Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алу құқығы және оны тағайындау шарттары Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі №224-VII «Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексімен» (әрі қарай- Кодекс), 2023 жылғы 27 маусымдағы № 257 «Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшерін есептеу (айқындау), оны тағайындау, төлеу, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау қағидаларымен» белгіленген.
Кодекстің 234 бабына сәйкес, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметті жәрдемақы (әрі қарай - МЭЖ) қайтыс болған асыраушысының асырауында болған еңбекк жарамсыз отбасы мүшелеріне тағайындалады.
Атап айтқанда,
• 18 жасқа толмаған балаларына, оның ішінде асырап алынған балаларына;
• 18 жасқа толғанға дейін мүгедектігі бар адам деп танылған балаларына;
• 18 жастан 23 жасқа дейінгі, күндізгі оқу нысанында білім алатын балаларына құқық беріледі.
Яғни, күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын он сегіз жастан асқан азаматтардың оқу орнын бітіргенге дейін, бірақ жиырма үш жастан асырмай әр түрлі себептермен академиялық демалыста болу кезеңінде де МӘЖ алуға құқығы бар.
Қолданыстағы қағидаларға сәйкес, 18–23 жас аралығындағы білі алушының күндізгі оқу нысанында оқитынын растайтын оқу орнының анықтамасы, оның ішінде академиялық демалыста болған кезеңі көрсетілген анықтама ұсынылады. Анықтама жыл сайын ұсынылады.
Сондықтан студенттің академиялық демалысқа шығуы асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тоқтатуға негіз болып табылмайды.