АНЫҚТАМА (Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қызылорда облысы бойынша Департаментімен 2021ж. I жартыжылдығы қорытындысымен атқарылған жұмыстар туралы)

АНЫҚТАМА

 

(Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қызылорда облысы бойынша Департаментімен 2021ж. I жартыжылдығы қорытындысымен атқарылған жұмыстар туралы)

 

 

Қызылорда қаласы                                                                         21.07.2021 ж.

 

         Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қызылорда облысы бойынша Департаментімен  2021 ж. I жартыжылдықта халықты зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыруда, медициналық – әлеуметтік сараптама жүргізуде, мүгедектерді әлеуметтік қорғау және арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнаманың сақталуын бақылауда бірқатар жұмыстар атқарылды.

 

         Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру саласы бойынша:

 

Облыс бойынша  2021 ж. I жартыжылдығы қорытындысымен 378387 төлем алушыға жалпы сомасы 86,9 млрд. теңге зейнетақы және әлеуметтік жәрдемақы төленген (2020 ж. 6 айда 310460 төлем алушыға 66,9 млрд. теңге төленген).

«2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес,   1.01.21 ж. бастап айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК) (2917 теңге), ең төменгі зейнетақы (43272 теңге), базалық зейнетақы төлемі (18524 теңге), күнкөріс деңгейі  (34302теңге) мөлшері артуына және зейнетақы төлемдерінің мөлшері 7%  өсуіне байланысты, облыс бойынша 236,9 мыңнан аса зейнетақы және жәрдемақы  алушылардың төлемдерінің  мөлшері қайта есептелді.

Есепті мерзімде республикалық бюджеттен төленетін 49943 зейнетақы және жәрдемақы іс-макеттері бекітілді (өткен жылғы 6 айда  54471 болып, 4528-ге  немесе 9,1 % азайған).

Ағымдағы жылғы 6 айда 23801 іс-макеті қайта қаралды (2020 ж.            I жартыжылдықта 31377 макет қайта қаралған, яғни 7576-ға немесе 31,8%-ға азайған).

Өткен жылғы I жартыжылдықпен салыстырғанда, ағымдағы жылы жалпы бекітілген және қайта қаралған іс-макеттер санының азаюына 2020 ж.  халықты әлеуметтік қорғау туралы заңнамаға толықтырулар мен өзгерістер  енгізіліп, жаңа әлеуметтік төлемдер тағайындалуы  және көпбалалы отбасыларына жәрдемақылар мөлшері балалар санына қарай қайта есептелуі себеп болған.

Тағайындалған зейнетақы мен жәрдемақылардың 26142 жаңадан рәсімделді (өткен жылғы осы кезеңде 23094 болған, 3048-ге немесе 11,7 % көбейген).

Жаңадан рәсімделген іс-макеттерінің көбеюіне  2021 жылы жасына байланысты, базалық  зейнетақы және бала тууына байланысты жәрдемақы төлемдерін тағайындауға қызмет алушылардың өтініштері санының артуы ықпал еткен.

2021 жылғы I жартыжылдықта 1488 іс-макеті бойынша зейнетақы және жәрдемақы тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылданған     (2020 ж. I жартыжылдықта 1060 іс бойынша  тағайындаудан бас тартылған).     Яғни, биыл тағайындаудан бас тартылған істер саны 428-ге немесе 28,8%-ға көбейген.

Тағайындаудан бас тартуға 1473 іс (99%) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы инфляция деңгейі ескерілген міндетті зейнетақы жарналарының сомасынан артық болуы себеп болған. Қалғандарына  15 (1,0 %)  іс құжаттарының толық болмауынан бас тартылған.

710 іс-макет толықтыруға кері қайтарылған, оның 614 - жаңадан тағайындалған, 96 қайта қаралған  зейнетақы және жәрдемақы істері бойынша кері жолданған, бұл осы кезеңде бекітілген барлық 49943 іс-құжаттардың 1,4 % құрайды.

Кері қайтарылған макеттердің басым бөлігі зейнетақы төлемдері ( 644) мен көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақылар (56), қалғаны (10) басқа төлемдер (слайд №11).

  2020 ж. I жартыжылдықта  кері қайтарылған макеттер саны - 907 немесе 1,7 %  (54471) құраған).

Кері қайтарылған макеттердің басым бөлігі зейнетақы төлемдері (721) мен көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақылар (154), қалғаны (32) басқа төлемдер.

Бұл құжаттарды кері қайтаруға еңбек кітапшаларында түзетулердің орын алуы, жазбаларда мекеме мөрінің бедері оқылмауы, көрінбеуі, 1992 ж. кейін жұмыстан босатылғандығы туралы мәліметті Қазақ ССР мөрімен куәландырылуы, қосымша растайтын құжаттар қажет етілуі, т.б. себептер негіз болған.

2021ж. арналған жұмыс жоспарына сәйкес, зейнетақы, жәрдемақы және әлеуметтік төлемдердің заңнамаға сәйкес төленуіне «Е-Макет» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі және Орталықтандырылған деректер базасы бойынша  мониторинг жүргізілді.

Мониторинг қорытындысымен анықталған кемшіліктерді  жою  және алдағы уақытта болдырмау жөнінде тиісті шаралар қолдану үшін  «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалына (бұдан әрі-Филиал) 5 ақпараттық хат жолданды.

Аталған хаттар  Филиалмен  қаралып, нәтижесінде  зейнеткерлік жасқа жеткен мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушы        49 адамға базалық зейнетақы төлемі, 8 адамға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалып, 5 төлем алушыға мүгедектік белгіленбеуіне байланысты жәрдемақы тоқтатылған.

Сонымен қатар, Филиалмен бірлесіп, қызметкерлерге құқықтық оқулар өткізіліп, зейнетақы заңнамасы талаптарын түсіндіру мақсатында тиісті шаралар атқарылуда.

Атап айтқанда, Филиал қызметкерлеріне құқықтық оқулар өткізу туралы жоспары негізінде облыстық, қалалық, аудандық басқармалар мен бөлімдердің басшылары мен мамандарының қатысуымен 2 рет семинар-кеңес, 3 рет дөңгелек стол, методикалық-әдістемелік көмек көрсетіліп,         37 құқықтық оқыту өткізілді.

Бұдан басқа, Филиалдың бэк-офис қызметкерлерімен апта сайын оқыту сабақтары, түсіндіру жұмыстары жүргізілуде (қалалық, аудандық бөлімдермен  171 рет, Филиалмен теле-бейнеконференцбайланыс арқылы 48 рет оқыту сабақтары  өткізілген).

 

         Медициналық- әлеуметтік сараптама жүргізу саласы бойынша:

 

Қызылорда облысында 2021 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша  «Мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған деректер банкі» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде 30881 мүгедектігі бар адам тіркелген (оның ішінде I топтағы – 3230, II топтағы – 10589,  III топтағы – 11690 адам, 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар – 5372).

Департаменттің медициналық - әлеуметтік  сараптама бөлімдерімен 2021 жылғы 6 айда 5560 қызмет алушыларға «Мүгедектік және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау  шараларын айқындау»  мемлекеттік  қызметі  көрсетілді (2020ж. 6 айда  – 4692 немесе 18,5%-ға  көбейген).

Аталған кезеңде 1152 қызмет алушыға алғаш рет мүгедектік тобы тағайындалған (2020 ж.  6 айда - 1062 немесе 90 адамға көбейген).

Есепті мерзімде 10 мың адамға шаққандағы алғашқы мүгедектіктің қарқынды көрсеткіші  өткен жылдың осындай  кезеңімен салыстырғанда 13,4-тен 14,1 оқиғаға дейін  өскен (Республика бойынша - 14,0).

Алғаш рет мүгедектік тағайындалған 767 ересек адамдардың – 615 (80,2%) - жұмысқа жарамды жастағылар, 152 (19,8%) - зейнеткерлер  құрайды.

Балалар арасында алғашқы  мүгедектікке 385 бала  шыққан, былтырғы 6 айда  бұл көрсеткіш 328 болған, яғни 57 балаға көбейген.

2021 жылғы 6 айда 3710 мүгедек, оның ішінде 2556 ересек адам, 1154 мүгедек бала қайта куәландырудан өткен.

Қайта куәландырудан өткен 3710 мүгедектер арасынан 301 адам толық  оңалған, бұл көрсеткіш 8,1% құрайды (Республика бойынша – 5,9%).

2020 ж. 6 айда  қайта куәландырудан өткен 3282 мүгедектер арасынан 279 адам (8,5 %) толық оңалған. Яғни, бұл көрсеткіш 0,4% -ға төмендеген.

Есепті  мерзімде қайта куәландырудан өткен  мүгедектердің 178 (15,2%) жартылай оңалтылған (Республика бойынша – 13,6%).

2020 ж. 6 айда – 211 (17,7%)  мүгедек жартылай оңалтылған.

Мүгедектік топты жоғарылату көрсеткіші  5,4% құрады (Республика бойынша - 5,6%).

2020 ж. 6 айда  бұл көрсеткіш 5,5% құраған, яғни биылғы 6 айда     0,1%-ке азайған.

Мүгедектерді жеке оңалту  бағдарламасына (бұдан әрі - ОЖБ) сәйкес, 2021ж. 6 айда  мүгедектік  белгіленген барлығы 4561  адамның 4532-не (99,4%) бағдарламаның  медициналық бөлігі бойынша, 2064-не (45,3%) әлеуметтік бөлігі бойынша, 134-не (2,9%) кәсіптік бөлігі бойынша  оңалту шаралары әзірленді.

Есепті  мерзімде медициналық мекемелермен  сараптамаға негізсіз және сапасыз жолданған  материалдар (031-е нысанды) бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша  департаментіне және медициналық мекемелерге тиісті шара қолдану үшін 72 ақпараттық хаттар жолданды (2020ж. 6 ай-65).

          Аудандық және қалалық ауруханалар мен емханалардың дәрігерлік-кеңестік комиссиялары (бұдан әрі - ДКК) төрағаларының, Денсаулық  сақтау басқармасының мамандарының қатысуымен ДКК-мен медициналық-әлеуметтік сараптамаға берілген жолдамалар мен медициналық құжаттардың негізділігі мен сапасы туралы, мүгедектігі бар тұлғаларды оңалту мәселелері жөнінде 1 рет семинар-кеңес, аудандық емханалар мен ауруханалардың ДКК  төрағалары мен мүшелері  арасында МӘС-тің көшпелі мәжілістерінде 8 семинар - кеңестер өткізіліп, әлеуметтік желілерде 2 рет, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы 11 рет осы  саладағы  заңнаманы түсіндіру шаралары атқарылды.

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы заңнаманың сақталуын бақылау саласы  бойынша:

 

Департаментпен 2021 жылдың бірінші жартыжылдығына профилактикалық бақылау жүргізудің тізіміне сәйкес 15 тексеру субъектісінде (15 объект) профилактикалық бақылау және 9 субъектіге (14 объект) жоспардан тыс тексеру, барлығы 24 субъектіде (29 объект) тексеру шаралары жүргізілді.

Профилактикалық бақылау жүргізілген 8 субъектіде (8 объект) мүгедектердің қолжетімділігі, 7 субъектіде (7 объект) арнаулы әлеуметтік қызметтердің көрсетілуі және мүгедектердің жеке оңалту бағдарламаларының орындалуы тексеріліп, нәтижесінде 94 заңбұзушылық анықталған (о.і. мүгедектердің қолжетімділігі бойынша - 18, арнаулы әлеуметтік қызметтер бойынша - 64, мүгедектердің жеке оңалту бағдарламаларын орындау бойынша - 12) және оларды жою туралы 14 ұйғарым берілді (мүгедектердің қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша – 7, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету және мүгедектердің жеке оңалту бағдарламасы бойынша - 7).

Жоспардан тыс тексеру 9 субъекті (14 объект) бойынша жүргізіліп, 11 заңбұзушылық анықталып (мүгедектердің қолжетімділігі бойынша – 10, мүгедектердің жеке оңалту бағдарламасын орындау бойынша - 1), оларды жою туралы 6 ұйғарым берілді және 3 лауазымды тұлғаға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 83 бабымен 466 720 теңгеге айыппұл салынды.

Анықталған 105 заңбұзушылықтың есепті кезеңде 74 (70,5%) жойылған (о.і. мүгедектердің қолжетімділігі бойынша 11 (14,8 %), арнаулы әлеуметтік қызметтер бойынша 62 (83,8%),оңалту бағдарламаларын орындау бойынша 1 (1,3%) бұзушылық жойылған).

Қалған 31 заңбұзушылықты (29,5%) жоюға алдағы уақытқа мерзімдер белгіленген.

Өткен кезеңмен салыстырғанда профилактикалық бақылау жүргізілген субъект саны 2-ге төмендеген болса, жоспардан тыс тексерілген субъект саны 8-ге көбейген.

Анықталған заңбұзушылықтар саны 111-ден 105-ке  азайған болса,  оларды жою жөнінде берілген ұйғарымдар саны 18-ден 20-ға  көбейген.

2020 жылы осы кезеңде 1 лауазымды тұлғаға 198825 теңге көлемінде айыппұл салынған болса, 2021 жылғы бірінші жартыжылдықта 3 лауазымды тұлғаға 466 720 теңге көлемінде салынып, салынған айыппұл көлемі  267 895 теңгеге көбейген.

 

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралу жайы туралы:

 

Департаментпен 2021ж.  I жартыжылдықтың қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың  613 өтініші қаралып, оның  176 қанағаттандырылып, 261 түсіндірме беріліп, 1 қысқартылған,  175 азамат басшылықта жеке қабылдауда болған (2020ж. І жартыжылдықта 976 өтініш қаралып, оның  443 қанағаттандырылып,  465 түсіндірме беріліп, 68 азамат басшылықта жеке қабылдауда болған).

Яғни, қаралған өтініштер  363-ке немесе  62,8% азайған.

Есепті мерзімде қаралған өтініштердің  469 (76,5%) жеке тұлғалардың,  144 (23,5%) заңды тұлғалардың өтініштері болып табылады.

Қаралған өтініштердің 258 (42,1%)- зейнетақы  және әлеуметтік  қамсыздандыру саласы бойынша, 348 (56,8%)- медициналық – әлеуметтік сараптама жүргізу саласы бойынша, 7 (1,1%) - өтініш халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бойынша.

 

Ақпараттық - түсіндіру жұмыстары туралы:

 

Департамент қызметкерлерімен есепті кезеңде халықты зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыруда, медициналық – әлеуметтік сараптама жүргізуде, мүгедектерді әлеуметтік қорғау және арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнаманың сақталуын бақылауда атқарылған жұмыстар жөнінде, осы саладағы заңнама талаптарын түсіндіру мақсатында, баспасөз беттерінде 35 мақала жарияланып, телеарналардан 3 сұхбат берілген, әлеуметтік желілер арқылы 34 хабарламалар жарияланған, Облыстық коммуникациялар қызметінде 1 рет брифинг, 17 рет  мекеме, кәсіпорын қызметкерлерінің қатысуымен семинар кеңестер, 5 рет құқықтық оқу,  7 рет  дөңгелек стол өткізілді.

 

 

Еңбек, әлеуметтік қорғау және

көші - қон комитетінің

Қызылорда облысы бойынша департаменті

Дата публикации
03 сентября 2021