«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы»
Қызылорда облысы бойынша филалының қалалық бөлім мамандарына оқыту сабағы өткізілді.
07.08.2020ж. Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің №2 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы К.Сарсенов «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы облыстық филалының қалалық бөлімі БЭК-офис мамандарына оқыту сабағын өткізді.
Оқыту барысында көп балалы отбасыларға берілетін жаңа жәрдемақыны тағайындауда патронаттық тәрбиеге берілген баланың отбасы құрамында ескерілуі туралы және сонымен қатар, жәрдемақы мөлшерін қайта қарау жөнінде туындаған мәселелерге қатысты түсіндірмелер беріліп, осы туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 17.07.2020 ж. №21-4-21/316-И, 06.08.2020 ж. №21-4-21/2000, №21-4-21/2122-И хаттары таныстырылды.