2026 жылғы 12 қазанда Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінде мемлекеттік жәрдемақыларды, зейнетақыларды және әлеуметтік төлемдерді тағайындау мен төлеу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараға департамент басшысы А. Нарматов, зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімдерінің басшылары мен мамандары, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ Алматы облысы бойынша филиалының басшысы Е. Аманбаев пен оның орынбасары Е. Абдрахимов, сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы облысы бойынша филиалы басшысының орынбасары У. Ашен қатысты.
Дөңгелек үстел барысында мемлекеттік жәрдемақыларды, зейнетақыларды және әлеуметтік төлемдерді тағайындау мен төлеу үдерістеріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде ашықтық пен әділдік қағидаттарын ұстану мәселелері қарастырылды.
Кездесудің негізгі мақсаты – әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау, ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайту және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету.
Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар әлеуметтік төлемдерді тағайындау мен төлеу кезінде заңдылықты, ашықтықты және жауапкершілікті қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің № 1 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі «Балқаш аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК дәрігерлерімен кездесті. Кездесу барысында Сырттай проактивті куәландыру (қайта куәландыру) жүргізілетін нозологиялық нысандар тізбесі талқыланды.
2026 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша медициналық-әлеуметтік сараптамаға негізсіз жолданған және сырттай-проактивті куәландыруға сапасыз толтырылған № 031/у нысандарына талдау жасалды.
Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
2026 жылғы 09 қазанында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ-ның Алматы облысы бойынша филиалының Талғар аудандық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің қызметкерлерінің қатысуымен зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындау мәселелері бойынша техникалық сабақ өтті.
Техникалық сабақ барысында зейнетақы төлемдерін және жәрдемақыларды тағайындауға ұсынылатын құжаттардың шынайлығына және толықтығына қабылдау, көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту және мемлекеттік қызмет көрсетуде мерзімдерді сақтау мәселелері және қайта рәсімдеуге қайтарудың негізгі себептері талқыланды.
Бұдан бөлек, №3 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы О. Рақымбеков зейнетақы және жәрдемақыға өтініш қабылдау және электронды іс-макеттерін қалыптастыру барысында қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын қатаң сақтау, төлемдердің уақытылы және толық аударуын сақталуын қамтамсыз ету қажеттілігі туралы түсіндірме жүргізді.
Техникалық сабақ соңында спикерлермен зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойынша мамандар тарапынан қойылған барлық сұрақтарға жан-жақты жауап берді.
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің медициналық-әлеуметтік сараптаманың әдіснама және бақылау бөлімі Іле аудандық ауруханасында медициналық ұйымдардың жауапты мамандарымен семинар-кеңес өткізді.
Кездесу барысында 2026 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша медициналық-әлеуметтік сараптамаға (МӘС) 031/у нысаны бойынша негізсіз жолданған азаматтарға қатысты мәселелер қаралды. Сонымен қатар, нозологиялар статистикасына, мүгедектік тобын белгілеу және жеке абилитациялау және оңалтудың бағдарламасын (ЖАОБ) әзірлеу көрсеткіштеріне талдау жүргізілді.
Семинар барысында азаматтарды сырттай-проактивті куәландыруға жолдау кезінде 031/у нысанын сапалы әрі талапқа сай толтыру мәселесіне ерекше назар аударылды. Дәрігерлер тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті түсіндірмелер берілді.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы №260 бұйрығымен бекітілген медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар түсіндірілді.
Кездесу қорытындысы бойынша медициналық ұйымдардың жауапты мамандарына МӘС-ке азаматтарды жолдау сапасын арттыру, медициналық құжаттарды талапқа сәйкес рәсімдеу және қолданыстағы нормативтік талаптарды сақтау бойынша тиісті ұсынымдар берілді.
Қарасай ауданында Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департамент басшысының орынбасары мен №2 Медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) бөлімінің қызметкерлері, Қарасай ауданының әкімі Естенов Жасұлан Тоққожаұлы және «Әділет» партиясының өкілдерімен бірлесіп, азаматтарды қабылдау өткізді.
Қабылдау барысында аудан тұрғындары мүгедектікті белгілеу, медициналық-әлеуметтік сараптамадан өту тәртібі, қайта куәландыру және басқа да әлеуметтік мәселелер бойынша өздерін толғандырған сұрақтарын қойды.
Департамент және №2 МӘС бөлімінің қызметкерлері азаматтардың әрбір өтінішін жеке қарастырып, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес толық жауаптар мен қажетті түсіндірмелер берді.
Кездесу барысында азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау, мемлекеттік қызметтердің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету және халықпен тиімді кері байланысты нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Мұндай кездесулер азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, мүгедектікті белгілеу мәселелері бойынша қажетті ақпарат алуға және халық пен мемлекеттік органдар арасындағы ашық диалогты қалыптастыруға мүмкіндік береді.
2026 жылғы 2 қазанда Қонаев қаласында Алматы облысы әкімінің орынбасары Қуаныш Бақытұлының қатысуымен әлеуметтік сала мәселелері бойынша үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.
Кеңес отырысында қаралған негізгі мәселелердің бірі – мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді ортаны қалыптастыру.
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат ұсынып, «Халқымен бірге» жоспарының негізгі бағыттарын таныстырды.
Негізгі назар аударылған мәселелер:
- мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ету;
- объектілерді бейімдеу жұмыстарының сапасын арттыру;
- азаматтардың әлеуметтік құқықтарын сақтау;
- мемлекеттік бақылаудың тиімділігін күшейту;
- анықталған бұзушылықтарды уақтылы жою.
Отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын күшейтуге және облыстың барлық тұрғындары үшін жайлы, қауіпсіз әрі қолжетімді орта қалыптастыруға бағытталған алдағы міндеттер айқындалды.
Қолжетімді орта – бұл тек инфрақұрылым ғана емес. Бұл – әрбір адамға тең мүмкіндік беру және оның құқықтарын құрметтеу.
1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Департамент қызметкерлері Алматы облысының әкімшілігі және Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен бірлесіп «Шарапат» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барып, орталықта тұратын қарияларды мерекелерімен құттықтады.
Іс-шара барысында қазыналы қарттарға арнайы концерттік бағдарлама ұсынылып, әсем әндер шырқалды. Мерекелік көңіл күй сыйлаған өнерпаздардың өнері қарияларға ерекше қуаныш сыйлады.
Жас ұрпақ қашанда үлкенді сыйлап, қарияны құрметтеуді басты құндылықтардың бірі санаған. Өйткені аға буынның өмірлік тәжірибесі мен өнегесі, ақыл-кеңесі мен ақ батасы – кейінгі ұрпақ үшін баға жетпес рухани мұра.
Қарияларға құрмет көрсету – баршамыздың азаматтық әрі адамгершілік парызымыз.
Ардақты ақсақалдарымыз бен аяулы әжелерімізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен береке тілейміз!
Қарияларымыздың мерейі үстем, абыройы асқақ болсын!
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің № 1 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі «Nova Invest» -нің дәрігерлік отбасылық емханасы» ЖШС дәрігерлерімен кездесті. Кездесу барысында Сырттай проактивті куәландыру (қайта куәландыру) жүргізілетін нозологиялық нысандар тізбесі талқыланды.
2026 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша медициналық-әлеуметтік сараптамаға негізсіз жолданған және сырттай-проактивті куәландыруға сапасыз толтырылған № 031/у нысандарына талдау жасалды.
Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Департаменттің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімі «Аяла» Талғар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында профилактикалық бақылау жүргізділді. Бақылау қызмет алушыларға көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасы мен толықтығын, қолданыстағы заңнама талаптарының сақталуын, сондай-ақ қызмет алушылардың тұруы мен болуы үшін қауіпсіз әрі қолайлы жағдайлардың қамтамасыз етілуін бағалауға бағытталды.
Бақылау іс-шаралары аясында қызмет алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, төмендегі арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасын бағалауға назар аударылды:
әлеуметтік-тұрмыстық;
әлеуметтік-медициналық;
әлеуметтік-психологиялық;
әлеуметтік-педагогикалық;
әлеуметтік-еңбек;
әлеуметтік-мәдени;
әлеуметтік-экономикалық;
әлеуметтік-құқықтық қызметтер.
Профилактикалық бақылау қорытындысы бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы заңнама талаптарының сақталмағаны бойынша бұзушылықтар анықталды.
Анықталған бұзушылықтарды жою мақсатында бақылау субъектісіне оларды жою мерзімі белгіленген тиісті нұсқама берілді. Нұсқаманың орындалуы Департаменттің бақылауында.
2026 жылғы 23 қыркүйекте Шелек ауылындағы аудандық ауруханада №2 МӘС бөлімінің мамандары мен медициналық ұйым дәрігерлерінің қатысуымен жұмыс кездесуі өткізілді.
Кездесудің негізгі мақсаты – медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу, медициналық құжаттарды сапалы рәсімдеу, мүгедектігі бар адамдарды қажетті құралдармен қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу.
🔹 Бірінші мәселе – МӘС-ке жіберу негіздері және жолдамаларды сапалы рәсімдеу
Кездесу барысында МӘС жүргізу тәртібі, медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберу негіздері және қолданыстағы нормативтік-құқықтық талаптар бойынша түсіндірме берілді.
8 айдың қорытындысы бойынша МӘС-ке ұсынылған жолдамаларға талдау жасалып, негізсіз және сапасыз толтырылған құжаттар бойынша анықталған кемшіліктер талқыланды. Медициналық құжаттарды толық, негізді және сапалы рәсімдеудің маңыздылығы атап өтілді.
🔹 Екінші мәселе – протездік-ортопедиялық және техникалық құралдармен қамтамасыз ету
Мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық және компенсаторлық құралдармен қамтамасыз ету мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Атап айтқанда, сурдотехникалық, тифлотехникалық құралдар, міндетті гигиеналық құралдар және арнайы жүріп-тұру құралдары бойынша медициналық-әлеуметтік көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер қарастырылды.
🔹 Үшінші мәселе – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу
Ұйымдағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары және қызмет барысында заң талаптарын сақтау мәселелері талқыланды.
🤝 Кездесу барысында медициналық ұйымдар мен МӘС мамандарының өзара іс-қимылын жетілдіру, медициналық құжаттарды рәсімдеу сапасын арттыру және азаматтарға көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Негізгі мақсат – медициналық-әлеуметтік сараптама рәсімдерінің сапасы мен ашықтығын қамтамасыз ету және мүгедектігі бар азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау