Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бойынша 2026ж. 9 айда жүргізілген жұмыстар туралы

Департаменттің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімімен 2026 жылғы 9 айда профилактикалық бақылау жүргізудің тізіміне сәйкес  20 объектіге профилактикалық бақылау  және 9 объектіге жоспардан тыс тексеру, барлығы 29 объекті тексеру шараларымен қамтылды.

Профилактикалық бақылау жүргізілген 9 объектіде мүгедектігі бар адамдардың қолжетімділігі, 3 субъекті  арнаулы әлеуметтік қызметтердің көрсетілуі, 8 субъекті арнаулы әлеуметтік қызметтердің көрсетілуі және мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау мен оңалтудың жеке  бағдарламаларының орындалуы заңдылығына тексеріліп, нәтижесінде 60 заңбұзушылық анықталып (о.і. мүгедектігі бар адамдардың қолжетімділігі бойынша – 30, арнаулы әлеуметтік қызметтер бойынша – 9, мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау мен оңалтудың жеке  бағдарламаларының орындалуы – 21), оларды жою туралы 19 нұсқама берілді (мүгедектігі бар адамдардың қолжетімділігі бойынша – 8, арнаулы әлеуметтік қызметтер бойынша – 3, мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау мен оңалтудың жеке  бағдарламаларының орындалуы-8).

Жоспардан тыс жүргізілген 9 объектіде мүгедектігі бар адамдардың қолжетімділігі, арнаулы әлеуметтік қызметтер бойынша, мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламаларын орындау бойынша заңдылығы тексеріліп, нәтижесінде  15 заңбұзушылық анықталып, оны жою туралы 6 нұсқама  берілді.

Анықталған барлығы 75 заңбұзушылықтың 29 (39%) жойылған (мүгедектігі бар адамдардың қолжетімділігі бойынша – 2, арнаулы әлеуметтік қызметтер бойынша  – 5, мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау мен оңалтудың  жеке  бағдарламаларын орындау  бойынша – 22).

Қалған 46 заңбұзушылықты (61%) жоюға алдағы уақытқа мерзімдер белгіленген.

2026 жылғы 9  айда профилактикалық бақылау жүргізілген субъектілер саны өткен жылғы осы кезеңімен салыстырғанда 24-нан 20-ға  азайған.

 Заңбұзушылықтар саны 102-ден  75-ке, оларды жою жөнінде берілген нұсқамалар саны  34-ден 24-ке азайған.

2026 жылғы 9 айда жоспардан тыс 9 тексеру жүргізіліп, 5 лауазымды тұлғаға, және  прокуратураның ұсынымымен 12 лауазымды тұлғаға  жалпы сомасы 1 773 250  тенгеге 17 айыппұл салынып, толығымен бюджетке төленген.  (2025 жылғы 9 айда жоспардан тыс 17 тексеру жүргізіліп, 1 лауазымды тұлғаға, 1 жауапкершілігі шектеулі серіктестікке,  5 жеке кәсіпкерге және  прокуратураның ұсынымымен 26 лауазымды тұлғаға  жалпы сомасы 4 266 220  тенгеге 35 айыппұл салынып, оның ішінде 2 555 800 тенге төленген, қалған 1 710 420 тенге төленбеген.) 

2026 жылдың 9 айында Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімімен ҚР  Әлеуметтік кодексінің және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласына енгізілген өзгерістерді түсіндіру бойынша  «Арал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтук бағдарламалар бөлімі», «Шиелі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» «Қазалы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы», «№2 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы», КММ-де 4 дөңгелек стол өткізілді.

Сонымен қатар, ҚР  Әлеуметтік кодексінің мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік қорғау  және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласына енгізілген өзгерістерді түсіндіру бойынша баспасөз беттерінде 6 мақала, Департаменттің ресми сайтында 37,  Facebook-34,  Instagram-33,  Тiktok-20»,  Telegram-19»  хабарлама жарияланды.

 

Сәйкестік туралы декларация бойынша

 

Департаменттің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөліміне Сәйкестік туралы декларацияға қол қоюға 2026 жылғы шілде-қыркүйек  айлары аралығында 69 өтініш түсіп, оның 14 қол қойылды,  52 бас тартылды, 3 қаралу үстінде.

                                  Нысандарды бейімдеу

2023–2027 жылдарға арналған «Аманат» партиясының «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламасының Жол картасы жоспарына сәйкес, Қызылорда облысы бойынша қолжетімділік интерактивті картасындағы объектілер жалпы саны – 2376.

2026 ж. 1 қазандағы жағдайы бойынша 1950  объектісі мүгедектігі бар адамдардың барлық санаттары үшін толығымен бейімделген, яғни 82% орындалған.

  2026 жылға 330 объектіні толығымен бейімдеу жоспарланған.

Өңір атауы

Қолжетімділік картасындағы нысандардың жалпы саны

2026 жылғы жоспар 

(80%)

%

орындалуы

Қызылорда облысы

2376

1950 (82%)

 

100 %

 

Мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламаларын орындау бойынша

 

01.10.2026 жылғы жағдай бойынша Қызылорда облысы бойынша мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламаларын орындау бойынша 35 713  өтініш берілген, оның 31 313 (87,7%).орындалған.

Дата публикации
06 октября 2026