Көпшілікті «зейнеткерлікке шыққаннан кейін жұмыс істей берсем, зейнетақым азайып немесе қайта есептеле ме?» деген сұрақ қызықтырады.
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес, зейнеткердің жұмысын жалғастыруына шектеу қойылмаған. Яғни, азамат зейнетақы ала отырып, еңбек қызметін жалғастыра алады.
Жұмыс істеу тағайындалған жасына байланысты зейнетақы төлемін тоқтатуға немесе азайтуға негіз болып табылмайды.
Сонымен қатар, зейнеткер жұмыс істеген кезде оның жалақысынан міндетті зейнетақы жарналары ұсталмайды, өйткені зейнеткерлік жасқа толған адамдар міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатылады.
Сондықтан зейнеткердің жұмысын жалғастыруы – оның зейнетақысынан айырылуына себеп емес. Керісінше, еңбек ету азаматқа қосымша табыс алуға мүмкіндік береді.
Еңбек етуге де, зейнетақы алуға да болады!