Қостанай облысы бойынша 2025 жылғы 12 айдағы мүгедектіктің жай күйі туралы ақпарат
Қостанай облысында 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша «Мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған деректер банкі» ААЖ деректері бойынша 29662 мүгедектігі бар адам тіркелген, бұл 2024 жылғы нәтижелерден 493 жағдайға артық (2024 жылғы 12 ай – 29169) және облыс халқының жалпы санының 3,6% құрайды. Оның ішінде 58,4% еңбекке қабілетті жас, 28,2% зейнеткерлік жастағы адамдар, 13,4% - 18 жасқа дейінгі балалар.
Негізгі нозологиялар бойынша мүгедектік құрылымы
|
Нозология |
2023 жыл |
2024 жыл |
2025 жыл |
|
Психикалық бұзылулар |
7650 – 27,7% |
8105 – 27,8% |
8410 – 28,4% |
|
Қан айналымы жүйесінің аурулары |
4099 – 14,8% |
4216 – 14,5% |
4285 – 14,4% |
|
Жарақаттар |
3220 – 11,6% |
3149 – 10,8% |
3100 – 10,5% |
|
Көз аурулары және оның қосымшалары |
2923 – 10,6% |
2964 – 10,2% |
3010 – 10,1% |
|
Жүйке жүйесінің аурулары |
2094 – 7,6% |
2375 – 8,1% |
2427 – 8,2% |
|
Қатерлі ісіктер |
1799 – 6,5% |
2048 – 7,2% |
2069 – 7% |
Халықты алғашқы мүгедектікке қатысты
2023, 2024 және 2025 жылдар ішінде ҚК өсуі байқалады.
|
|
2023 жылғы 12 ай |
2024 жылғы 12 ай |
2025 жылғы 12 ай |
ҚР |
|
Бүкіл халық арасында |
29,4 |
31,4 |
31 |
28,5 |
|
Ересектер арасында |
29,9 |
33,2 |
32 |
|
|
Балалар арасында |
27,5 |
25,6 |
27,9 |
|
Облыс бойынша 2025 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша мүгедектікке алғашқы шығудың қарқынды көрсеткіші 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 0,4 жағдайға азайды, 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,6 жағдайға ұлғайды және 10 мың тұрғынға шаққанда 31 жағдайды құрайды, бұл республикалық көрсеткіштен 2,5-ке жоғары (ҚР бойынша-28,5).
Мүгедектікке алғашқы шығуға қатысты
Алғаш рет 2561 – 96,1% мүгедектігі бар адамдар танылды, оның ішінде: ересектер – 1993 – 77,8%, балалар – 568 – 22,2%.
Зейнеткерлік жастағы адамдардың мүгедектігін бастапқы белгілеуге өтініштер санының 1,8% – ға артуы байқалады (2024 жылы 655 – 31,2% - дан 2025 жылы 658-33% - ға дейін).
Ересектер арасындағы алғашқы мүгедектік құрылымы
|
|
2024 жылғы 12 ай |
өсуі/төмендеуі |
2025 жылғы 12 ай |
|
Онкологиялық аурулар |
688 – 32,8% |
– 77/ – 2,1% |
611 – 30,7% |
|
Қан айналымы жүйесінің аурулары |
583– 27,8% |
– 10/ + 1% |
573 – 28,8% |
|
Психикалық бұзылулар |
145 – 6,9% |
+ 38/ + 2,3% |
183 – 9,2% |
|
Көз аурулары және оның қосымшалары |
116 – 5,5% |
+ 4/ + 0,5% |
120 – 6% |
|
Жарақаттар |
120 – 5,7% |
– 18/ – 0,6% |
102 – 5,1% |
18 жасқа дейінгі балалар арасындағы алғашқы мүгедектік құрылымы
|
|
2024 жылғы 12 ай |
өсуі/төмендеуі |
2025 жылғы 12 ай |
|
Психикалық бұзылулар |
242 – 47,2% |
+ 40/ + 2,4% |
282 – 49,6% |
|
Туа біткен ауытқулар |
87 – 17% |
– 12/ – 3,8% |
75 – 13,2% |
|
Жүйке жүйесінің аурулары |
64 – 12,5% |
+ 2/ – 0,9% |
66 – 11,6% |
Облыстың медициналық ұйымдарының медициналық-әлеуметтік сараптамаға негізсіз жолдамасына қатысты
2025 жылдың 12 айында медициналық-әлеуметтік сараптамаға негізсіз – 154 адам жіберілді (оның ішінде күндізгі – 74, сырттай – проактивті-80).
Негізсіз жолдама және жолдама құжаттарын сапасыз ресімдеудің барлық жағдайлары бойынша Департаменттің медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдері Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің аумақтық Медициналық және фармацевтикалық бақылау бөлімшесіне және облыстың медициналық ұйымдарына хаттар жолдады.
Сырттай проактивті куәландыруға қатысты
2025 жылғы 12 айда Қостанай облысы бойынша мүгедектігі бар адамдардың 51,9% сырттай проактивті куәландырылды, бұл республикалық көрсеткіштен 9,4% - ға жоғары (ҚР-42,5%).
Оңалтудың жеке бағдарламаларын орындауға қатысты
Өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында мүгедек адамдар Департаменттің медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдері әзірлеген мүгедек адамдарды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламаларына сәйкес техникалық көмекші құралдармен және оңалту қызметтерімен қамтамасыз етіледі.
Облыста 2025 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша облыс өңірлерінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне ұсынылған техникалық көмекші құралдармен және оңалту қызметтерімен қамтамасыз етуге өтінішпен жүгінген мүгедектігі бар адамдардың 97,4% – ы осы құралдармен қамтамасыз етілген және бұл еліміздің барлық өңірлері арасында төртінші көрсеткіш (ҚР-92%).
Жеке көмекшінің қызметімен – 100% (216 – дан 216 адам қамтамасыз етілген), ымдау тілі маманының қызметімен – 99% (360-тан 355 адам қамтамасыз етілген), сурдотехникалық құралдармен-97,7% (385-тен 376 адам қамтамасыз етілген), міндетті гигиеналық құралдармен-96,8% (11633-тен 11260 адам қамтамасыз етілген), тифлотехникалық құралдармен-96,6% (1434-тен 1385 адам қамтамасыз етілді), кресло – арбалармен-97,7% (902 мұқтаж адамнан 881 адам қамтамасыз етілді), санаторий – курорттық емдеумен-98,3% (3803 – тен 3736 адам қамтамасыз етілді), протездік-ортопедиялық көмекпен-98,2% (3821-ден 3750 адам қамтамасыз етілді).