ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі – «Адалдық алаңы» жобасын жүзеге асыру жөніндегііс-шаралар жоспарының орындалуы туралы
ҚЫСҚАША АҚПАРАТ
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінде(әрі қарай - Департамент) 28.05.2020 ж. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі – «Адалдық алаңы» жобасы Жарғысының негізгі міндеттерін жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, департамент басшысымен бекітілді.
Бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес, қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша талдау жүргізіліп, нәтижесімен Департаменттің 03.04.2020 ж. №02-1/586, 07.07.2020 ж. №02-2/1002 санды хаттарымен мемлекеттік бақылау функцияларын реттейтін бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар жолданды.
Сонымен қатар, Департаменттің 20.04.2020 ж. №01-1/651 хатымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына ұсыныстар жолданды.
Департаментке түскен заңды және жеке тұлғалардың өтініштеріне, оның ішінде қайталап түскен өтініштерге тоқсан сайын талдау жүргізіледі.
Анықтама:2020 жылдың бірінші жартысында түскен 993 өтініштің 800-ден астамы (80,5%) жеке тұлғалардан, 125-і (12,6%) – заңды тұлғалардан, 68-і (6,9%) – азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдау барысында түскен өтініштер. Жалпы түскен 993 өтініштің 443-і (44,6%) толық қанағаттандырылған, 465-і (46,8%) бойынша түсіндірілген, қалған 85-нің қаралуы келесі кезеңге қалдырылды. Өткен жылғы осы кезеңімен салыстырғанда түскен өтініштер үлесі енгізілген төтенше жағдай мен карантиндік шектеулерге байланысты 34,9%-ке, оның ішінде қанағаттандырылған өтініштердің үлесі 20,8%-тен 44,6%-ке артты. Қайталап түскен өтініштер болмаған.
МӘС комиссияларының қызметі а.ж. наурыз айынан бастап сырттай куәландыру тәртібіне көшірілді. Бұл өз кезегінде мемлекеттік қызмет көрсету барысында адами факторлардың әсерінің төмендеуіне мүмкіндік берді.
Департаменттің интернет-ресурсында «Адалдық алаңы» атты бөлімі ашылып, онда осы бағытта атқарылып жатқан шаралар орналастырылып келеді. Сондай-ақ, Департаменттің «Facebook», «Instagram» әлеуметтік желілеріндегі парақшаларындасыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша өзекті ақпараттар орналастырылған.
Бос мемлекеттік лауазымға конкурс өткізу барысында жүргізілетін әңгімелесу рәсіміне қатысуға байқаушыларды, соның ішінде уәкілетті орган өкілдерін шақырылып, конкурс өткізу рәсімдерінің барынша ашықтығы қамтамасыз етілуде.
Қызметкерлердің бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мақсатында құқықтық оқулар ай сайын өткізіледі. Ұжымда парасаттылық принциптерін енгізу мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл уәкілетті органдарымен бірлесіп, департамент қызметкерлерінің пенитенциарды мекемелердің сыбайлас жемқорлық бұзушылық салдарларын зерттеу бөлігіндегі жұмысымен таныстыру а.ж. мамыр айында жоспарланған. Алайда, енгізілген карантиндік шектеулерге байланысты, бұл жұмыс кейінгі уақытқа шегерілді.
«Open spase» форматын қолданысқа енгізу мәселесі Департаментте әзірге шешімін таппай отыр. Себебі, Департаменттің орналасқан жайы Қызылорда облысы әкімдігінің теңгерімінде және қызметтік бөлмелерді қайта құру құқығы қарастырылмаған. Сонымен бірге, медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізілетін бөлімдерде қызмет алушыларды қабылдау барысында қабырғалары мөлдір емес материалдардан жасалған және есіктері кілттенетін бөлмелерді қажет етеді.