|
Қазақстан Республикасы Еңбек |
«Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекеменің Ережесі
Ескерту. Ереже жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 15.08.2024 № 318 бұйрығымен.
Жалпы ережелер
Егер Департаментке Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі
2 тарау. Департаменттің міндеттері, құқықтары мен міндеттері
1) өз құзыреті шегінде зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру, мүгедектігі бар адамдарды, жаппай саяси қуғын-сүргіндер салдарынан зардап шеккен азаматтарды, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды, Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау, балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау, медициналық-әлеуметтік сараптама саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) өз құзыреті шегінде зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау, арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру болып табылады.
1) құқықтар:
өз құзыреті шегінде құқықтық актілерді шығару;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өз құзыреті шегінде заңнаманың талаптарын сақтау бойынша тексерулер мен профилактикалық бақылауды жүзеге асыруға халықты әлеуметтік қорғау саласында, зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша, өз құзыреті шегінде арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы;
басқа мемлекеттік органдармен және меншік нысанына қарамастан өзге ұйымдармен іс-қимылды жүзеге асыру, олардан қажетті мәліметтер мен материалдарды, соның ішінде өзінің бақылау функцияларын жүзеге асыру үшін сұрату және алу;
Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен талдау жұмысын қамтамасыз етуге және Департаментке жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға қажетті құжаттар мен ақпараттық сипаттағы анықтамаларды Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарынан, жергілікті атқарушы органдардан, жеке және заңды тұлғалардан сұрату және алу;
Министрлік пен Комитеттің, Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелерді талқылау жөніндегі комиссиялар мен жұмыс топтарының жұмысына қатысу;
Министрлік пен Комитеттің, Департаменттің қызметінде қолданылатын нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түсу;
Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тиісті сенімхат негізінде мемлекеттік мекемелерде, меншік нысанына қарамастан ұйымдарда, республиканың соттарында Министрліктің және (немесе) Комитеттің атынан өкілдік ету;
Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдер қабылдау;
заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру;
2) міндеттері:
басқа мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер, ұсынымдар, нұсқаулар беру және тиісті шешімдер қабылдау;
Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмаларының уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету;
жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын, заңмен қорғалатын мүдделерін бұзбай, Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау;
өтініштерді қабылдау және тіркеу, олардың және оларға қоса берілген құжаттардың ресімделуіне жәрдемдесу, формальды қателерді жоюға және қоса берілген құжаттарды толықтыруға мүмкіндік беру;
Министрлікке, Комитетке мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарға Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпарат ұсыну;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
1) мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласында, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру саласында әлеуметтік төлемдерді уақтылы және дұрыс тағайындау, уақтылы және толық аудару бөлігінде мониторингті және тәуекелдерді бағалауды ұйымдастыру мемлекеттік корпорацияның қаражаты есебінен әлеуметтік төлемдерді алушыға;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотқа талап-арыз беру;
3) өз құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау және әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалар қолдану;
4) республикалық бюджеттен төлемдерді: мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны, мемлекеттік арнайы жәрдемақыны, бала тууына байланысты тағайындалатын және төленетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақыны, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыларды, "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға, мүгедек баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеп отырған анасы немесе әкесіне, асырап алушыға, қамқоршысына (қорғаншысына), төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін жоғары оқу орындарында күндізгі оқуда оқитын балалары бар, олар білім беру ұйымдарында оқуын бітіргенге (бірақ жиырма үш жастан аспағанға) дейін жәрдемақы, капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі әлеуметтік жәрдемақы түріндегі Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлем түріндегі әлеуметтік көмекті, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға, саяси қуғын-сүргін құрбандарына берілетін біржолғы ақшалай өтемақыны, жерлеуге берілетін біржолғы төлемді, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомасы мен әлеуметтік аударымдардың сомасы арасындағы, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының инфляция деңгейін ескере отырып, сомасы зейнетақы жинақтарын алу құқығына ие болған сәттегі зейнетақы төлемдеріне құқықты иеленуі кезіндегі зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырманы, бала бір жасқа толғаннан кейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемді алушыларға міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидиясын тағайындау (өзгерту, қалпына келтіру, тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау;
5) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
6) медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу;
7) организм функцияларының бұзылу және тұрмыс-тіршілігінің шектелу дәрежесiне қарай себебi, мерзiмi айқындала отырып, мүгедектiк тобын және (немесе) еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесiн белгілеу;
8) мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған деректер банкін қалыптастыру;
9) халықтың мүгедектiгi деңгейi мен себептерiн зерделеу;
10) мүгедектік алғаш рет белгіленген кезде мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, мүгедектігі бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы, мүгедек баланы тәрбиелеушіге жәрдемақы, бірінші топтағы мүгедекке күтім жасау бойынша жәрдемақы, сондай-ақ Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайға байланысты әлеуметтiк төлем тағайындауға құжаттарды қабылдау;
11) мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасының әлеуметтік және кәсіптік бөліктерін әзірлеу, еңбек (қызметтік) міндеттерін орындаумен байланысты жарақат алған немесе денсаулығына басқа да зиян келтірілген жұмыскердің қажеттілігін анықтау, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген қосымша көмек түрлері мен күтімге мұқтаждығын айқындау;
12) өз құзыреті шегінде мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламаларының іске асырылуын бақылау;
13) Министрлік пен Комитет басшылығының тапсырмаларын орындау;
14) өз құзыреті шегінде халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік қызметтер көрсету;
15) Министрліктің Стратегиялық және Операциялық жоспарларын және Комитеттің жұмыс жоспарын іске асыруға қатысу;
16) Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
17) халықты әлеуметтік қорғау саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарау және әкiмшiлiк жазаларды салу;
18) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау (өзгерту, қайта бастау, тағайындаудан бас тарту) туралы шешімнің уақтылы және дұрыс қабылдануына бақылауды жүзеге асыру;
19) жергілікті атқарушы органдардың қызметін мүгедектігі бар адамдарды жеке көмекшінің, есту кемістігі бар мүгедектігі бар адамдарға ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерімен, санаторий-курорттық емдеумен, техникалық көмекші (орнын толтырушы) және арнайы жүріп-тұру құралдарымен толық және уақтылы қамтамасыз ету бойынша, әлеуметтік қызметкер порталына тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді берушілерге рұқсат беру бойынша қызметін тексеруді жүзеге асыру, оларды тіркеу немесе тіркеуден шығару әлеуметтік қызметкер порталында, мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қызметтер порталы арқылы өткізу кезінде мемлекеттік бюджет қаражатынан тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу бойынша тексеруді жүзеге асыру;
20) алушыға мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерінің, зейнетақы төлемдерінің, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың, мемлекеттік арнайы жәрдемақының, бюджет қаражаты есебінен біржолғы мемлекеттік жәрдемақының, сондай-ақ мемлекеттік корпорацияның әлеуметтік төлемдерінің алушыға уақтылы және толық аударылуын бақылауды жүзеге асыру;
21) жеке, заңды тұлғалар, кәсіпкерлік субъектілері мен төмен тұрған мемлекеттік әлеуметтік инспектор арасында әлеуметтік төлемдерді уақтылы және дұрыс тағайындау, мемлекеттік корпорацияның әлеуметтік төлемдерді алушыға уақтылы және толық аудару бөлігінде мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру саласында туындайтын келіспеушіліктерді қарау қорғау;
22) департамент құзыреті шегіндегі сұрақтарының мәтіні бойынша ақпараттандыру және түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
23) өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) ерте анықтау және оларға қолдау көрсетуді, оның ішінде интеграцияланған модель арқылы қолдау көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі субъектілердің (білім беру, денсаулық сақтау, ішкі істер органдарының) қатысуымен ұйымдастырушылық-практикалық іс-шаралар кешенін үйлестіру;
24) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
3-тарау. Департамент басшысының және оның орынбасарының. мәртебесі, өкілеттіктері
1) департаменттің жұмысын ұйымдастырады;
2) департаменттің білікті кадрлармен қалыптастыруды және олардың кәсіби деңгейін арттыруды қамтамасыз етеді;
3) еңбек қатынастары мәселелері заңнамаға сәйкес жоғары тұрған лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Департамент қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
4) еңбек қатынастары мәселелері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Департамент қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
5) Аппарат басшысының қарауына демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу, сыйақы беру және Департамент басшысының орынбасарына тәртіптік жаза қолдану мәселелерін енгізеді;
6) мемлекеттік органдарда және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдарда Департаменттің атынан өкілдік етеді;
7) департаментте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шаралардың тиісінше қабылдануына дербес жауапты болады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиісті шаралардың уақтылы қабылдануын қамтамасыз етеді;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды жүзеге асырады;
9) өз орынбасарына өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Департамент басшысына жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
1) департамент басшысы болмаған кезеңде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Департаменттің қызметіне басшылықты жүзеге асырады және Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуына және өз өкілеттіктері шеңберінде функцияларды жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
4-тарау. Департаменттің мүлкі
5-тарау. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату