Меню

Страницы

Статья

Ардагерлер үшін жәрдемақы мөлшері

Ардагерлер үшін жәрдемақы мөлшері

           

   2020 жылғы 6 мамырдаҚазақстан Республикасының № 322-VІ«Ардагерлер туралы» Заңы қабылданды.

        Заңға сәйкес мына төмендегі санаттар үшін арнаулы мемлекеттік жәрдемақыларының  мөлшері қайта қаралатын болады:

- 1988 – 1989 жылдары Чернобыль АЭС-тағы апаттың салдарын жоюға қатысушылар, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылғандар (өз еркімен кеткендер) қатарындағы адамдарға – 4,8 айлық есептік көрсеткіш(АЕК)(2778*4,8)=13335теңге;

- Ұлы Отан соғысының қатысушылары арасынан шыққан Социалистік Еңбек Ерлеріне – 138,63 АЕК;

- Социалистік Еңбек Ерлеріне, үш дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің иегерлеріне – 138,63 АЕК (2778*138,63)=385114т.

Сонымен қатар,жаңадан төмендегі санаттағы азаматтарға 4,8 АЕК(2778*4,8)=13335 теңге мөлшерінде арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны  тағайындап, төлеу енгізілді.

        - Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне;- Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне;

- Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының қатардағы және басшы құрамының адамдарына.

Дата публикации
12 июня 2020
Дата обновления
12 июня 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

29 сентября 2026
Әлеуметтік өзгерістер
29 сентября 2026
Инклюзия
29 сентября 2026
Жұмыспен қамту

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы