек кiтапшасында тиісті жазбалар болмаған, түзетулер, дәлсіздіктер болған және әртүрлі оқылған кезде архив мекемелерiнен анықтамалар, мемлекеттік архивтің немесе ведомстволық архивтің уәкілетті қызметкерінің ЭЦҚ-мен куәландырылған архивтік құжаттың электрондық көшірмелері немесе жұмыс орнынан анықтамалар.
  • Болуына қарай мынадай құжаттар ұсынылады:
  • бiлiмi туралы құжат;
  • әскери билет немесе қорғаныс істері жөніндегі басқарманың (бөлімнің) анықтамасы;
  • балалардың туу туралы куәліктері (азаматтық хал актілерін жазу органдары берген туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме немесе азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама);
  • "Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы" 1993 жылғы 14 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес прокуратура органдары берген ақталуы туралы анықтама;
  • ұрыс қимылдарына қатысқаны туралы әскери комиссариаттың анықтамасы;
  • бірінші топтағы мүгедекке, екінші топтағы жалғызілікті мүгедекке және бөгде адамның көмегіне мұқтаж жасына байланысты зейнеткерге, сексен жасқа толған қарттарға, он алты жасқа дейінгі мүгедек балаға күтімді жүзеге асыру фактісін және кезеңін растайтын соттың шешімі;
  • бұрынғы кеңестiк мекемелер, Қазақстан Республикасы мекемелері, халықаралық ұйым қызметкерi жұбайының (зайыбының) шетелде тұрғанын растайтын құжат;
  • әскери қызметшi, арнаулы мемлекеттік орган қызметкері жұбайының (зайыбының) мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкiндiгi болмаған жерлерде тұрғанын растайтын құжат;
  • Қазақстан Республикасына тарихи елінде тұрақты тұру мақсатында келген этникалық қазақтардың шығу мемлекетіндегі еңбек қызметін растайтын құжат ұсынылады.
  • Жұмыс істемейтін ананың жас балаларға күтім көрсеткенін растау үшін мына құжаттардың біреуі (болуына қарай) ұсынылады:
  • балалардың жеке басын куәландыратын құжат;
  • балалардың неке туралы куәлігі (азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама) не некені бұзу туралы куәлігі немесе неке қию туралы актілік жазбасынан үзінді көшірме (тегін өзгерткен кезде);
  • орта кәсіптік оқу орнын бітіргені туралы аттестат;
  • балалардың арнаулы орта немесе жоғары оқу орнын бітіргені туралы диплом не оқитынын растайтын оқу орнының анықтамасы;
  • балалардың қайтыс болуы туралы куәлік (немесе азаматтық хал актілерін жазу органдары берген қайтыс болуы туралы актілік жазба немесе азаматтық хал актісін тіркеу туралы анықтама);
  • балалардың әскери қызметті өткергенін растайтын құжат; 
  • Неке туралы куәлік (азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама) не некені бұзу туралы куәлік немесе неке қию туралы актілік жазбадан үзінді көшірме (ата-анасы/қамқоршы тегін өзгерткен кезде).

 

  • 5 және одан да көп бала туған (асырап алған) және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдерге жасына байланысты зейнетақы төлемдері тағайындалған жағдайда, қосымша балалардың туу туралы куәліктері (немесе азаматтық хал актілерін жазу органдары берген туу туралы актілік жазба немесе азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама) және балаларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеу фактісін растайтын құжаттар ұсынылады.

Балаларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеу фактісін растау үшін (олардың болуына қарай):

  • балалардың жеке басын куәландыратын құжат;

неке туралы куәлік (азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама) не некені бұзу туралы куәлік немесе неке қию туралы актілік жазбадан үзінді көшірме (тегін өзгерткен кезде);

  • балалардың оқу орнында оқығаны туралы құжат;
  • балалардың қайтыс болуы туралы куәлік (немесе азаматтық хал актілерін жазу органдары берген қайтыс болғаны туралы актілік жазба немесе азаматтық хал актісін тіркеу туралы анықтама);
  • әскери билет;
  • баланы (балаларды) асырап алу , тәрбиелеу фактісін белгілеу туралы соттың шешімі.


Қабылдау "электрондық кезек" тәртібімен, көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша жүзеге асырылады. 

 

Қызмет көрсету нәтижесі

Жасына байланысты зейнетақы төлемін тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама.

Дата публикации
02 августа 2021
Дата обновления
02 августа 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

29 сентября 2026
Әлеуметтік өзгерістер
29 сентября 2026
Инклюзия
29 сентября 2026
Жұмыспен қамту

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы