Меню

Страницы

Статья

Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру

Қазақстан Республикасының Заңнамаларына сәйкес, азаматтар республикалық бюджеттен де, жинақтаушы зейнетақы қорынан да төлем алуға құқылы. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті республикалық бюджеттен зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау бойынша мемлекеттік қызметтің 16 түрін көрсетеді. Мемлекеттік қызметтер қолданыстағы заңнамаға сәйкес көрсетіледі, төлемнің мөлшерін есептеу кезінде азаматтың барлық құжаттарды есепке алу құқығын қамтамасыз ету, зейнетақы істерін қалыптастырудағы заң бұзушылықтарды тексеру және анықтау - Департаменттің Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімдерінің күнделікті жұмысы. Әлеуметтік төлемдердің түрлері адам туылғаннан бастап, қайтыс болғанға дейін тағайындалады, әлеуметтік төлемдер азаматтардың ең кең санаттарын, Ұлы Отан соғысының ардагерлерін, бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектерді, көп балалы аналарды және т.б. қамтиды. Толығырақ, төменде ұсынылған мемлекеттік қызметтер тізімімен танысуға болады.

Бүгінгі күні Департамент төмендегідей қызмет түрлерін көрсетеді:

1.Жасына  байланысты  зейнетақы төлемдерін  тағайындау;

2.Мемлекеттік  базалық  зейнетақы төлемдерін тағайындау;

3.Мүгедектіктігіне байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау;

4.Асыраушысынан  айырылу жағдайына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау;

5.Арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау;

6.Арнайы мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау;

7.Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-анаға, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) жәрдемақы тағайындау;

8.Бала тууға және бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жәрдемақыларды тағайындау;

9.Жерлеуге арналған жәрдемақы тағайындау;

10.Банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалар қызметкерлердiң төлемдердi капиталдандыру бойынша әлеуметтік көмекті тағайындау;

11.Инфляцияның деңгейімен міндетті зейнетақы (кәсіптік) жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемі;

12."Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналарға мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау";

13.Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға бір жолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу;

14.Бірінші топ мүгдектігі бар азаматтарға күтімді жүзеге асыратын азаматтарға мемлекеттік  жәрдемақы тағайындау;

15.Көпбалалы отбасыға жәрдемақы тағайындау;

16.Арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы тағайындау.

Жоғарыда аталған мемлекеттік қызметтерді зейнетақы және әлеуметтік қамтамасыз ету бөлімдері жүргізеді.

Зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындау Қазақстан Республикасының 20.04.2023 жылғы Әлеуметтік Кодекс нормаларына сәйкес  жүргізіледі.

 

Дата публикации
25 января 2020
Дата обновления
27 августа 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді орта: бақылау және анықталған бұзушылықтарды жою
Пайдалы ақпарат
22 октября 2026
Этностық қазақтардың еңбек өтілін есепке алу
Пайдалы ақпарат
21 октября 2026
Әлеуметтік қорғау саласындағы заңнама талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылау

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
TikTok
Threads

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы