Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті (әрі қарай- Департамент) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелеріне әрдайым ерекше назар аударады.
2019 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларының жоспары, оқыту және әр қызметкер сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарған іс –шаралары туралы есеп беру кестесі бекітілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселері бойынша оқыту кестесіне сай, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамаларының, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормалары, «Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдері», «Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары», «ҚР әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексі», «Мемлекеттік қызметшілерге тәртіп жаза қолдану қағидалары», «Мүдделер қайшылығы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңға сәйкесі қаржылық бақылау шаралары» тақырыптарында семинарлар өткізілді.
2019 жылға арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарған іс-шаралар туралы есеп беру» кестесіне сәйкес осы жылдың басынан бастап Департамент қызметкерлерінің алдында 48 әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің есебі тыңдалды.
Мемлекеттік қызметкерлерді қорғау және олардың заңды құқықтарын қамтамасыздандыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылған «Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары» («poketbook») нұсқаулығына енгізілген қосылымдар мен өзгерістер бойынша 11 семинар өткізілді. Сондай-ақ, аталған нұсқаулық әр қызметкерге жималы кітапша түрінде таратылды.
Сондай-ақ, Департамент басшысының төралығымен департамент қызметкерлерімен ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының талаптары сақталуы жөнінде кеңейтілген отырыс өткізілді.
Департамент қызметкерлері «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» тақырыптарында аудандық ауруханалар, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдармалар бөлімдері, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары, аудандық әкімдіктер, Алматы облысы бойынша «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы облысы бойынша филиалы аудандық, қалалық әлеуметтік қамтамасыз ету бөлімдерінде және «Халыққа қызмет көрсету» бөлімдерінің қызметкерлерімен 130 семинар- кеңес өткізілді.
Осымен қатар, Департамент басшысы іс сапар кезінде МӘС бөлімдерінде мемлекеттік қызмет алуға келген азаматтармен жеке әңгімелесу жүргізіп, куәландыру тәртібі бойынша түсіндірме берілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мақсатында барлық МӘС бөлімдерінде мүгедектер мен ауруларды қабылдау кезінде күнделік байқау сауалнама өткізілуде. Қабылдануға келген адамдар мемлекеттік қызмет көрсетуіне баға беріп, өз пікірлерін білдірді. 2019 жылы сауалнамаға жалпы 4676 адам қатысып, оның ішінде мемлекеттік қызмет көрсетуіне 55 қанағаттанарлық, 4621 жаксы деген баға берген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәуекелдері анықталмады.
Сондай-ақ, Департамент қызметкерлері сыбайлас жемқорлықпен күрес тақырыбында БАҚ-та түсіндірме жұмыстарына ерекше көңіл аударуда.
Мысалы, №2МӘС бөлімінің бас маманы Ж.Сыздыкова «ZAMAN JARSHYSY» аудандық газетінде сыбайлас жемқорлықпен күресті «Күрес күшейтіле беруі керек» атты мақала шығарылды.
МӘС қортындыларымен келіспеген, сараптама жүргізудегі күрделі сұрақтары бойынша «Нұр Отан» партиясының Алматы облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлімінде департамент басшысы, біліктігі жоғары эксперттердің қатысумен 16 азаматты қабылдап, жан-жақты қарап, оларға қолданыстағы заңнамаларға сай түсіндірме берді.
Департамент мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ерекше мән беруде.
Медициналық әлеуметтік сараптама қортындыларымен келіспеу туралы шағымдар бақылауға алынады.
Мысалы, №7МӘС бөлімінің басшысы Г.Сатаеваға қатысты азамат А.Н. Тугамбаевтың 2019- жылғы 07 наурызда арыз келіп түсті. Арызда көрсетілген мән жайлар бойынша Департамент өз тарапынан дер кезінде жауапты тұлғалар қызметтік тексеру жүргізді. Атап айтқанда, №7 МӘС бөлімінің басшысы Г.Сатаева мүгедектікті тағайындау үшін ақшалай сыйақы талап етті делілген. Текесеріс кезінде арызда көрсетілген мән-жайлар орын алмады. Сондықтан, №7 МӘС бөлімінің басшысы Г.Қ.Сатаеваға көрсетілген тәртіпте мемлекеттік қызметші ретінде ар-намысы мен абыройын қорғау үшін аудандық сотқа талап арыз беру құқығы бар екені түсіндірілді.
Г.Қ. Сатаева А.Н. Тугамбаевтың кешірімін ескере отырып, сотқа арыз бермеуге шешім қабылдады.
Осы орайда, А.Н. Туғамбаевпен Департаменттің бас маман заңгері С.Мурзиева арызда көрсетілген мән-жайлар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Департамент қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәуекелдерінің алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жалғастыруда.