01.07.2023ж. бастап асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлемін тағайындау тәртібі 20.04.2023ж. Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексімен реттеледі.
Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында және ратификацияланған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең дәрежеде жәрдемақы алуға құқылы.
Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны алу құқығы қайтыс болған асыраушының асырауында болған еңбекке қабілетсіз отбасы мүшелеріне беріледі.
Асырауында болғандар деп қайтыс болған адамның толық қамқорлығында болған немесе одан тұрақты және негізгі күнкөріс көзі болып табылатын көмек алған адамдар танылады.
Еңбекке қабілетсіз отбасы мүшелеріне мыналар жатады:
18 жастан асқан, білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында оқитын азаматтар оқуын аяқтағанға дейін, бірақ 23 жасқа толғанға дейін жәрдемақы алуға құқылы.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі өтініш барлық қажетті құжаттармен тіркелген күннен бастап 7 жұмыс күнінен аспайды. Қажет болған жағдайда мәліметтердің дұрыстығын тексеру үшін мерзім 5 жұмыс күніне дейін, ал қосымша құжаттар талап етілген жағдайда 30 жұмыс күніне дейін ұзартылады.
Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшері еңбекке қабілетсіз отбасы мүшелерінің санына байланысты айқындалады және тиісті қаржы жылына белгіленген күнкөріс денгейінің үлесі ретінде есептеледі (2026 ж. республиқалық бюджет туралы заңда ең төменгі күнкөріс денгейі – 50 851 теңге болып белгіленді.).
01.01.2026ж. жағдай бойынша асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшері:
Толық жетім балалар (екі ата-анасынан айырылғандар) үшін:
Жәрдемақы оны алу құқығы туындаған күннен бастап, бірақ өтініш берген күнге дейін 12 айдан аспайтын мерзімге тағайындалады.
Жәрдемақыны тағайындау үшін тұрғылықты жеріндегі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының филиалына жүгініп, келесі құжаттарды ұсыну қажет:
Қажет болған жағдайда қосымша құжаттар ұсынылады (оқу орнынан анықтама, қорғаншылық немесе қамқоршылық туралы құжаттар, әскери қызмет туралы мәліметтер және басқалар).
2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша облыс бойынша аталған төлемді алушылар саны 9 942 адамды құрайды.