«БЕКІТЕМІН»
Еңбек, әуметтік қорғау және көші-қон комитетінің
Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы
_________________ Е. Жалғасбаев
«11» қаңтар 2021 жыл
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің
әдеп жөніндегі уәкілінің 2021 жылға арналған жұмыс жоспары
|
№ |
Іс-шаралар мазмұны |
Орындалу мерзімі |
Аяқталу нысаны |
|
1. Консультациялық көмек және түсіндіру жұмысы |
|||
|
1.1 |
Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша департаменттің мемлекеттік қызметшілеріне консультациялық көмек көрсету. |
Тұрақты түрде |
Министрліктің әдеп жөніндегі уәкіліне есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей есеп ұсыну |
|
1.2 |
Әдеп жөніндегі уәкілдің құзыретіне жататын мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғаларды қабылдау. |
Апта сайын жұма күні сағат 17.00 ден 18.00–ге дейін |
Министрліктіңәдеп жөніндегі уәкіліне есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей есеп ұсыну |
|
1.3 |
Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша департамент қызметкерлері арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу. |
Ай сайын |
Хаттамалар |
|
1.4 |
Әдеп жөніндегі уәкілдің құзыретіне жататын мәселелер бойынша бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде баспа материалдарын жариялау.
|
Департаменттің бекітілген медиа-жоспарына сәйкес |
Бұқаралық ақпараттық құралдарындағы жарияланымдар мен мақалалар |
|
2. Қызметтік әдеп нормаларының, сонымен қатар нормативті актілерде бекітілген шектеулер мен тыйымдардың сақталуын мониторингілеу және бақылау |
|||
|
2.1 |
Мемлекеттік қызметші атына кір келтіретін фактілерді (оқиғаларды) анықтау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарда және әлеуметтік желілердегі жарияланымдарды зерделеу, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің жеке аккаунтындағы теріс сипаттағы жарияланымдарды анықтау мақсатында танымал әлеуметтік желілерді (Vkontakte, Facebook, Instagram, Мой мир, т.б.) мониторингілеу. |
Тұрақты түрде |
Анықталған жағдайларда дереу департамент басшысына хабарлау, Министрліктің әдеп жөніндегі уәкіліне есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей есеп ұсыну |
|
2.2 |
Мемлекеттік қызметшілердің заңнамада белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауына мониторинг жүргізу. |
Тұрақты түрде |
Министрліктің әдеп жөніндегі уәкіліне есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей есеп ұсыну |
|
2.3 |
Департаменттің мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. |
Өтініштер түскен жағдайда департамент басшысының тапсырмасы бойынша |
Өтініштердің қарау қорытындысын департамент басшысына хабарлау, Министрліктің әдеп жөніндегі уәкіліне есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей есеп ұсыну |
|
3. Мемлекеттік қызметшілерінің Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптарын бұзуға баруына ықпал ететін себептер мен жағдайларды талдау |
|||
|
3.1 |
Департаменттің мемлекеттік қызметшілерінің Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптарын бұзуға баруына ықпал ететін себептер мен жағдайларды талдау. |
Жартыжылдықтың қорытындысымен |
Департамент басшысына қызметтік хат |
|
3.2 |
Азаматтық қоғам институттарымен және құзырлы мемлекеттік органдармен бірлесіп, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және әдеп кодексін бұзудың профилактикасы және оған жол бермеу, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау. |
Тұрақты түрде |
Министрліктің әдеп жөніндегі уәкіліне есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей есеп ұсыну |
|
3.3 |
Арнайы құрылған жұмыс тобымен бірлесіп, департамент бөлімдерінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаужүргізу. |
2021 жылғы 15 шілдеге дейін және 2021 жылғы 15 қаңтарға дейін |
Талдамалық анықтама |
|
3.4 |
Департаментте қызметтік әдеп нормаларының сақталуын, сондай-ақ ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу мақсатында мемлекеттік қызметшілер арасында анонимді сауалнама жүргізу. |
2021 жылғы мамыр - маусым, қараша - желтоқсан айлары |
Департамент басшысына талдау қорытындысы туралы қызметтік хат |
|
3.5 |
Жүргізілген анонимді сауалнаманың қорытындысымен ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін жақсартуға бағытталған іс-шаралар жоспарын әзірлеу және қабылдау. |
2021 жылғы маусым және желтоқсан айлары |
Бекітілген іс-шаралар жоспары |
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің
Қызылорда облысы бойынша департаментінің
Әдеп жөніндегі уәкілі Б. Накипов