«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің
Қызылорда облысы бойынша департаменті»
республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1.Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіЕңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қызылорда облысыбойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) халықты әлеуметтік қорғау саласында іске асыру және бақылау функцияларын өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің
(бұдан әрі – Комитет) аумақтық бөлімшесі болып табылады.
11.Департамент қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. Департаментке өзінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
2-тарау. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
1) өз құзыреті шегінде зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру, мүгедектерді әлеуметтік қорғау, медициналық-әлеуметтік сараптама саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) өз құзыреті шегінде мүгедектерді әлеуметтік қорғау, арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру.
1) республикалық бюджеттен төлемдерді: мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны, мемлекеттік арнайы жәрдемақыны, бала тууына байланысты тағайындалатын және төленетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақыны, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыларды, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға, мүгедек баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеп отырған анасы немесе әкесіне, асырап алушыға, қамқоршысына (қорғаншысына), бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтім жасау бойынша, төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін жоғары оқу орындарында күндізгі оқуда оқитын балалары олар білім беру ұйымдарында оқуын бітіргенге (бірақ жиырма үш жастан аспағанға) дейін, капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі әлеуметтік жәрдемақы түріндегі Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлем,Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға, саяси қуғын-сүргін құрбандарына берілетін біржолғы ақшалай өтемақы, жерлеуге берілетін біржолғы төлем, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомасы мен әлеуметтік аударымдардың сомасы арасындағы айырма түрінде әлеуметтік көмек, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының инфляция деңгейін ескере отырып, сомасы зейнетақы жинақтарын алу құқығына ие болған сәттегі зейнетақы төлемдеріне құқықты иеленуі кезіндегі зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырманы тағайындаужәне олардың төленуін қамтамасыз ету жөніндегі, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда әлеуметтік төлемді алушыларға міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидиясыны тағайындау (өзгерту, қалпына келтіру, тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау;
2) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген тәртіпте қарау;
3) медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу;
4) организм функцияларының бұзылу және тұрмыс-тіршілігінің шектелу дәрежесiне қарай себебi, мерзiмi айқындала отырып, мүгедектiк тобын және (немесе) еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесiн белгілеу;
5)мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған деректер банкін қалыптастыру;
6) халықтың мүгедектiгi деңгейi мен себептерiн зерделеу;
7) мүгедектік алғаш рет белгіленген кезде мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, мүгедектігі бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы, мүгедек баланы тәрбиелеушіге жәрдемақы, бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтім жасау бойынша жәрдемақы, сондай-ақ Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайға байланысты әлеуметтiк төлемдер тағайындауға құжаттар қабылдау;
8) мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасының әлеуметтік және кәсіптік бөліктерін әзірлеу, еңбек (қызметтік) міндеттерін орындаумен байланысты жарақат алған немесе денсаулығына басқа да зиян келтірілген жұмыскердің қажеттілігін анықтау, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген қосымша көмек түрлері мен күтімге мұқтаждығын айқындау,
9) өз құзыреті шегінде мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламаларының іске асырылуын бақылау;
10) Министрлік пен Комитет басшылығының тапсырмаларын орындау;
11) өз құзыреті шегінде халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік қызметтер көрсету;
12) Министрліктің Стратегиялық және Операциялық жоспарларын және Комитеттің жұмыс жоспарын іске асыруға қатысу;
13) Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
14) халықты әлеуметтік қорғау саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарау және әкiмшiлiк жазаларды салу;
15) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де міндеттер мен функциялар.
1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен өз құзыреті шегінде халықты әлеуметтік қорғау саласындағы, арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнама талаптарының сақталуы бойынша тексеруді және алдын ала бақылауды жүзеге асыру;
2) басқа мемлекеттік органдармен және меншік нысанына қарамастан өзге ұйымдармен іс-қимылды жүзеге асыру, олардан қажетті мәліметтер мен материалдарды, соның ішінде өзінің бақылау функцияларын жүзеге асыру үшін сұрату және алу;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен талдау жұмысын қамтамасыз етуге және Департаментке жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға қажетті құжаттар мен ақпараттық сипаттағы анықтамаларды Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарынан, жергілікті атқарушы органдардан, жеке және заңды тұлғалардан сұрату және алу;
4) Министрлік пен Комитеттің, Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелерді талқылау жөніндегі комиссиялар мен жұмыс топтарының жұмысына қатысу;
5) Министрлік пен Комитеттің, Департаменттің қызметінде қолданылатын нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
6) өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түсу;
7) Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тиісті сенімхат негізінде мемлекеттік мекемелерде, меншік нысанына қарамастан ұйымдарда, республиканың соттарында Министрліктің және (немесе) Комитеттің атынан өкілдік ету;
8) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдер қабылдау;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделерін сақтау;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
3-тарау. Департаменттің қызметін ұйымдастыру
1) Департамент жұмыскерлерінің, еңбек қатынастарының мәселелері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жоғары тұрған лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған жұмыскерлерді қоспағанда, міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
2) Департамент жұмыскерлерінің, еңбек қатынастарының мәселелері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жоғары тұрған лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған жұмыскерлерді қоспағанда, заңнамаға сай лауазымдарға тағайындайды және лауазымдардан босатады;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Департамент жұмыскерлерін іссапарға жіберу мәселелерін шешеді;
4) Департамент жұмыскерлеріне демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілікті арттыру, көтермелеу, үстемеақы төлеу және сыйлықақы беру, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін, еңбек қатынастарының мәселелері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жоғары тұрған лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте шешеді;
5) Комитет төрағасының қарауына Департамент басшысының орынбасарларына демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілікті арттыру, көтермелеу, үстемеақы төлеу, сыйлықақы беру және тәртіптік жаза қолдану мәселелерін енгізеді;
6) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды жүзеге асырады;
7) Департамент атынан мемлекеттік органдарда және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдарда, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен қатынастарда өкілдік етеді;
8) Департаментте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдарға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиісті шаралар қабылдамағаны үшін дербес жауапкершілікте болады.
4-тарау. Департаменттің мүлкі
5-тарау. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату
23.Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.