Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қызылорда облысы бойынша ДепартаментіменҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Департаментімен бірлесіп бекітілген «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі аясында 2021 жылы атқарылатын іс-шаралар жоспарына сәйкес, бірқатар шаралар атқарылуда.
Атап айтқанда, жеке азаматтар мен қоғамдық бірлестіктер тарапынан көтерілетін қоғамдық маңызы бар мәселелерді құзырлы тараптардың қатысуымен ашық талқылау және шешу жолдарын қарастыру үшін Департаментте «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі аясында қоғамдық қабылдау бөлмесі ашылды.
Медициналық-әлеуметтік сараптамаға куәландырудан өтуге келген азаматтарға қолайлы және ыңғайлы жағдайлар жасауда Департамент ғимаратының фойесінде балаларға арналған ойын бұрышыорнатылды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында, а.ж. наурыз айындақолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге талдау жүргізіліп, нәтижесімен бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетіне 12.03.2021 ж. №2-02/298-И хат жолданды.
Департаментпен «Facebook»әлеуметтік желісінде әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша 18.03.2021 ж. интернет-конференция өткізіліп, қатысқан азаматтардың сұрақтарына жауаптар берілді.
Департамент басшысының 12.01.2021 ж. №4 н/қ бұйрығына сәйкес,Департаменттің2020 жылғы ІІ жартыжылдығындағы қызметінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2021 жылғы 15-30 қаңтар аралығында жүргізілді.
Бөлімдердің 2021жылғы І жартыжылдығы қызметінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2021 жылғы шілде айында жүргізу жоспарлануда.
Департамент қызметкерлері арасында мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптары мен Әдеп кодексін сақтау жөнінде ай сайын семинар-кеңестер мен құқықтық оқулар өткізілуде. Жыл басынан қызметкерлер арасында үш рет түсіндіру шаралары өткізілді. Түсіндіру шараларына қатысу үшін Облыстықпрокуратура органдары мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің өкілдері шақырылып, қатысуда.
Департаменттің «Facebook» және «Instagram» желілеріндегі парақшаларында 11.03.2021 ж. 8-(7242)-27-01-26 сенім телефоны жарияланды. Облыстық «Кызылординские вести» газетінің 06.02.2021 ж. №19-20 (19.092-19.093) санында, «Сыр бойы» газетінің 06.02.2021 ж. №19-20 (20093-20094) Департамент басшылық құрамының жеке және заңды тұлғаларды қабылдау кестесі мен сенім телефоны жарияланды.
Департаментке келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне тоқсан сайын талдау жүргізіліп, қорытындысыменталдамалық анықтама жасалуда.
Ағымдағы жылғы 2 айда Департаментке барлығы 316 өтініш түскен, о.і. 271 арыз, 2 шағым, 43 сауал. Түскен 316 өтініштің 43-і ведомство бойынша жолданған, 18-і есепті мерзімнің соңына қалдықты қалғаны. Қаралған 261 өтініштің 96-ы қанағаттандырылған, 91-і түсіндірілген, 74-і жеке қабылдауда ауызша түсіндірілді.
Қараудан бас тартылған және қайталап түскен өтініштер тіркелмеген.
Зейнетақы және әлеуметтік жәрдемақы төлемдерін тағайындау және қайта қарау барысында «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕ АҚ-ның Қызылорда облысы бойынша филиалы қызметіне, сонымен қатар әлеуметтік қамсыздандыру бөлімдерінің қызметіне заңнаманың сақталуына ай сайын мониторинг жүргізілуде.
«Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕ АҚ-ның Қызылорда облысы бойынша филиалы қызметкерлеріне жүйелі түрде онлайн режимінде құқықтық оқулар мен семинар-кеңестер өткізіліп тұрады.