Меню

Страницы

Статья

«Әлеуметтік қызметтер порталының» жұмысы туралы

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап мүгедектігі бар адамдар оңалтудың техникалық құралдарына (бұдан әрі-ОТҚ) және арнаулы әлеуметтік қызметтерге «Әлеуметтік қызметтер порталы» арқылы өз бетінше тапсырыс бере алады.

Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдарды,  сонымен қатар  кресло - арбаларды беруді қамтиды. Арнайы әлеуметтік қызметтерге жеке көмекшілердің, ымдау тілі мамандарының және санаторий - курорттық емдеу қызметтері жатады.

Бүгінгі күнге дейін ОТҚ және жоғарыда аталған қызметтер мемлекеттік сатып алу арқылы ұсынылған. Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінің сапасын арттыру және қолжетімділігін жаңғырту мақсатында 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап елдің бүкіл аймағында «Әлеуметтік қызметтер порталы» енгізілді.

Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізудің ұзақтылығына байланысты, бұрын оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін алу мерзімі мүгедектік белгіленген сәттен бастап 8 айға дейін созылатын. Порталды енгізу оңалту қызметтеріне қажеттілікті есепке алудың ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ең бастысы, оңалту қызметтері мен құралдарының оларды алушылардың жеке қажеттіліктеріне сәйкестігіне қатысты проблемаларды шешеді, өйткені мүгедектігі бар адамдар тауардың және қызметтің қажетті түрін өз бетінше таңдай алады.

Порталды енгізу нәтижесінде ОТҚ ұсыну және арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің мерзімдері оларды тағайындаудың белсенді форматы арқылы 8 айдан 1-2 аптаға дейін қысқарады. Мүгедектігі бар азаматтардың талап - тілектеріне сәйкес оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерінің белгіленген құнын өтеу тетігі көзделген. Бұл порталда қымбат тауарлар мен қызметтерді таңдау кезінде қосымша ақыны жүзеге асыру функциясы қол жетімді болады дегенді білдіреді.

Бұдан басқа, сертификатталған мамандардың неғұрлым кең ауқымы қолжетімді болады, ал медициналық - әлеуметтік мекемелердің бірыңғай тізілімінде барлық медициналық - әлеуметтік мекемелердің жарақтандырылуы мен жүктелуі ескерілетін болады.

Портал енгізу оңалту құралдары мен қызметтеріне тең қолжетімділікті,
үйден шықпай «бір терезе» арқылы уақытылы әлеуметтік көмек көрсетуді, сонымен қатар жеке қажеттіліктерді, өнім берушілер, әлеуметтік қызметкерлер мен мамандар туралы мәліметтерді есепке алуды қамтамасыз етеді. Бұл адал бәсекелестікті арттыруға мүмкіндік береді және әлеуетті өнім берушілердің оңалту құралдары мен қызметтерін іске асыруға қатысуының ашықтығын қамтамасыз етеді.

Қызмет алушылар порталды өз бетінше ЭЦП кілттерімен немесе Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен қалалық, аудандық бөлімдері қызметкерлерінің көмегімен пайдалана алады.

«Әлеуметтік қызметтер порталы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін енгізу мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі Ұлттық жоспар аясында жүзеге асырылған.

Ресурсты Казақстанның барлық қалалары тұрғындарының пайдалануы жоспарланған, ол 400 мыңнан астам пайдаланушы мен 200 мың өнім берушіні қамтиды.

2020 жылдың 1 қаңтарынан бергі уақыт аралығында  Қызылорда облысы бойынша «Әлеуметтік қызметтер порталы» арқылы 24 ТОҚ-на 94 мүгедектен 299 өтінім беріліп, орындалған.

 

 

Дата публикации
21 октября 2020
Дата обновления
21 октября 2020
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

29 сентября 2026
Әлеуметтік өзгерістер
29 сентября 2026
Инклюзия
29 сентября 2026
Жұмыспен қамту

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы