Меню

Страницы

Статья

Сегіз және одан да көп балалы отбасыларға берілетін жәрдемақының мөлшері қайта қаралады.

Сегіз және одан да көп балалы отбасыларға берілетін жәрдемақының мөлшері қайта қаралады.

 

   

       «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» ҚР 2005 жылғы 28 маусымдағы N 63 Заңына сәйкес  2020 жылдың 1 қаңтарынан құрамында бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға  бала санына қарай сараланып, 4 баладан басталып, 7 баламен шектеліп жәрдемақы төленіп келген.

 Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ана мен баланы қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырылулар енгізілуіне байланысты,көп балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы мөлшерін 8 және одан да көп балалары бар отбасылар үшін әр балаға4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өзгертілетін болады.

Аталған мемлекеттік жәрдемақыларының мөлшерін Заң ережесі бойынша 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енуі қарастырылған.

Ағымдағы жылдың 1 сәуірінен жәрдемақы мен басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін айлық есептік көрсеткіш 2651 теңгеден 2778 теңгеге көтерілді.

Осыған орай, қайта есептеу барысында тиісті кезеңге бекітілген айлық есептік көрсеткішті, яғни қаңтар мен наурыз айлары кезеңіне  2651 теңгені,ал 1 сәуірден бастап 2778 теңгені қолдану қажет.

Мысалы, қаңтар-наурыз айларына  әр балаға 10604 теңгеден: 8 балалы отбасына - 84832 теңге, 9 балаға-95436теңге, 10 балаға- 106040 теңге болады да, 1 сәуірден әр балаға 11112 теңгеден  8 балаға-88896 теңге, 9 балаға-100008 теңге, 10 балаға -111120 теңгеге көбейтіледі және одан әрі  бала санына қарай өзгереді.

Еңбек,әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің  аумақтық департаменті мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясың облыстық филиалымен бірлесе отырып ,8 және одан да көп балалары бар отбасыларына берілетін жәрдемақы мөлшерін 2020 жылғы 1 қаңтардан  бастап толық және уакытылы қайта есептеу және өткен айларда төленбеген айырмашылықты есептеу бойынша жұмыстарды  жүргізетін болады.

Дата публикации
12 июня 2020
Дата обновления
12 июня 2020
Тип
Сұхбат

Сейчас читают

29 сентября 2026
Әлеуметтік өзгерістер
29 сентября 2026
Инклюзия
29 сентября 2026
Жұмыспен қамту

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы