Мүгедектiгi бар адамдар үшін әлеуметтiк қорғау жүйесiн жетiлдiру туралы

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi мүгедектiгi бар адамдарды әлеуметтiк қорғау жүйесiн жетiлдiру жөнiнде тұрақты негiзде жұмыс жүргiзілуде.

          Негізгі мақсат - адамның нақты қажеттіліктеріне ескере отырып, оңалтудың сапасын, қолжетімділігін және тиімділігін арттыру.

         Ағымдағы жылда тиісті нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізілуде.

         Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдарға ұсынылатын құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдендірілген соманы айқындау әдістемесі қайта қаралуда.

        Бұған дейін кепілдік берілген соманы анықтауды комиссия өткен қаржы жылындағы орташа баға туралы үш ақпарат көзі негізінде - әлеуметтік қызметтер, тауарларды мемлекеттік сатып алу порталының деректері және әлеуетті өнім берушілердің коммерциялық ұсыныстары негізінде жүргізген болатын.

        Жаңа әдістемеде кепілдік берілген сома әлеуметтік қызметтер порталының деректері мен электрондық дүкеннің деректерін ескере отырып есептелетін болады.

         Осыған байланысты, тауарлардың нарықтық құны бойынша электрондық сауда алаңдарының біріктірілген деректерін алу үшін Қаржы министрлігінің сандық жүйелерімен әлеуметтік қызметтер порталын интеграциялау жүргізілуде.

        Алдағы уақытта  қол араласуынсыз цифрлық платформалардың нақты нарықтық деректері негізінде кепілдік берілген соманы автоматты түрде қалыптастыру жоспарлануда. Бұл ашықтықты, объективтілікті және бірыңғай тәсілді қамтамасыз етеді.

        Негізгі күтілетін нәтижелер мыналар болады:

- Оңалтудың техникалық құралдарының құнын қалыптастыру процесін толық цифрландыруды енгізу,

- адами факторы мен субъективтілікті алып тастау,

- әділ баға белгілеуді қамтамасыз ету;

- бюджет қаражатын ұтымды пайдалану.

         Бұл ретте мемлекет мұқтаж азаматтарды сапалы Оңалтуды техникалық құралдарымен қамтамасыз ету үшін негізсіз шығыстарды жоятынын атап өту маңызды.

        Босатылатын қаражат қалпына келтiрудiң тиiмдiлiгi мен жылдамдығын арттыруға мүмкiндiк беретiн қазiргi заманғы, технологиялық және қымбат тұратын оңалту құралдарын енгiзудi қоса алғанда, жүйенi дамытуға бағытталады.

         Жаңа тәсілдер халықты әлеуметтік қорғау саласын дамыту жөніндегі ұлттық ғылыми орталық арқылы іске асырылуда – бұл халықты әлеуметтік қорғау саласында заманауи шешімдер әзірленіп, енгізілетін мамандандырылған алаң.

         Сондай-ақ, Ғылыми орталық арқылы ағымдағы жылы Оңалтуды техникалық құралдарының пилоттық қайтару тетігі іске қосылады.

          Ол тек қауіпсіз қайта пайдалануға болатын техникалық оңалту құралдарының түрлеріне ғана қолданылады және жеке пайдалануға арналған құралдарға қатысты емес (жөргектер, протездер және т.б.).

          Бұл механизм адамды техникалық оңалту құралдарымен жөндеу кезеңінде немесе уақытша қажеттілік туындағанда, Оңалтуды техникалық құралдарын еткізілуін күту кезінде, ұзақ рәсімдерді күтпей-ақ жедел қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

         Сонымен қатар әлеуметтік-техникалық сараптама қызметі енгізілуде, ол шешімдерді формалды мерзімдерге емес, техникалық оңалту құралдарының нақты жай-күйі мен адамның жеке қажеттіліктеріне негізделіп қабылдауға мүмкіндік береді.

         Бұл шешімдердің негізділігін арттырып, алушылардың мүдделерін қорғайды.

         Осылайша, техникалық оңалту құралдарын қайтару механизмін енгізудің күтілетін нәтижелер мыналар,

  1. Оңалтуды техникалық құралдарының қолжетімділігін арттыру, күту мерзімдерін қысқарту;
  2. бюджет қаражатын неғұрлым тиімді пайдалану;
  3. ресурстарды ұтымды пайдалану;
  4. Оңалтуды техникалық құралдарын пайдалану мерзімін ұзарту;
  5. Оңалтуды техникалық құралдарының техникалық жай-күйі және тиімділігіне мониторингі жүйесін қалыптастыру;
  6. Оңалтуды техникалық құралдарын қамтамасыз ету жүйесінің ашықтығы мен басқарылуын арттыру.

        Өзгерістердің негізгі мәні: қолжетімділікті арттыру, оңалтудың сапасын жақсарту, әлеуметтік қорғау жүйесінің ұтымдылығы мен әділдігін қамтамасыз ету.

Дата публикации
30 апреля 2026