Бөлім өз қызметінде Конституцияны басшылыққа алады «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процесстік кодексімен», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары, «Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексімен», «Жерасты және ашық тау-кен жұмыстарында, аса зиянды және аса ауыр жұмыстарда жұмыс істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнаулы жәрдемақы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарымен, «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы», «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі», Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілері, Департамент туралы ереже, Департамент жұмысының регламенті, «Ардагерлер туралы Заң», «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы», зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі туралы Ережемен және оның қызмет саласын реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен толықтырылады.
Бөлімнің мақсаттары:
- зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
- Департаменттің қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету.
«2020 - 2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты, 2020 жылғы 1 сәуірден бастап ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері (32 668 тг.) және айлық есептік көрсеткіштің (2 778 тг.) мөлшері өсті. Ең төменгі зейнетақы 40 441 теңге мөлшерінде, базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері - 17 641 теңге мөлшерінде белгіленді.
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 5%-ға инфляцияның болжанатын деңгейін ескере отырып зейнетақы мен жәрдемақы мөлшерін жыл сайынғы индекстеу жүргізілді, бұл ретте жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері 7%-ға арттырылған (2%-ға инфляция деңгейінен ілгері оза).
2020 жылғы 1 сәуірден бастап жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері тағыда 5 %-ға арттырылды. Базалық зейнетақы төлемімен және барлық мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап ең төменгі күнкөріс деңгейінің және айлық есептік көрсеткіштің ұлғаюына байланысты 5% - ға артты.
ҚР-да 3 деңгейлі зейнетақы жүйесі бар, оған кіретіндер:
Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Заң азаматтарға тең құқылы зейнетақымен қамсыздандырылу қағидаларына негізделген.
Зейнетақы заңнамасымен оның мөлшері 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бар еңбек өтілінің жыл санына байланысты белгіленген (1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ерлер үшін 25 жыл, әйелдер үшін – 20 жыл) және зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыстағы үзiлiстерге қарамастан, қатарынан кез келген үш жыл iшiндегi орташа айлық кіріс негiзге алына отырып жүзеге асырылады.