«ҚР-да мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» (бұдан әрі – Заң) 16.06.1997ж. №126 заңның 13 бабына сәйкес асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы алуға, асыраушысы қайтыс болған отбасының еңбекке жарамсыз, оның асырауында болған мүшелерінің құқығы бар.
Бұл орайда отбасының еңбекке жарамсыз мүшелерi болып, егер қайтыс болған асыраушысының 8 жасқа толмаған балаларын, iнiлерiн, қарындастарын немесе немерелерiн күтумен айналысса және жұмыс iстемейтiн болса, жасы мен еңбекке жарамдылығына қарамастан ата-аналардың немесе жұбайлардың бiреуi не атасы, әжесi, аға-iнiсi немесе апа-сiңлiсі табылады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 26.12.2019ж. №286 - «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңның 12 бабына сәйкес, егер қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) адам жұмыс істеген мекемесінен мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына (бұдан әрі – Қор) ай-сайын әлеуметтік аударымдарды аударған жағдайда, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы ретінде оның асырауында болған отбасы мүшелерінің Қорға мемлекеттік корпорация арқылы асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты әлеуметтік төлемді тағайындату туралы өтініш беруге құқығы бар.
Заңның 5 бабы 3 тармағына сәйкес асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақылар жәрдемақыға құқығы туындаған күннен бастап, бiрақ он екі айдан аспайтын мерзiм үшiн, ал мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы қайтыс болған күннен бастап тағайындалады.
Осы аталған мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы және мемлекеттік әлеуметтік төлемді алу үшін тұрғылықты жеріндегі «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалының бөліміне нысандағыөтінішімен қоса төменде көрсетілген құжаттарды ұсынуы қажет.
1) жеке басты куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің ықтиярхаты, Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейінгі оралман куәлігі) жеке басынсәйкестендіру үшін қажет);
2) асыраушының қайтыс болуы туралы куәлік немесе адамды хабарошарсыз кетті деп (қайтыс болды) тану туралы соттың шешімі;
3) асырауындағының қайтыс болған адаммен туыстық қатынасын растайтын (тууы туралы, некеге тұру, некені бұзу, әкелігін анықтау (аналығын) туралы куәлік).
Болуына қарай, мынадай құжаттар ұсынылады:
1) азаматтық хал актiлерiн тiркеу жөнiндегi органдардың (егер туу туралы куәлікке әкесі туралы мәліметтер анасының мәлімдеуі бойынша енгізілсе) анықтамасы;
2) егер он сегіз бен жиырма үш жас аралығындағы асырауындағы адамдар күндiзгi оқу бөлiмiнiң оқушылары болып табылса, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқу орнының анықтамасы (оқу орнынан берілген анықтама тиісті оқу жылына жыл сайын ұсынылады);
3) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу туралы құжат;
4) Қазпошта және ІІ-деңгейдегі Банктерден алынған 20-сандық шот нөмері.