Меню

Страницы

Статья

АНЫҚТАМА (Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қызылорда облысы бойынша Департаментімен 2021ж. I тоқсан қорытындысымен атқарылған жұмыстар туралы)

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қызылорда облысы бойынша Департаментімен (бұдан әрі – Департамент) 2021 ж. I тоқсанда халықты зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыруда, медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуде, мүгедектерді әлеуметтік қорғау және арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнаманың сақталуын бақылауда бірқатар жұмыстар атқарылды.

 

         Әлеуметтік сала бойынша

Облыс бойынша 2021 ж. I тоқсанда 364965 адамға жалпы сомасы
42,2 млрд. теңге зейнетақы және әлеуметтік жәрдемақы төленген (2020 ж.                      I тоқсанда 298191 адамға 32,8 млрд.теңге төленген).

«2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес,   01.01.2021 ж. бастап айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК) (2917 теңге), ең төменгі зейнетақы (43272 теңге), базалық зейнетақы төлемі (18524 теңге), күнкөріс деңгейі (34302 теңге) мөлшері артуына байланысты, жасына байланысты тағайындалған зейнетақы төлемдері мен еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 01.01.2021ж. бастап 7% көбейтіліп, облыс бойынша 236,9 мыңнан аса зейнетақы және жәрдемақы алушылардың төлемдерінің мөлшері қайта есептелді.

Есепті мерзімде республикалық бюджеттен төленетін 22070 зейнетақы және жәрдемақы іс-макеттері бекітілді, бұл өткен жылғы I тоқсанмен салыстырғанда 4977 немесе 22,6 % азайған (27047).

Тағайындалған зейнетақы мен жәрдемақылардың 12523 жаңадан рәсімделді (өткен жылғы I тоқсанда 742 немесе 5,9% көбейген 11781).

Аталған кезеңде 9547 іс-макеті қайта қаралды, 2020 ж. I тоқсанда бұл көрсеткіш 15266 болған, яғни қайта қаралған макеттер саны 1,6 есе азайған.

Өткен жылғы I тоқсанмен салыстырғанда, ағымдағы жылы жалпы бекітілген және қайта қаралған іс-макеттер санының азаюына 2020 ж. халықты әлеуметтік қорғау туралы заңнамаға толықтырулар мен өзгерістер енгізіліп, жаңа әлеуметтік төлемдер тағайындалуы және көпбалалы отбасыларына жәрдемақылар мөлшері балалар санына қарай қайта есептелінуі негіз болса, ал жаңадан рәсімделген іс-макеттерінің көбеюуі 2021 ж. жасына байланысты, базалық зейнетақы және бала тууына байланысты жәрдемақы төлемдерін тағайындауға қызмет алушылардың өтініштерінің артуы себеп болған.

869 іс-макеті бойынша зейнетақы және жәрдемақы тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылданған (2020 ж. I тоқсанда 591 іс бойынша тағайындаудан бас тартылған). Яғни, биыл тағайындаудан бас тартылған істер саны 278-ге немесе 32 %-ға көбейген.

Тағайындаудан бас тартуға 866 іс (99,7%) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы инфляция деңгейі ескерілген міндетті зейнетақы жарналарының сомасынан артық болуы себеп болған. Қалғандарына 3 (0,3%)іс құжаттарының толық болмауынан бас тартылған.

371 іс-макет толықтыруға кері қайтарылған, оның 306 - жаңадан тағайындалған, 65 қайта қаралған зейнетақы және жәрдемақы істері бойынша кері жолданған, бұл осы кезеңде бекітілген барлық іс-құжаттардың 1,7 % құрайды (22070 ).

2020 жылғы I тоқсанда кері қайтарылған макеттер саны 386 болған,бұл барлық іс-макеттің 1,4% (27047) құраған.

Кері қайтарылған макеттердің басым бөлігі зейнетақы төлемдері (338) мен көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақылар (30), қалғаны (3) басқа төлемдер.

Бұл құжаттарды кері қайтаруға еңбек кітапшаларында түзетулердің орын алуы, жазбаларда мекеме мөрінің бедері оқылмауы, көрінбеуі, 1992 ж. кейін жұмыстан босатылғандығы туралы мәліметтердің Қазақ ССР мөрімен куәландырылуы, қосымша растайтын құжаттар қажет етілуі, т.б. себептер негіз болған.

2021жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, зейнетақы, жәрдемақы және әлеуметтік төлемдердің уақытылы төленуін және халыққа уақытылы қызмет көрсетілуін анықтау мақсатында «Е-Макет» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіндегі және Орталықтандырылған деректер базасындағы деректерге мониторингтер жүргізілді.

Нәтижесінде жасына байланысты зейнетақы мөлшері мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы (бұдан әрі-МӘЖ) мөлшерінен жоғары   болған жағдайда, арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалмау, 8 жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын тұлғаларға, міндетті зейнетақы жарналарын (бұдан әрі-МЗЖ) аудару, зейнеткерлік жасқа жеткен немесе жететін МӘЖ алушыларға базалық зейнетақы болмау фактілері анықталды.

Мониторинг қорытындысы бойынша анықталған кемшіліктерді жою және алдағы уақытта болдырмау жөнінде тиісті шаралар қолдану үшін «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша Филиалына (бұдан әрі-Филиал) 2 ақпараттық хаттар жолданды (16.02.21ж. №2-04/198-И, 31.03.21ж.№2-04/337-И).

Аталған хаттар Филиалмен қаралып, нәтижесінде 14 төлем алушының ішінен 5 адамға мүгедектік белгіленбеуіне байланысты арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тоқтатылған, 1 төлем алушыға жәрдемақы тағайындау үшін өтініш беру туралы хабарлама жолданған, 8 төлем алушыға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындауға құжаттар жолданып, тағайындалған.

Сонымен қатар, Филиалмен бірлесіп, қызметкерлерге құқықтық оқулар өткізіліп, зейнетақы заңнамасы талаптарын түсіндіру мақсатында тиісті шаралар атқарылуда.

Атап айтқанда, Филиал қызметкерлеріне құқықтық оқулар өткізу туралы жоспары негізінде облыстық, қалалық, аудандық басқармалар мен бөлімдердің басшылары мен мамандарының қатысуымен 1 рет дөңгелек стол, методикалық-әдістемелік көмек көрсетіліп, 19 құқықтық оқыту өткізілді.

Бұдан басқа, Филиалдың бэк-офис қызметкерлерімен апта сайын оқыту сабақтары, түсіндіру жұмыстары жүргізілуде (қалалық, аудандық бөлімдермен 83 рет, Филиалмен теле-бейнеконференцбайланыс арқылы 16 рет оқыту сабақтары өткізілген).

Есепті мерзімде зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру саласы бойынша жеке және заңды тұлғалардың 173 өтініші қаралып, оның 79 түсіндірме беріліп,   1 қысқартылған, 93 азамат жеке қабылдауда болған.

2021 жылға арналған "Адалдық алаңы" жобасын іске асыру жөніндегі жұмыс жоспарына және Медиа жоспарға сәйкес 22.01.21 ж. Департамент басшылығымен 01.01.2021 ж. бастап зейнетақы мен жәрдемақы төлемдерін арттыру мәселесі бойынша өңірлік коммуникациялар қызметінде БАҚ өкілдерімен брифинг өткізілді.

Сонымен қатар, 10.02.21ж. облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен бірлесіп, облыс, қала әкімдерінің мүгедектер мәселелері жөніндегі кеңесшілерінің, облыстық, қалалық мүгедектер қоғамдары төрағаларының және азаматтық белсенділердің қатысуымен "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заңы жобасында көзделген нормаларды таныстыру және түсіндіру мақсатында дөңгелек стол өткізілді.

17.02.2021ж. аталған Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру мақсатында, Қызылорда қалалық мүгедектер қоғамы төрағасының қатысуымен мүгедектермен кездесу өткізілді.

Әлеуметтік қамсыздандырудың негізгі бағыттары бойынша 1 рет «Ашық есік» күні өткізіліп, 7 жеке тұлғаға жеке қабылдауда заңнама талаптары түсіндірілді.

Наурыз айында Департаменттің «Facebook» әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасы арқылы жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындауға қатысты облыс тұрғындарымен 2 рет интернет-конференция өткізілді. Өткізу барысында 5 азаматтан түскен сұрақтарға заңнама нормалары түсіндірілді.

Зейнетақы жүйесін жаңғырту аясында қабылданған шаралар, заңнамаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы аймақтық БАҚ арқылы ұдайы түсініктемелер берілуде. Баспасөз беттерінде 9 мақала жарияланып, телеарналардан 3 сұхбат беріліп, Департаменттің ресми сайтында және әлеуметтік желілерде 13 хабарламалар жасалды.

 

Медициналық- әлеуметтік сараптама жүргізу саласы бойынша

 

Қызылорда облысында 2021 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша «Мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған деректер банкі» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде 30807 мүгедектігі бар адам тіркелген (оның ішінде I топтағы – 3211, II топтағы – 10619, III топтағы – 11665 адам, 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар – 5312).

Департаменттің медициналық - әлеуметтік сараптама бөлімдерімен 2021 жылғы 1 тоқсанда 2985 қызмет алушыларға «Мүгедектік және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметі көрсетілді (2020ж.1 тоқсанда – 2823 немесе 5,7%-ға көбейген).

Аталған кезеңде 573 қызмет алушыға алғаш рет мүгедектік тобы тағайындалған (2020 ж. 1тоқсанда - 586 немесе 13 адамға азайған).

Есепті мерзімде 10 мың адамға шаққандағы алғашқы мүгедектіктің қарқынды көрсеткіші өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 7,3-тен 7,1 оқиғаға дейін азайған.

Алғаш рет мүгедектік тағайындалған 366 ересек адамдардың - 289 (79,0%) - жұмысқа жарамды жастағылар, 77 (21,0%) - зейнеткерлер құрайды.

Балалар арасында алғашқы мүгедектікке 207 бала шыққан, былтырғы 1 тоқсанда бұл көрсеткіш 168 болған, яғни 39 балаға көбейген.

2021 жылғы 1 тоқсанда 2035 мүгедек, оның ішінде 1469 ересек адам, 566 мүгедек бала қайта куәландырудан өткен.

Қайта куәландырудан өткен 2035 мүгедектер арасынан 198 адам толық оңалған, бұл көрсеткіш 9,7% құрайды.

2020 ж. 1 тоқсанда қайта куәландырудан өткен 2005 мүгедектер арасынан 164 адам (8,2 %) толық оңалған. Яғни, бұл көрсеткіш 1,5% -ға жақсарған.

Есепті мерзімде қайта куәландырудан өткен мүгедектердің 106 (16,2%) жартылай оңалтылған.

2020 ж. 1 тоқсанда – 129 (17,9%) мүгедек жартылай оңалтылған.

Мүгедектік топты жоғарылату көрсеткіші 5,4% құрады.

         2020 ж.1 тоқсанда бұл көрсеткіш 5,7% құраған.

Мүгедектерді жеке оңалту бағдарламасына (ОЖБ) сәйкес, 1 тоқсанда мүгедектік белгіленген барлығы 2410 адамның 2397-не (99,5%) бағдарламаның медициналық бөлігі бойынша, 1084-не (45,0%) әлеуметтік бөлігі бойынша, 82-не (3,4%) кәсіби бөлігі бойынша оңалту шаралары әзірленді.

Есепті мерзімде медициналық мекемелермен сараптамаға негізсіз және сапасыз жолданған материалдар (031/е нысанды) бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментіне және медициналық мекемелерге тиісті шара қолдану үшін 28 ақпараттық хаттар жолданды (2020ж.1 тоқсан-28).

          Аудандық және қалалық ауруханалар мен емханалардың дәрігерлік-кеңестік комиссиялары (бұдан әрі - ДКК) төрағаларының, Денсаулық сақтау басқармасының мамандарының қатысуымен «ДКК-мен медициналық-әлеуметтік сараптамаға берілген жолдамалар мен медициналық құжаттардың негізділігі мен сапасы туралы, мүгедектігі бар тұлғаларды оңалту мәселелері жөнінде» 1 рет семинар-кеңес, аудандық емханалар мен ауруханалардың ДКК төрағалары мен мүшелері арасында МӘС-тің көшпелі мәжілістерінде 6 семинар - кеңестер өткізіліп, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы 3 рет осы саладағы заңнаманы түсіндіру шаралары атқарылды.

 

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы заңнаманың сақталуын бақылау саласы бойынша

 

Департаментпен 2021 жылғы І тоқсанда профилактикалық бақылау жүргізудің тізіміне сәйкес 13 тексеру субьектісінде (13 объект) профилактикалық бақылау және 2 субъектіде (2 объект) жоспардан тыс тексеру, барлығы 15 субъектіде (15 объект) тексеру шаралары жүргізілді.

Профилактикалық бақылау жүргізілген 8 субъектіде (8 объект) мүгедектердің қолжетімділігі, 5 субъектіде (5 объект) арнаулы әлеуметтік қызметтердің көрсетілуі және мүгедектердің жеке оңалту бағдарламаларының заңдылығы тексеріліп, нәтижесінде 73 бұзушылық анықталып (о.і. мүгедектердің қолжетімділігі бойынша - 26, арнаулы әлеуметтік қызметтер бойынша - 46, мүгедектердің жеке оңалту бағдарламаларын орындау бойынша - 7), оларды жою туралы 14 ұйғарым берілді (мүгедектердің қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша – 8, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету және мүгедектердің жеке оңалту бағдарламасы бойынша – 5).

2 жоспардан тыс тексеру бойынша 2 бұзушылық анықталып (мүгедектердің қолжетімділігі бойынша – 1, мүгедектердің жеке оңалту бағдарламасын орындау бойынша - 1), оларды жою туралы 2 ұйғарым берілді және 2 лауазымды тұлғаға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 83 бабымен 102095 теңге айыппұл салынды.

Анықталған барлығы 73 бұзушылықтың есепті кезеңде 27-і (37,0%) жойылған (о.і. мүгедектердің қолжетімділігі бойынша 1, арнаулы әлеуметтік қызметтер бойынша 25, оңалту бағдарламаларын орындау бойынша 1 бұзушылық жойылған).

Қалған 46 бұзушылықты (63,1%) жоюға алдағы уақытқа мерзімдер белгіленген.

2021 жылғы І тоқсанда профилактикалық бақылау жүргізілген субъектілер саны өткен жылғы осы кезеңімен салыстырғанда 18-ден 13-ге төмендеген, жоспардан тыс тексеру жүргізілген субъектілер саны 1-ден 2-ге көбейген.

Сәйкесінше заңбұзушылықтар саны 111-ден 73-ге (65,77%) азайған, оларды жою жөнінде берілген ұйғарымдар саны 18-ден 14-ге кеміген.

2020 жылғы осы кезеңде 1 лауазымды тұлғаға 198825 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынған болса, 2021 жылғы І тоқсанда 2 лауазымды тұлғаға 102095 теңге көлемінде айыппұл салынып, салынған айыппұл көлемі 96730 теңгеге (48,6%) төмендеген.

 

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралу жайы туралы

 

Департаментпен 2021ж. І тоқсан қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың   352 өтініші қаралып, оның 115 қанағаттандырылып,  129 түсіндірме беріліп,  1 қысқартылған, 107 азамат басшылықта жеке қабылдауда болған (2020ж. І тоқсанында 431  өтініш қаралып, оның 122 қанағаттандырылып,   263 түсіндірме беріліп, 0 қысқартылған, 46 азамат басшылықта жеке қабылдауда болған).

Яғни, қаралған өтініштер саны 79-ға немесе 22,4%  азайған.

Есепті мерзімде қаралған өтініштердің 281 (80,0%) жеке тұлғалардың,  71 (20,0%) заңды тұлғалардың өтініштері болып табылады.

Қаралған өтініштердің 134(38,1,1%) - зейнетақы және әлеуметтік қамсыздан-дыру саласы бойынша, 215 (61,1%) - медициналық – әлеуметтік сараптама жүргізу саласы бойынша, 3 (0,8%) өтініш халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бойынша қаралған.

 

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары туралы

 

          Департамент қызметкерлерімен есепті кезеңде халықты зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыруда, медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуде, мүгедектерді әлеуметтік қорғау және арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнаманың сақталуын бақылауда атқарылған жұмыстар жөнінде, осы саладағы заңнама талаптарын түсіндіру мақсатында баспасөз беттерінде 15 мақала жарияланып, телеарналардан 3 сұхбат берілген, әлеуметтік желілер арқылы 16 хабарламалар жарияланған, Облыстық коммуникациялар қызметінде 1 рет брифинг, 10 рет мекеме, кәсіпорын қызметкерлерінің қатысуымен семинар кеңестер, 3 рет құқықтық оқу, 2 рет дөңгелек стол өткізілді.

 

 

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон

комитетінің Қызылорда облысы

бойынша Департаменті

 

Дата публикации
10 июня 2021
Дата обновления
10 июня 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

29 сентября 2026
Әлеуметтік өзгерістер
29 сентября 2026
Инклюзия
29 сентября 2026
Жұмыспен қамту

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы