Бекітемін
Еңбек, әуметтік қорғау және көші-қон комитетінің
Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысы
_________________ Т. Жолымбетов
«5» қаңтар 2020 жыл
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің
әдеп жөніндегі уәкілінің 2020 жылға арналған жұмыс жоспары
|
№ |
Іс-шаралар мазмұны |
Орындалу мерзімі |
Аяқталу нысаны |
|
1. Консультациялық көмек және түсіндіру жұмысы |
|||
|
1.1 |
Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша департаменттің мемлекеттік қызметшілеріне консультациялық көмек көрсету |
Тұрақты түрде |
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің әдеп жөніндегі уәкіліне есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей есеп ұсыну |
|
1.2 |
Әдеп жөніндегі уәкілдің құзыретіне жататын мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғаларды қабылдау |
Әр аптаның жұма күні сағат 17.00 ден 18.00 –ге дейін |
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің әдеп жөніндегі уәкіліне есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей есеп ұсыну |
|
1.3 |
Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша департамент қызметкерлеріне семинар-кеңестер мен дәрістер өткізу |
Ай сайын кемінде 1 рет |
Хаттамалар |
|
1.4 |
Әдеп жөніндегі уәкілдің құзыретіне жататын мәселелер бойынша бұқаралық ақпарат құралдары арқылы баспа материалдарын жариялау |
Департаменттің бекітілген медиа-жоспарына сәйкес |
Бұқаралық ақпараттық құралдарындағы жарияланымдар мен мақалалар |
|
1.5 |
Облыс аумақтарына шығу арқылы қызмет алушылармен кездесулер өткізу
|
Арнайы кесте бойынша |
Департамент басшысына қызметтік хат беру |
|
2. Қызметтік әдеп нормаларының, сонымен қатар нормативті актілерде бекітілген шектеулер мен тыйымдардың сақталуын мониторингілеу және бақылау |
|||
|
2.1 |
Мемлекеттік қызметші атына кір келтіретін фактілерді (оқиғаларды) анықтау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдардағы және әлеуметтік желілердегі жарияланымдарды зерделеу, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің жеке аккаунтындағы теріс сипаттағы жарияланымдарды анықтау мақсатында танымал әлеуметтік желілерді (Vkontakte, Facebook, Instagram, Мой мир, т.б.) мониторингілеу |
Тұрақты түрде |
Анықталған жағдайларда дереу департамент басшысына хабарлау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің әдеп жөніндегі уәкіліне есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей есеп ұсыну |
|
2.2 |
Мемлекеттік қызметшілердің заңнамада белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауына мониторинг жүргізу |
Тұрақты түрде |
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің әдеп жөніндегі уәкіліне есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей есеп ұсыну |
|
2.3 |
Департаменттің мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау |
Өтініштер түскен жағдайда |
Өтініштердің қарау қорытындысын департамент басшысына хабарлау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің әдеп жөніндегі уәкіліне есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей есеп ұсыну |
|
3. Мемлекеттік қызметшілерінің Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптарын бұзуға баруына ықпал ететін себептер мен жағдайларды талдау |
|||
|
3.1 |
Департаменттің мемлекеттік қызметшілерінің Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптарын бұзуға баруына ықпал ететін себептер мен жағдайларды талдау |
Жарты жылда кемінде бір рет |
Департамент басшысына қызметтік хат |
|
3.2 |
Азаматтық қоғам институттарымен және құзырлы мемлекеттік органдармен бірлесіп Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және әдеп кодексін бұзудың профилактикасы және оған жол бермеу, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау |
Тұрақты түрде |
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің әдеп жөніндегі уәкіліне есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей есеп ұсыну |
|
3.3 |
Департаментте қызметтік әдеп нормаларының сақталуын, сондай-ақ ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу мақсатында мемлекеттік қызметшілер арасында анонимді сауалнама жүргізу |
Жарты жыл сайын |
Департамент басшысына талдамалы қызметтік хат |
|
3.4 |
Жүргізілген анонимді сауалнаманың қорытындысы бойынша қажетті іс-шаралар жоспарын әзірлеу және қабылдау |
2020 жылғы маусым және желтоқсан айлары |
Бекітілген іс-шаралар жоспары |