2015 жылы Қазақстан ратификациялаған Мүгедектердің құқықтары туралы Конвенцияға сәйкес қатысушы мемлекеттер мүгедектердің көлікке, ақпаратқа және байланысқа, соның ішінде қалалық және ауылдық аудандардағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен жүйелерге басқалармен тең дәрежеде қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін тиісті шаралар қабылдануы тиіс.
«Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» ҚР Заңындағы ең маңызды нормалардың бірі мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне, коммуникациялар мен ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етуді регламенттейтін талаптар болып табылады.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі Ұлттық жоспардың 2025 жылға дейінгі бағыттарының бірі кешенді қолжетімділік және кедергісіз орта болып табылады. Осы бағыт шеңберінде «ақылға қонымды бейімдеу» ұғымы заңнамалық деңгейде бекітілді, мүгедектігі бар адамдар және халықтың басқа да қимылы шектеулі топтары үшін ғимараттар мен құрылыстардың, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары мен елді мекендер көшелерінің қолжетімділігін міндетті қамтамасыз ету талаптарын белгілеу бөлігінде заңнаманы жетілдіру көзделген.
Яғни, кедергісіз қол жеткізу, еркін бағдарлау және жүріп-тұру үшін жағдай жасау жөніндегі міндет жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға да жүктеледі. Әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін мүгедектігі бар адамдардың қол жеткізу үшін бейімдеу мүмкін болмаған жағдайларда, аталған адамдар мүгедектігі бар адамдардың қажеттіліктерін барынша ескеретін шаралар қабылдауға тиіс.
Қазіргі уақытта халықтың аз қозғалатын топтарының тыныс - тіршілігі үшін қолайлы орта құру үшін қолданыстағы нормативтік-құқықтық және техникалық база құрылыс процесінің әр кезеңінде (жобалау және құрылыс кезінде) барлық қажетті талаптарды қамтиды.
«AMANAT» партиясының «Өзгеріс жолы: Әр адамға лайықты өмір!» Жол картасы аясында мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне кедергісіз қол жеткізуі үшін 1294 объектіні бейімдеу жоспарланған (2021 жылы – 258 объект, 2022 жылы – 259 объект, 2023 жылы – 259 объект, 2024 жылы – 259 объект, 2025 жылы – 259 объект).
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау» ақпараттық порталында «Қолжетімділіктің интерактивті картасы» бөлімі іске асырылды, ол жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілерінің қолжетімділігі туралы мәліметтерімен толықтырылады.
Портал әрбір объектінің қолжетімділігін бағалауға және пікірлер қалдыруға мүмкіндік береді.
Портал жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік және көліктік инфрақұрылым объектілерінің қолжетімділігі туралы деректерін цифрландыруға және жүйелеуге мүмкіндік берді, бұл объектілердің қолжетімділігі туралы жұртшылықты жария түрде хабардар етуге және мүгедектігі бар адамдардың әлеуетті қатысуын бағалауға сүйене отырып, объектілерді түгендеудің және бейімдеудің өңірлік жоспарлары арқылы объектілерді бейімдеу бойынша пәрменді шаралар қабылдауға ықпал етті.
Бүгінгі таңда жүйеге 2345 объектінің деректері енгізілді, оның ішінде есту қабілеті бұзылған адамдар үшін 546 объект, кресло - арбамен қозғалатын, көру қабілеті бұзылған адамдар және тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдар үшін 536 объект қолжетімді болып табылады.
2021-2022 жылдар аралығында «AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында жергілікті атқару органдарының қалалық, аудандық қоғамдық бақылау топтарының жұмысын жандандырылған, мүгедектігі бар адамдар үшін жүргізілген бейімдеу сапасына, жергілікті атқарушы органдармен бейімделген 517 әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне мониторинг жүргізуде.
2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Департаментпен 478 объектіде постбақылау шаралары жүзеге асырылды, бұл барлық бейімдеуге жоспарланған объектілер санының 92,5% құрайды.
Бұл бағыттағы жұмыс мүгедектігі бар адамдар үшін кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі Жол картасы аясында жалғасуда.