Меню

Страницы

Статья

Ұлы Отан соғысының ардагерлерін әлеуметтік қолдау туралы

Ұлы Отан соғысының ардагерлері Қазақстан Республикасының «Ардагерлер туралы» 06.05.2020 ж. Заңы бойынша әлеуметтік қорғалатын ардагерлердің  негізгі санатына жатады.

Аталған Заңның  4 бабына сәйкес, мыналар Ұлы Отан соғысының ардагерлері болып танылады:

1) Ұлы Отан соғысына қатысушылар, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын (бұдан әрі – КСР Одағы) қорғау бойынша басқа да ұрыс операциялары кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшiлер, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушiлерi;

2) Ұлы Отан соғысының мүгедектері, атап айтқанда Ұлы Отан соғысы кезеңінде майданда, ұрыс қимылдары аудандарында, майдан маңындағы темiржол учаскелерінде, қорғаныс шептерiнің, әскери-теңiз базалары мен әуеайлақтардың құрылысжайларында жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшiлерi, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушiлерi, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшiлер.

Заңның  10  бабына сәйкес, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне мынадай әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылады:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлеу;

2)  жергілікті атқарушы орган өз құзыреті шегінде көрсететін ақшалай немесе заттай түрдегі әлеуметтік көмек;

3) егер олар Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғынжайға мұқтаж деп танылса және бұрын тұрғынжайды бiрiншi кезекте алу құқығын пайдаланбаған болса, жергiлiктi атқарушы органдардың, ұйымдардың біржолғы бiрiншi кезекте тұрғынжаймен қамтамасыз етуi;

4)  жеке тұрғын үй салу үшiн жер учаскелерiн біржолғы бiрiншi кезекте алу;

5) коммуналдық тұрғын үй қорының үйлерiндегi өздерi тұратын тұрғынжайларды Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасында белгiленген тәртiппен меншiкке беру (Ұлы Отан соғысының тұрғынжай берілген ардагері қайтыс болған жағдайда, оны өтеусіз алу құқығы оның отбасы мүшелеріне өтеді);

6) амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдарда артықшылықпен қызмет көрсету және ауруханаға кезектен тыс жатқызу;

7)  Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртiппен бiлiктi медициналық көмек алу;

8) протездермен (тіс протездерінен басқа) және протездік-ортопедиялық бұйымдармен тегін қамтамасыз ету;

9) Ұлы Отан соғысының ардагерлері жұмыс iстеп жүрген кезiнде тіркелген емханаларды зейнеткерлiкке шыққан кезде де пайдалану құқығы;

10) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлемін бірінші кезекте алу;

11)  барлық байланыс қызметiн кезектен тыс пайдалану құқығы;

12)  Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жеңiлдiктi салық салу.

Ұлы Отан соғысының қайтыс болған жалғызiлiктi ардагерлерін жерлеуді тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметтері салт-жоралар рәсiмдерiн орындай отырып жүзеге асырады.

Отбасы мүшелеріне не Ұлы Отан соғысының қайтыс болған ардагерін жерлеуді жүзеге асырған адамға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жерлеуге арналған біржолғы төлем төленеді.

Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасына сай Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қосымша әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылады.

Кеңес Одағының Батыры, «Халық қаhарманы», Социалистiк Еңбек Ерi атақтарына ие болған, үш дәрежелi Даңқ орденiмен, «Отан» орденiмен наградталған Ұлы Отан соғысына қатысушыларға әскери құрмет көрсетіле отырып, тегiн жерлеу және қабiрлерiнiң басына құлпытас орнату құқығы беріледі.

Дата публикации
07 декабря 2020
Дата обновления
07 декабря 2020
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

29 сентября 2026
Әлеуметтік өзгерістер
29 сентября 2026
Инклюзия
29 сентября 2026
Жұмыспен қамту

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы