Меню

Страницы

Статья

Медициналық-әлеуметтік сараптама

 

Департаменттің негізгі бағыттарының бірі – мүгедектік белгісі бар немесе жоқ екендігін анықтау, мүгедектік тобын, жалпы және/немесе кәсіби еңбек қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу, әлеуметтік және/немесе кәсіби оңалтудың әлеуметтік қажетті шараларын анықтап, жеке оңалту бағдарламасының тиісті бөлігін әзірлеу мақсатында медико-әлеуметтік сараптама жүргізу.

Медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) – бұл адамның тіршілік әрекетінің шектелуін тудыратын тұрақты функциялық бұзылулар негізінде, оның әлеуметтік қорғау шараларына мұқтаждығын заңда белгіленген тәртіппен айқындау.

Медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдері келесі функцияларды орындайды:

  1. Адам ағзасы функцияларының тұрақты бұзылуына байланысты тіршілік әрекетінің шектелуін бағалау негізінде азаматтарға медико-әлеуметтік сараптама жүргізеді;
  2. Мүгедектігі бар адамдар үшін әлеуметтік және кәсіби оңалту шараларының түрлерін, нысандарын, мерзімдерін және көлемін анықтай отырып, жеке оңалту және абилитация бағдарламасын әзірлейді;
  3. Мүгедектік (тобы, себебі, мерзімі) белгілейді;
  4. Кәсіби еңбекке жарамдылықтан айырылу дәрежесін (пайызбен) анықтайды;
  5. Жалпы еңбекке жарамдылықтан айырылу дәрежесін (пайызбен) анықтайды;
  6. Өндірістік жазатайым оқиғалар және кәсіби аурулар салдарынан зардап шеккен адамдардың әлеуметтік және кәсіби оңалтуға мұқтаждығын анықтайды;
  7. Медико-әлеуметтік сараптамадан өтетін азаматтарға осы сала бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;
  8. Медициналық ұйымдардың базасында және үй жағдайында МӘС бөлімдерінің мамандарының көшпелі отырыстарын ұйымдастырады және өткізеді.

Медициналық-әлеуметтік сараптама куәландыруды (қайта куәландыруды) тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясының жолдамасы негізінде жүргізіледі:

  1. Аймақтық МӘС бөлімдерінде және (немесе) МӘС әдіснама және бақылау бөлімдерінде;
  2. Стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында;
  3. Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында;
  4. Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде және тергеу изоляторларында;
  5. Үй жағдайында.

МӘС сараптамасы бөлім басшысының немесе әдіснама және бақылау бөлімінің басшысының және кемінде екі жетекші маманның қатысуымен алқалы түрде жүргізіледі. Бұл – ұсынылған құжаттарды (клиникалық-функционалдық, әлеуметтік, кәсіби және өзге де деректер), куәландырылатын тұлғаны қарау, ағза функцияларының бұзылу дәрежесін және тіршілік әрекетінің шектелуін, соның ішінде еңбек қабілеттілігін бағалау арқылы жүзеге асырылады.

Сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда, куәландырылған тұлға немесе оның заңды өкілі оны алған күннен бастап үш ай ішінде e-Otinish арқылы немесе Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаментіне жүгінуге құқылы.

 

 

 

Дата публикации
20 сентября 2022
Дата обновления
20 сентября 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді орта: бақылау және анықталған бұзушылықтарды жою
Пайдалы ақпарат
22 октября 2026
Этностық қазақтардың еңбек өтілін есепке алу
Пайдалы ақпарат
21 октября 2026
Әлеуметтік қорғау саласындағы заңнама талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылау

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
TikTok
Threads

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы